Шашты химиялық бұйралауға арналған преапараттарды іріктеу және оларды жұмсау нормалары
Автор: Anelya Kenzhebek • Апрель 17, 2022 • Курсовая работа • 4,578 Слов (19 Страниц) • 505 Просмотры
Болашақ университетінің жоғары колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Шашты химиялық бұйралауға арналған преапараттарды іріктеу және оларды жұмсау нормалары
Мамандығы: Шаштараз өнері және сәндік косметика
Тобы:
Пәні: Шаш сәнін үлгілеу және көркемдеу
Орындаған: Толғанай Құдайберген
Жетекшісі: Календарьова Күнсұлу
Бағасы:
Қызылорда 2021 жыл
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе......................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
1 – тарау. Шашты химиялық бұйралауға жалпы түсінік.
- Шашты химиялық бұйралаудың пайда болу тарихы.....................................5
- Химиялық бұйралауды орындау кезінде құралдар мен аспаптарды пайдалану............................................................................................................6
- Қазіргі шаштар мен шаштар стилі мен сәні...................................................13
2 – тарау. Шашты химиялық бұйралауға арналған преапараттарды іріктеу және оларды жұмсау нормалары
2.1. Шашты химиялық бұйралауға арналған преапараттарды іріктеу және оларды жұмсау нормалары.........................................................................................16
2.2. Шашты химиялық бұйралауды орындау тәсілін таңдау..............................17
2.3. Химиялық бұйралау алдында шашты қию мен жуу.....................................19
ІІІ. Қорытынды.........................................................................................................24
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................25
І. Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Шаштараз өнерінің тарихы мыңдаған жылдарды құрайды. Шаш сәні алғашқы қауымдық құрылыста киімнен бұрын пайда болған. Бізідң заманымыздың 5 мың жылдығының өзінде адамдар шаш үлгісіне аса назар аударған. Арнайы шаштараздар туралы ақпарат ежелгі Мысырға, одан соң Ежелгі Греция және Ежелгі Римге қатысты. Англияда шаштараздарға 1462 жылы өз гильдиясын құруға рұқсат берілген.
Нәзік жандылардың шаш бояуына түрлі жағдайлар себеп болады: табиғи түс ұнамайды, сыртқы келбетке өзгеріс енгізу құлшынысы, шашқа ақ түсу, шаштың зақымдалуы т.б. Расымен де, жаңа шаш түсі адамды қатты өзгерте алады. Бояу түсі дұрыс таңдалса, көзіңіз жарқырап, беттің реңі біркелкі бола түседі. Сол себептен де, бояу түсін дұрыс таңдауды үйреніп алған жөн. Дүкенге бармас бұрын, айнаға жақсылап қараңыз. Ең бірінші көздің түсін, терінің реңін, шаштың табиғи түсін назарға алыңыз. Мәселен, жылы түстер бетті нәзік әрі албырт етіп көрсетеді. Ал табиғат ажарыңызға қызғылт реңді тарту етіп қойған болса, суық, қоңыр қызыл, құм, күл реңдерді таңдау керек. Бетіңіз жиі қызарыңқырап жүретін болса, аллергияңыз бар болса, шашыңызды ешқашан қызыл реңге (қызғылт-сары, анар, қызыл ағаш т.б) боямаңыз. Теріңіздің түсі ашық, көзіңіздің түсі жаңғақ реңді немесе ашық жасыл болса, алтын, қызғылт, жирен түсті бояулар жарасады. Ашық реңді, көк, сұр көзді адамдарға ақ алтын, күлді, боз реңдер сай келеді.
Шашты ұзақ мерзімге бұйралау — бұл тік шашқа ұзақ уақытқа бұйра немесе бұйра пішін беруге мүмкіндік беретін амалдардың жиынтығы. 1905 жылы неміс шаштаразы Карл Несслер шашты бұйралаудың мүлде жаңа аппараттық тәсілін көрсетті. Бумен және электрмен бұйралау жоғары температурада орындалады, сондықтан оларды қыздырып немесе ыстық ұзақ мерзімді бұйралау деп атайды.
Курстық жұмыстың нысаны: арнайы жеке кәсіптік шаштараздар мен сән салондары..
Зерттеу мақсаты: Шаштараз өнерінің тарихымен таныстыру химиялық шашты бұйралау тәсілдерін және құралдарды қолдану әдістеріне тоқтала отырып, жалпылама түсінік беру.
Зерттеудің міндеті:
- Шашты химиялық бұйралауға арналған преапараттарды іріктеуді үйрету;
- Шашты химиялық бұйралауды орындау тәсілін таңдауды үйрету;
- Химиялық бұйралау алдында шашты қию мен жуу әдістерін толық меңгерту.
Зерттеу құрылымы: Курстық жұмыс екі тараудан, бірінші тарауда үш бөлімнен, екінші тарау үш бөліммен қамтылған. Сонымен қатар кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
ІІ. Негізгі бөлім.
І – тарау. Шашты химиялық бұйралауға жалпы түсінік.
- Шашты химиялық бұйралаудың пайда болу тарихы
Әлемде шаштараз индустриясында төңкеріс жасаған көптеген ірі жаңалықтар бар. Мұндай үлкен өнертабыстарға ұзақ мерзімді тұрақты бұйра шашты жасау жатады. "Тұрақты" сөзі Ұлыбританиядан шыққан. Ағылшын тілінен аударғанда тұрақты "тұрақты"дегенді білдіреді. Шын мәнінде, бұйра шашты бұйралау оның пішінін кесілгенге дейін сақтайды. Шындығында, уақыт өте келе бұйраның серпімділік дәрежесі баяулайды. Алайда, шаш бастапқы тік пішініне оралмайды.
...