Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары

Автор:   •  Ноябрь 30, 2021  •  Лекция  •  112,480 Слов (450 Страниц)  •  658 Просмотры

Страница 1 из 450

 

Тақырыбы

§1. Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары. Алғашқы «ҚТЕ нұсқаулары». Моль, газ заңдары ерітінділерге байланысты сандық есептер

№1

45 минут

Мақсаты

Бейорганикалық қосылыстар кластарының негізгі ұғымдары мен заңдары туралы білімді еске түсіріп, білімді орнықтыруларын қамтамасыз ету. Тақырыпқа сай жаттығуларды орындауда белсенділіктерін, пәнге қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік жасай отырып, алған теориялық білімді практикада тиімді қолдануға үйрету. Сандық есептер шығарта отырып, ой жүйріктігін арттыру, есеп шығаруға, алгоритмдерді тиімді қалдануға машықтандыру. Өзін-өзі реттеп оқуға бағдар беру.

Оқу мақсаты

9.1.1.1 -химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну

Дереккөздер

№1,№6,№9, 2-2, 2-17, 2-20, 2-22. Дқ-3-1, Дқ-4-2, Оәә-1-2

Ұйымдастыру: жаңа әдіс-тәсілдер

  СТО, жеке жұмыс, бірігіп оқимыз.

                       1-2 минут

1-кезең.

«Көпір» тапсырмалары

(оқушылар үйден дайындап келеді)

                                              2-кезең.

Теориясы:

«Білу»

(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай?)

  1. Химия лабораториясында қатаң сақталатын негізгі ережелер, олардың сақталу себептері;
  2. Химиялық элемент ұғымы
  3. Валенттілік ұғымы
  4. Формула құру
  5. Құрам тұрақтылық заңы
  6. Газ заңдары
  7. Зат массасының сақталу заңы
  8. Химиялық реакция типтері туралы теориялық білімді еске түсіру және оларды практикада қолдану.

Теориясы:

«Түсіну»

(Қалай? Неліктен?)

«Миға шабуыл» әдісі  2-3 минут.

  1. Төмендегі реакция теңдеулерін аяқтап, электрондық-баланс әдісімен теңестіріңдер.

SO2 + O2 =

Fe + Cl2 =

N2 + H2 =

Zn + HCl =

Химиялық реакциялардың нәтижесінде жай заттар түзіле ме? Мысал келтіріп, пікірлеріңді дәлелдеңдер.

Реакцияның типін анықтаңдар.

  1. Мына айналымдарды іс жүзіне асырыңдар:

Са → CaO → Ca(OH)2 → Ca(NO3)2 → Ca(NO2)2 [pic 1]

  [pic 2]

                        

    CaCO3        Ca(HCO3)2[pic 3][pic 4]

         

   

            CO2

P → P2O5 → H3PO4 → Ca3(PO4)2 → CaSO4

Практикасы:

«Жинақтау»

(теориялық білімді практикада дәлелде)

                                                                 

  1. Құрам тұрақтылық заңының тұжырымдамасын айтып беріңдер.
  2. Валенттілік дегеніміз не? Түсіндіріңдер.
  3. Авогадро заңының тұжырымдамасын айтып беріңдер.
  4. Зат массасының сақталу заңы туралы айтып беріңдер.

Практикасы:  «Қолдану»

«Бекіту»

(қарапайым тапсырмалар, альтернативті жауаптар ұсыну)

  1. 6,5 г мырыш сұйылтылған тұз қышқылының артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген газдың (қ.ж.) көлемін есептеңіздер.
  2. Массасы 15г натрий мен күмістің қоспасына су құйғанда 2,24л сутек (қ.ж.) газ күйінде бөлінді. Қоспаның құрамындағы мыстың массалық үлесін есептеңіздер.

Практикасы: «Бағалау»

(сабақта алған мәліметтердің өмірдегі маңызы)

  1. Сабақтың сендер үшін қызықты моментері болды ма?
  2. Егер сабақ қызықсыз болса, оның себебі неде деп ойлайсыңдар.
  3. Қай жаттығуды орындау оңайға соқты?
  4. Қай жаттығуды орындау кезінде қиындықтарға тап болдыңдар?

           

 1-2 минут.

                                   3-кезең

Формативті бағалауды суммативті бағалауға айналдыру.

(қорыту)

Оқушылардың сабаққа қатысуы кезінде алған бағаларын есепке ала отырып, қорытынды баға қою.

                    1-2 минут

Үйге

§1, №1-8

Рефлексия:

  1. Еркіндік беру.
  2. Топтық, жұптық жұмысты ұйымдастыру.
  3. Кері байланыс.
  4. Формативті бағалау.

...

Скачать:   txt (701.5 Kb)   pdf (1.7 Mb)   docx (1.8 Mb)  
Продолжить читать еще 449 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club