Есеп өндірістік тәжірибе бойынша «Тамур» ЖШС
Автор: Daniyar Zhetpisov • Март 16, 2023 • Отчет по практике • 2,976 Слов (12 Страниц) • 278 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С.СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Энергетикалық факультеті
«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы
Өндірістік тәжірибе бойынша
ЕСЕП
Орындаған РЭТ 16-10 топ студенті |
_________Заманова Назерке___________ (Аты - жөні) |
______________ (қолы) |
Тексерген:
Берентаев Б.М (Кәсіпорыннан жетекшінің аты - жөні., лауазымы) |
___________ ______________ (баға) (қолы) |
________________ (күні) |
Берентаев Б.М (Кәсіпорынан жетекшінің аты - жөні., лауазымы) |
___________ ______________ (баға) (қолы) |
________________ (күні) |
Нұр - Сұлтан, 2020
Мазмұны
Кіріспе | 3 |
1 «Тамур» ЖШС компаниясы туралы қысқаша мәлімет және ақпарат жобалары | 5 |
1.1 «Тамур» ЖШС компаниясы туралы мәлімет | 5 |
1.2 Мемлекеттік ақпараттық ресурстар | 6 |
1.3 Тәжірибеде атқарылған жұмыстар туралы мәлімет | 9 |
2 Инфокоммуникациялық технологиялы жабдықтар мен құралдар-дың сипаттамалар мен сұлбалары | 12 |
2.1 Қысқаша ақпарат | 12 |
2.2 OR3 технологиясы | 15 |
2.3 HTTP және SSL стандарт протоколдары | 18 |
Қорытынды | 20 |
Пайдаланылған дереккөздер тізімі | 21 |
Кіріспе
Өндірістік тәжірибе оқу процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол оқу процесінде алған білімдерді бекітуге және кеңейтуге ықпал етеді, кәсіпорын бөлімшелерінде өз бетінше жұмыс істеудің кәсіби дағдыларын игеруге мүмкіндік береді, өндірісті ұйымдастырумен және кәсіпорынның жұмысымен танысуды, еңбек ұжымымен танысуды қамтамасыз етеді.
Мен өндірістік тәжірибемді Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Тамур» ЖШС компаниясында өткіздім. Компанияның қызмет саласы – мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдар үшін ақпараттық жүйелерді әзірлеу. Өндірістік тәжірибенің өту аралығы 06.01.2020- 07.02.2020.
Өндірістік тәжірибенің мақсаты – бұл жұмыс осы кәсіпорында тәжірибеден өту туралы аналитикалық есепті ұсынады.
Осы есептің мақсаты – практикадан өту барысында орындалған жұмыстарға диагностика жүргізу.
Бұл тәжірибе теориялық бiлiмімді бекiтуге және тексеруге, озық технологиялық үдерiстердi игеруге, өндiрiс пен оқу орындардың байланысын күшейтуге, нақты өндiрiстiк жағдайға бейiмделуіме көмектеседi.
«Тамур» ЖШС IT компания болып табылады. Ол негізгі мақсат ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйым. Қазіргі IT технологиялар нарығы пайдаланушыларға ақпаратты алу, өңдеу және тарату үшін түрлі қызметтерді ұсына алады.
IT қызметтеріне толық және бір мәнді анықтама беру өте қиын, себебі бұл ұғым көптеген қатысушылармен күрделі процесс болып табылады. Шын мәнінде бұл кәсіпорындарды ақпаратпен үздіксіз, қауіпсіз және тиімді қамтамасыз етуге бағытталған өнімдер мен қызметтердің белгілі бір жиынтығы.
...