Отчет по практике в школе
Автор: Aida.96 • Апрель 12, 2019 • Отчет по практике • 6,002 Слов (25 Страниц) • 626 Просмотры
Мен Семей қаласының «№17 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ–де 21.01.2019–31.03.2019 жж. аралығында өндірістік іс–тәжірибесінен өттім. ____________күні сағат ______ Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде іс–тәжірибе барысындағы жиналыс өтті. Жиналыс барысында студенттерге іс–тәжірибе күнделігі беріліп, қай мектептерге тағайындалғандарымыз айтылды. Мен «№17 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-ге жіберілдім.
21-қаңтар. Өндірістік іс–тәжірибесінің алғашқы күнінде мектеп ғимаратымен, мектеп ұжымымен және өзіме бөлінген 8 «Ә» сыныбымен таныстым. Мектеп директоры – А.Уйсингазина, завуч – Б.Байжуманова және химия пәні бойынша жетекшілерім – Калиева Г.М. мен Ошимбаева Ж.Ж. және сынып жетекшім – Қалыбаева Майра Базарбекқызымен таныстым. Мектепке барған күні әдіскерімізбен бірге директордың кабинетінде таныстыру өткізілді. Онда мектептің ережелері айтылып, жалпы іс–тәжірибеден өтетін машықкерлерге қойылатын талаптар айтылды. Әдіскеріміз –Онтагарова Динара Рахимовна іс–тәжірибеден өткенде қандай жұмыстар жүргізуіміз керек екенін айтып түсіндірді.
Мектептің жалпы әлеуметтік жағдайы жақсы. Мектептің өз білім беру үдерісіндегі қолданылатын жаңа инновациялармен жоғарғы деңгейде жабдықталған. Жалпы оқушылар саны – 813. Мұғалімдер саны – 72. Оның ішінде жоғарғы санаты – 26. Мектептің жұмыс режимі ІІ ауысым. Жұмыстың негізгі бағыттары – жаратылыстану-математикалық. Әр сынып компьютермен, интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интернет желісі,барлық мүмкіншілік жасалған. Мектептің материалдық базасы бойынша: кабинеті саны –39, жаңа үлгідегі кабинеттер (компьютер, интерактивті тақта және тағы да басқалары), спорт залы, акт залы, асхана, кітапхана, Wi-fi желісі бар. Өзін–өзі басқару органдары мен қоғамдық балалар ұйымдары да бар. Мектеп жанында өзі–өзі басқару ұйымы, яғни «Жас ұлан» ұйымы қызмет атқаруда. Қосымша «Жас қыран» ұйымы жұмыс істеуде.
Одан кейінгі күндері 9 «Ә» сыныбымен жұмыс жүргіздім. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарымен, күнтізбелік жоспарымен, сыныптың әлеуметтік құжаттарымен және сабақ кестесі, қоңырау уақытымен түгелдей таныстық. Күнделікті сабақтарға қатысып, мұғалімнің сабақ беру әдістерін көріп, күнделік толтырдым.
22-қаңтар. Бұл күні сынып оқушыларымен таныстым. Мен өзіме бекітілген сыныппен тез тіл табысып кеттім. Осы күннен бастап барлық сыныптардың химия сабақтарына қатысып бастадым.
Бұл күні 9 «Ә» сыныбының химия сабақтарына қатыстым. Пән мұғалімдерінің сабақ өту әдістерін бақыладым. 8 және 7-ші сыныптар жаңартылған бағдарлама бойынша оқитындықтан осы сыныптардың сабақтарына көп назар аудардым, сабақ өткізу әдістері де, бағалау әдістері де бұрынғы бағдарламадан өзгеше екен.Әр сабақта қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар алынып, kundelik.kz-қа қойылып отырады.Ал әр тарау соңында бөлім бойынша бағалау/БЖБ/ тапсырмалары міндетті түрде алынады. Бұл бағдарлама бойынша әзірге 7-ші және 8-ші сыныптар оқиды,ал 9,10,11 сыныптар бұрынғы бағдарлама бойынша оқиды.
4-ші сабақта 9 «А» сыныбының ал 6-шы сабақта 10 «А» сыныбының химия сабағына қатыстым. 9 «А» сыныбының пән мұғалімі- Ошибаева Ж.Ж ал 10 «А» сыныбының пән мұғалімі- Калиева Г.М, екі мұғалімнің де тәжірибесі өте жоғары деңгейде екені сабақ өткізу әдістерінен-ақ көрініп тұр.
23-қаңтар. Бүгін 2-ші сабақта 7 «А» сыныбының химия сабағына қатыстым. Пән мұғалімі- Ошибаева Ж.Ж. Бүгін «Ерітінділердің қышқылдық, сілтілік орталарын зерттеу» тақырыбы бойынша зертханалық тәжірибе жүргізді.Алдымен оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, индикаторларды көрсетіп түсіндіріп, тәжірибені бастады. Индикаторлардың түстерінің өзгеруін көрсетіп, не себепті олай өзгергендігін, қышқылдық, сілтілік, бейтарап ортада түстерінің қалай өзгеретіндігін түсіндірді.
...