Мырышты дистилляциялық әдіспен алу
Автор: KKKAAA • Март 6, 2018 • Реферат • 6,770 Слов (28 Страниц) • 1,193 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 МЫРЫШ ЭЛЕМЕНТІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 4
1.1 Мырышты дистилляциялық әдіспен алу 4
1.2 Қара мырышты рафинирлеу 7
1.3 Мырыш концентраттарын күйдіру 8
1.4 Өртендіні ерітінділеу 9
1.5 Сульфатты мырыш ерітінділерін тазарту 12
1.6 Мырышты электролиттік тұндыру 13
ҚОРЫТЫНДЫ 17
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 18
КІРІСПЕ
Мырыш темірдің антикоррозиялық қаптамасы ретінде, электрлік батареялар дайындауда, цианидті ерітінділерден алтын мен күмісті тұндыру үшін, мыс және басқа да металдармен қорытпалар өндіру үшін қолданылады.
Кейбір ежелгі монеталар, мүсіндер мен әшекейлердің құрамында көп мөлшерде мырыш кездеседі. Бірақ осы металдың өнеркәсіптік өндірілуі XVIII ғасырда ғана басталды. 1740 жылы Англияда алғашқы дистиляциялық зауыт өз өнімін шығара бастады, ал ғасырдың аяғына қарай мырыш зауыттары Бельгия, Германия, Испания мен Голландияда пайда бола бастайды. Америкада мырыш өндіретін кәсіпорындар шамамен 100 жылдан кейін пайда болды. XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басында мырыш металлургиясы тез қарқынмен дами бастады.
1915 жылға дейін мырыш тек күйдірілген концентрат пен тотықсыздандырғыш қоспасынан дистиляциялап, металл буларын конденсациялауға негізделген пирометаллургиялық әдіспен ғана өндіріліп келген. 1915 жылдан кейін күйдірілген концентратты күкірт қышқылының әлсіз ерітіндісімен өңдеп және сульфатты ерітіндіден металды электролитті тұндыруға негізделген гидрометаллургиялық әдіс тез таралып, қазіргі кезде мырыш өндірісінде негізгі әдіс болып табылады
1 МЫРЫШ ЭЛЕМЕНТІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Мырыш өндіруде қолданылатын минералдардың саны көп емес. Олар негізінен сфалерит ZnS, смитсонит ZnCO3, каламин Zn2SiO4·H2O. Басқа минералдар сирек кездеседі және өндірістік маңызы жоқ. Табиғатта мырыш қорғасын металлургиясында келтірілген полиметалды қорғасын кендерінде кездеседі. Полиметалды қорғасын кендерінен флотациялық байыту арқылы мырыш концентратын алады, оның құрамы: 47-60% Zn, 1,5-2,5% Pb, 3,5% дейін Cu, 3-10% Fe, 0,5% дейін Cd және 29-33 S. Мырыш концентратының минералдық құрамы, %: ZnS -70,3; PbS-5,2; CuFeS2 – 3,1; FeS2, cиликаттар мен карбонаттар -10,1.
Тотыққан никель кендерінен флотациялай алынған мырыш концентратында мырыш негізінен смитсонит және каламин түрінде болады.
1.1 Мырышты дистилляциялық әдіспен алу
Мырышты өндірісте пиро- және гидрометаллургиялық әдістермен алады. Пирометаллургиялық әдіс мырышы бар материалдардан мырышты айдау (дистилляция) арқылы алу. Мырышты айдау әртүрлі қондырғыларда жүргізіледі.
Горизонтальды мойнақта айдау
Мырыш концентраты алдымен тотықтыра күйдіріледі, ол кезде сульфидтер оксидтерге дейін тотығады:
2ZnS + 3O2 =2ZnO + 2SO2 (4.1)
2PbS+ 3O2 = 2PbO + 2SO2 (4.2)
2Cu2S + 3O2 = 2Cu2O + 2SO2 (4.3)
CdS + 3O2 = 2CdO + 2SO2 (4.4)
Күйдірілген концентрат иайда кокспен араластырылып мойнаққа (реторта) тиеледі де, горизонтальды пешке орналастырылады. Пеште температура 14000С деңгейінде ұсталады. Мойнақта келесі реакциялар жүреді:
ZnO + C = Zn + CO (4.5)
...