Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Силикатты кірпіштің құрамындағы құмды диатомитпен алмастыру

Автор:   •  Апрель 22, 2018  •  Статья  •  2,183 Слов (9 Страниц)  •  1,193 Просмотры

Страница 1 из 9

Силикатты кірпіштің құрамындағы құмды диатомитпен алмастыру

Аңдатпа. XXI ғасыр жаңа материалдардың даму кезеңі. Қазіргі уақытта құрылыс саласында жаңа материалдарды ойлап табу негізгі мақсаттардың бірі. Соның ішінде жылу өткізбейтін материалдарды жасау. Өндірісте жылу өткізбейтін материалдардың көптеген түрі бар, бірақ олардың жылу өткізгіштік коэффиценті өте жоғары. Біз жылу өткізгіштік коэффиценті төмен, экологиялық таза, қазақстандық өнімнен алынатын материалды жасаудамыз.

 Түйін сөздер: силикаттық кірпіш,  диатомит, жылу өткізгіштік, технология, кірпіш өңдірісі, беріктік, сығылу беріктігі.

Аннотация. XXI век - это этап разработки новых материалов. Одна из главных целей - изобретать новые материалы в строительной отрасли. Включая теплоизоляционные материалы. В производстве много типов теплоизоляционных материалов, но их теплопроводность очень высока. Мы производим материалы с низкой теплопроводностью, экологически чистые и из сырья производимые в Казахстане.

Ключевые слова: силикатный кирпич, диатомит, теплопроводность, технология, производство кирпича, прочность, прочность на сжатие.


Annotation. The XXI century is a stage of development of new materials. One of the main tiles is to invent new materials in the building. Includes thermal insulation materials. In the production of many types of insulation materials, but their thermal insulation is very high. We produce materials with low thermal conductivity, environmentally friendly and from raw materials produced in Kazakhstan.

Key words: silicate brick, diatomite, heat conductivity, technology, brick production, strength, compressive strength.

Кіріспе.

Силикаттық кірпіш – ең көп таралған силикаттық бұйымдар түрі. Оны құрамы 90-92% таза кварцтық құмнан, 8-10% ауалық әктен және 7-9% судан тұратын әк – құмдық  араластан барабандық немесе силостық тәсілмен жасап шығарады.

Силикаттық кірпішті силостық тәсілмен өндіру алты технологиялық негізгі операциялардан тұрады: құм мен әк табиғи тасын шығару; әкті күйдіру; шаралық диірменде күйдірілген қайнама әк тасын ұнтақтау; әктілі-құмдық араласпаны даярлау; кірпішті пресстеп қалыптау; кірпішті-шикіні автоклавта булау. Технологиялық схемадағы маңызды операция – шикізат араласпасынан шикі кірпішті престеп тығыздау. Кірпіштің физикалық-механикалық қасиеті араласпаның тығыздық дәрежесіне тікелей байланысты болады. Сондықтан силикаттық кірпішті қалыптарда пресс қысымдылығын 15-20 МПа дейін жеткізеді. Көпшілігінде кірпішті үш позициялық жартылай автоматталынған револьверлік пресстерде қалыптайды. Позицияларының біреуінде әктілі-құмдық араласымен екі қалып толтырылады, екіншісінде – престелінеді, үшіншісінде – престелінген екі кірпіш итеріліп шығарылады. Автомат-салушымен қалыпталынған кірпіш-шикі вагонеткаға салынып автоклавкаға жөнелтіледі. Әрбір автоклав бірден 12-13 мың кірпіш сидырады. Буландыру процесі жоғарыда аталған сатыда жүргізіліп 10-14 сағатқа созылады. Кірпіштерді автоклавтан шығарылғаннан кейін қоймаға қатарлап жинайды немесе вагондарға және автомашиналарға тиеп тұтынушыларына жөнелтіледі.

МЕСТ 379-79 талабына сәйкес силикаттық кірпіш қысқандағы мықтылық шегі бойынша жеті маркада шығарылады: М300, 250, 200, 150, 125, 100 және 75; аязтұрақтылығы бойынша: F50, 35, 25, 15.

Силикаттық кірпіштің тығыздығы, керамикалық кірпішпен салыстырғанда, бірер шама жоғары – 1800-2100 кг/м3, бірақ олардың жылуқоршағыштық қасиеттері бірдейліктей – 0,82-0,87 Вт/(м°С), ал сусіңіргіштігі - 8-16% (массасы бойынша).[pic 1]

Кесте 1

Силикаты кірпіштің техникалық сипаттамасы ТОО «Силикат-А»

Беріктік маркасы

М-150

Қысу кезіндегі беріктік шегі

165кгс/см2

Иілу кезіндегі беріктік шегі

29кгс/см2

Жылуөткізгіштік коэффициенті

0,7 Вт/мхК

Су сіңіруі төмен емес

7,5%

Аязға төзімділігі

F25 – F50 (25 циклдан аз емес)

Табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігі

69,85 Бк/кг-нан аз емес

...

Скачать:   txt (28.5 Kb)   pdf (638.7 Kb)   docx (448.9 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club