Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Несептің патологиялық компоненттері

Автор:   •  Апрель 11, 2023  •  Контрольная работа  •  1,458 Слов (6 Страниц)  •  325 Просмотры

Страница 1 из 6

№1 Зертханалық сабақ

1.Тақырыбы: Несептің патологиялық компоненттері.

Зертханалық жұмыстар: № 125, 126(2), 127 (1,2), 128 (1), 129 (4)

2.Мақсаты:

Несептің патологиялық компоненттері бойынша алған білімдерін бекіту.

3.Оқыту міндеттері:

1.Несептің патологиялық құрамдас бөліктерін анықтау бойынша зертханалық жұмыстардың нәтижелерін интерпретациялау.

4. Өткізу түрі:

1)Несеп анализаторының жұмыс принципімен танысу. Несеп анализаторының жұмысын демонстрациялау.  Жүргізілген несеп анализінің нәтижелерін интерпретациялау. Хаттама толтыру.

2)Шағын топта жұмыс - №125, 126(2), 127 (1,2), 128 (1), 129 (4) зертханалық жұмыстарды орындау және қорытындылау.

3)Зертханалық сабақтың билеттері бойынша жазбаша бақылау.

5.Зертханалық жұмысты жүргізу үшін тапсырма:

1)Несеп анализаторының жұмыс принципімен танысу. Несеп анализаторының жұмысын демонстрациялау.  Жүргізілген несеп анализінің нәтижелерін интерпретациялау. Хаттама толтыру.

2)Шағын топта жұмыс. Студенттер несептің патологиялық құрамдас бөліктерін ашу бойынша №125, 126(2), 127 (1,2), 128 (1), 129 (4) зертханалық жұмыстарды орындайды.

№ 125-ЖҰМЫС. Несептегі нәруызды анықтау

  1. Сульфосалицил қышқылымен реакция. Құрамында нәруыз бар несепке сульфосалицил қышқылымен реакция жасалады. (№12 жұмысты қараңыз)

№12-жұмыс. Органикалық қышқылдардың әсерінен нәруыздың тұнбаға түсуі.

Принципі: Әдіс органикалық қышқылдардың нәруыздарды дегидратациялау арқылы нәруыздың кеңістіктік құрылымын денатурациялау қабілетіне негізделген.

Анықтау әдісі: Екі пробирканың әрқайсысына 5 тамшыдан 1% жұмыртқа нәруызының ерітіндісінен тамызады; бірінші пробиркаға 2 тамшы 10% үш хлор сірке қышқылын, ал екіншісіне 1 тамшы 10% сульфосалицил қышқылын тамызады. Екі пробиркада да нәруыздың ақ тұнбасы пайда болады.

Пробиркалар

№1

№2

Реактивтер

1% жұмыртқа нәруызы ерітіндісі

5 т

5 т

10% үш хлор сірке қышқылы (ТХУ)

2 т

-

10% сульфосалицил қышқылы ерітіндісі

-

1 т

Реакция нәтижесі

 ССl3СООН нәруыздарға өте сезімтал және арнайы реактивтер және биологиялық сұйықтықтарда (несепте, экссудатта) нәруыздың бар екенін дәлелдеу үшін клиникалық практикада кеңінен қолданылады. [pic 1]

Сульфосалицил қышқылы

  1. Азот қышқылымен реакция. Құрамында нәруыз бар несепке азот қышқылымен  реакция жасалады. (№10жұмысты қараңыз)

№10-жұмыс. Минералды қышқылдар әсерінен нәруыздарды тұнбаға түсіру.

Принципі: Әдіс концентрлі бейорганикалық қышқылдардың нәруыздарды дегидратациялау (гидратты қабатын жоғалту), одан кейін денатурациялау қасиетіне негізделген.

Анықтау әдісі: 3 пробиркаға 10-15 тамшы концентрлі тұз, күкірт және азот қышқылдарын құяды. Пробирканы 450С- қа еңкейтіп, қышқылға бірдей мөлшерде 1%нәруыз ерітіндісін пробирканың қабырғасы арқылы араластырмай қабат түзетіндей етіп құяды. Осы екі сұйықтықтың шекарасында тұнбаға түскен ақ нәруыз сақинасы байқалады. Қоспаны шайқаса күкірт және тұз қышқылдары бар пробиркадағы нәруыз тұнбасы еріп кетеді де, ал азот қышқылы бар пробиркадағы тұнба өзгермейді.

Пробиркалар

№1

№2

№3

Реактивтер

HCl

10 т

-

-

H2SO4

-

10 т

-

HNO3

-

-

10 т

1%нәруыз ерітіндісімен қабат түзу

10 т

10 т

10 т

Реакция нәтижесі

Химизмі: Минералды қышқылдар әсерінен нәруыздардың гидраттық қабығының жоғалуына байланысты (тұрақтылық факторларының бірі) нәруыз тұнбаға түседі. Бұл нәруыздардың құрылымын тұрақтандыратын сутектік байланыстың бұзылуына әкеледі. Жоғары температураның әсерінен нәруыздардың шөгуі де дәл осы механизмге негізделген.

Минералды қышқылдарды нәруыз ерітіндісіне қосқанда ортаның рН-ң күрт өзгеруіне әкелуі мүмкін, бұл нәруыз молекуласының зарядын бейтараптандыруға әкелуі мүмкін. HCl мен H2SO4 мөлшерінің артық мөлшері нәруыздың қайта зарядталуына байланысты тұнбаның еруіне әкеледі. NNO3 қайта зарядталуға кедергі келтіретіндіктен, НNO3 артық мөлшерінен тұнба ерімейді. Сондықтан HNO3 –мен реакция клиникалық зерттеулерде қолданылады.

...

Скачать:   txt (21.5 Kb)   pdf (159.2 Kb)   docx (569.6 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club