Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұнды кондитер өнімдері

Автор:   •  Апрель 17, 2018  •  Реферат  •  538 Слов (3 Страниц)  •  2,890 Просмотры

Страница 1 из 3

Жұмыстың өзектілігі. Азық-түлік өнімдері мемлекеттің ұлттың игілігі. Көптеген елдерде таза ас, азық-түлік өнеркәсіп дамуының басым бағыты болып табылады. Қазіргі уақытта халықты сапалы және тағамдық құндылығы жоғары азық-түліктермен қамтамасыз ету қажеттігі жаңа шикізат ресурстарының іздестірілуі мен қолданылуына, солардың негізінде өнімдер ассортиментінің құрылымының жетілдірілуіне себеп болып отыр. Ол үшін  шикізаттар қолданыла отырып, әртүрлі азық-түліктердің, әсіресе ұнды кондитер  өнімдерінің жаңа технологиялары мен рецептураларын жасап шығару қажет.

Ұнды кондитер өнімдері халық арасында кеңінен таралған және кондитерлік өнімдердің жалпы шығарылымының 40%  құрайды. Олар өмірлік маңызды азық-түліктер болып табылмағанымен, кейбір халық топтарының тамақтану рационында белгілі-бір рөл атқарады. Мысалы, балалар мен оқушылар үшін күнделікті рационның жалпы құнарлылығындағы нан мен ұннан жасалған өнімдердің үлесі  35-40% құрайды, печеньелер  балалар мекемелері үшін ұнды  кондитер өнімдерінің негізгі түрлерінің бірі болып табылады.

Алайда ұнды кондитер өнімдерінің негізгі шикі заты ретінде бидай ұны қолданылады да, басқа ұн түрлері аздап қана қолданылады.

Жаңа бағыт бойынша – энергетикалық құндылығы төмен ұнды  кондитер өнімдерінің технологиясы мен рецептурасының жасалуына байланысты өнімнің тағамдық және биологиялық құндылығын арттыратын қоспалар ретінде пайдаланылуы мүмкін алмастырғыштарды іздестіру қажет. Әртүрлі ұн сұрыптарын пайдаланып сұлы печеньесі  өнімдерінің жаңа түрлерінің жасалуы ассортиментті едәуір кеңейтуге, дәстүрлі шикізатты үнемдеуге, өнімдерді витаминдермен, амин қышқылдарымен, минералды және басқа да биологиялық белсенді заттармен байытуға, және онымен ұнды  кондитер өнімдерінің тағамдық құндылығын арттыруға мүмкіндік берер еді.

Алайда бұл жағдайда әртүрлі ұн сұрыптары мен қоспаларды пайдаланған кезде өнімнің тағамдық құндылығы оның құрамындағы негізгі азықтық заттектердің мөлшерімен ғана емес, сондай-ақ тұтынушы ең алдымен көңіл бөлетін дәм, түс және хош иіс сияқты маңызды сапа көрсеткіштерімен анықталады.

ҚР тағам өндірісінің қазіргі уақыттағы негізгі мәселесі өнім ассортиментін ұлғайту, сапасын жақсарту, өндірістегі арнайы қолданыстағы тағамдарды - диеталық, емдік-профилактикалық, витаминдермен, ақуыздармен және басқа да биологиялық құнды компоненттермен байыту. Әсіресе соңғысы ҚР халқының тамақтану структурасында көбіне аз болатын емдік-профилактикалық және қорғаныс қасиетіне ие болғандықтан  өзекті болып табылады.

...

Скачать:   txt (8.1 Kb)   pdf (84.2 Kb)   docx (12.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club