Иіру өндірісіндегі жаңа техника мен технологиялар
Автор: Aya_02 • Октябрь 5, 2022 • Реферат • 3,213 Слов (13 Страниц) • 302 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра: Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және материалтану
СӨЖ
Тақырыбы: Иіру өндірісіндегі жаңа техника мен технологиялар
Студент _Садуақас Аяжан _Ғалымжанқызы__
(аты-жөні)
Курс ________3_________
Топ ________6В07116-МТН_ЛП__________
Оқытушы Сарыбаева Эльмира Ермековна
(аты-жөні)
Тараз 2022ж.
Мазмұны:
Кіріспе………………………………………………………………………………..1
Негізгі бөлім:
- G 35 сақиналы иіру машинасы…………………………………………........ 2
- G 35 иіру машнасының үнемділігі…………………………………………...3
- G 35 иіру машинасының сапасы……………………………………………..4
- Өндіріс техникасындағы опциялары………………………………………..4
Қорытынды………………………………………………………………………..12
Пайдалынған әдебиеттер………………………………………………………...13
Кіріспе
Жүн саласы, текстиль өнеркәсәбінің маңызды салаларының бірі болып табылады. Сала кәсіпорындарында таза жүннен және химиялық талшықпен қоспасында иірімжіп, мата және басқа да бұйымдар өндіріледі. Бұл сала әртүрлі техникалық және арнайы маталар, киіз және фетр бұйымдарын, беймата материалдарын шығарады. Жүн саласының алдында, техникалық прогрессті дамыту есебінен жоғары сапалы жүн маталарын шығару тапсырмалары тұр. Ол үшін аппаратты созбаны және тарақты иірімжіпті дайындауға арналған автоматтандырылған ағынды сызықты, жоғары өнімділікті кардты тарау және тарақты тарау машиналарын, созбаны автоматты реттегіші бар таспа машиналарын, жаңа созба машиналарын, пневомеханикалық және өзіндік ширататын иіру машиналарын, қосарлы ширатымдағы ширату машиналарын, орау автоматтарын және еңбек шарттарын, өнімділікті жоғарылататын құрал-жабдықтарды енгізу болып табылады.Жгутты химиялық талшықтарды қолдану және ЛРШ-70-кесіп-штапельдеу машинасында оларды қайта өңдеу, құрамында (лавсан, нитрон және т.б.) синтетикалық талшықтары бар жартылай жүнді иірімжіптерді дайындау кезінде табиғи жүнді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Химиялық талшықтарды пайдалану жүн маталарының ассортиментін және шикізат базасын кеңейтеді. Жүн иірімжібін иірудің үш жүйесі бойынша өндіріледі: аппаратты, тарақты және жартылай тарақты.Аппаратты жүйеде қоспа талшықтарын тарау, кардты тарау машинасында, ал өнімнің жұқаруы созба кареткаларында және жеке созу процесінде иіру машинасының созба аспабында жүзеге асырылады.
Иірудің тарақты жүйесінде жүнді тарау кардты тарау және тарақты тарау машиналарында, өнімнің жұқаруы – созу аспаптарында жүзеге асырылады.Жүннің жіңішкелігіне байланысты иірудің тарақты жүйесін жіңішке талшықты өңдеуге арналған жіңішке тарақты және ұзындығы 55 мм-ден 110мм-ге дейінгі салыстырмалы қысқа жартылай жіңішке жүн және ұзындығы 130мм-ден аспайтын дөрекі жүнді, ұзын жартылай жіңішкелі, жартылай дөрекілі жүнді қайта өңдеуге арналған дөрекі тарақты жүйе болып бөлінеді.Өзіміздің елімізде тек иірудің жіңішкетарақты жүйесі ғана қолданылады. Дөрекі тарақты жүйесі тек кроссбред жүнін өңдеу үшін шет мемлекеттерде қолданылады.Кроссбред типтес ұзын жүнді (өз елімізде шығарылатын), сонымен қатар шетелдің кроссбред және шығыстың жартылай жүнінің химиялық талшықтармен қоспасында иірудің кардты жүйесі қолданылады. Бұл жүйе бойынша техникалық маталарға және кілем бұйымдарына арналған үлкен сызықтық тығыздықтағы (50-ден 500 текс дейін) иірімжіптер өндіріледі. Бұл жүйедегі жүннің таралуы кардты тарау машиналарында, ал өнімнің жұқаруы, таспа, созба және сақиналы иіру машиналарының созу аспаптарында жүзеге асырылады.
...