Тәжірибе бойынша есеп
Автор: mereiiiim • Ноябрь 5, 2021 • Отчет по практике • 2,954 Слов (12 Страниц) • 970 Просмотры
Тәжірибе бойынша есеп | Н 2-5.28.2021 1 баспа 05.01.2021 | [pic 1] |
Мазмұны
КІРІСПЕ........................................................................................................ | 3 | |
1 | Әдебиеттік шолу........................................................................................... | 4 |
1.1 | Химиялық лабораторияда жұмыс жасаудың техникалық қауіпсіздік ережелері....................................................................................................... | 4 |
1.2 | Химиялық ыдыстар және оларды жуу,кептіру әдістері........................... | 5 |
1.3 | Химиялық реактивтер мен жұмыс істеу техникасы................................. | 8 |
2 | Эксперименттік бөлім................................................................................. | 9 |
2.1 | Титриметрия әдісі......................................................................................... | 9 |
2.2 | Лабораториялық жұмыс............................................................................... | 12 |
2.3 | Тұз қышқылын бейтараптау әдісі арқылы анықтау................................. | 12 |
2.4 | Қымыздық қышқыл ерітіндісін дайындау әдісі........................................ | 13 |
2.5 | Күйдіргіш натрий ерітіндісінің концентрациясын анықтау.................... | 14 |
2.6 | Ерітіндідегі тұз қышқылының концентрациясын анықтау...................... | 15 |
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................. | 16 | |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................. | 17 |
КІРІСПЕ
Оқу тәжірибесінің негізгі мақсаты: болашақ химия мамандарын курстың жетекші идеясы-заттардың құрамы,құрылысы және қасиеттерінің арасындағы өзара тәуелділікті ашып көрсету, химияның өмірдегі және Республиканың халық шаруашылығындағы ролі, қоршаған ортаны сақтау ұғымдарын қалыптастыру,тұрмыста және еңбек қызметінде заттарды пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру.
Химия-эксперименттік ғылым. Химиялық реакцияның, химиялық зат туралы білімнің қайнар көзі-химиялық эксперимент.Ол маңызды химиялық теориялар мен заңдарды түсіндіреді, маңызды химиялық үдерістер мен олардың жағдайларын көрсетеді, заттар мен олардың қасиеттерін зерттеуге жол ашады.
Сондықтан химия пәні оқып үйренуде оқу тәжірибесінің маңызы зор. Онда білімгерлер жалпы кәсіптік пәндерді оқу-зерделеу барысында алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітіп және тереңдетеді. Себебі олар химиялық тәжірибелерді өз қолдарымен жасап, көздерімен көргеннен кейін есінде өте жақсы сақтайды және олардың логикалық ойының дамуына ғылыми тәжірибелік-ізденістер жүргізудің әдістемесін үйренулеріне үлкен әсерін тигізеді.
Бұл 6В05314- «Химия» білім беру бағдарламасыны жоғары білімді Химия мамандарын дайындауға бағытталған. Олар химиялық, металлургиялық, мұнай-химиялық, фармацевтік өндірістің мекемелерінде, аналитикалық, экологиялық, кедендік, санитарлық-эпидемиоло-гиялық және сертификациялық қызметтердің өндірістік зертханаларында ұйымдастыру-технологиялық, ғылыми-зерттеу, өндірістік басқару және білім беру салаларында химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеулеріне байланысты заттарды тазарту, зертханада синтездеп алу, олардың құрамына сапалық және сандық сараптамалар жүргізу біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқу тәжірибесі өткізіледі.
Оқу тәжірибесінің мақсаттары мен міндеттері
6B05314-Химия білім беру бағдарламасының студенттерінің оқу тәжірибесі бұл мамандықтың негізгі білім, жоғары кәсіптік білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Тәжірибенің мақсаты мен көлемі 6B05314-Химия білім беру бағдарламасының тиісті мемлекеттік білім беру стандарттарымен айқындалады.
Оқу тәжірибесінің мақсаты:
1) студенттерді кафедраның жұмысымен және химия саласындағы ғылыми зерттеулер тақырыбымен таныстыру;
2) теориялық білімдерін бекітуге, сонымен қатар іргелі және қолданбалы (өнеркәсіптік) химияға кәсіби қызығушылық таныту.
...