Газ күйінің негізгі параметрлері
Автор: aizhan3098 • Март 4, 2019 • Реферат • 366 Слов (2 Страниц) • 2,554 Просмотры
Газ күйінің негізгі параметрлері.
Газды ағын күйін сипаттайтын көрсеткіштер термодинамикалық параметрлері деп аталады. Жұмыс денесінің негізгі параметрлеріне қысым, температура және меншікті көлем жатады.
- Қысым деп –газ құрайтын көптеген майда бөлшектердің (атомдар, молекулалар, иондар) осы газбен жанасатын қабырға бетіне түсіретін күшін айтады. Қысым СИ бірлігі жүйесінде «Р» әрпімен және «Па» өлшем бірлігімен белгіленеді.«Па» өлшемі үлкен аралықта болғандықтан кПа «килопаскаль», МПА «мегапаскаль», мПа «миллипаскаль» деген өлшемдерді пайдаланады.
Газды денелердің қысымы келесі құралдармен өлшенеді:
- Манометр (артық қысым);
- Барометр (атмосфералық қысым);
- Вакуумметр (сиретілген қысым).
Сонымен қатар газ қысым осы газбен жанасатын сұйықтықпен де өлшенеді. Бұл үшін V – тәрізді түтікшені қолданады. Түтікшенің ішіне сынап толтыратын болсақ, ондагаз қысымы «мм сынап бағанасымен» өлшенеді, ал егер сумен толтыратын болсақ, онда газ қысымы «мм су бағанасымен» өлшенеді.
- Температура деп – газ құрайтын көптеген майда бөлшектердің (атомдар, молекулалар, иондар) кинетикалық қозғалу энергиясының шамасын білдіреді, яғни дененің қыздырылу дәрежесі. Температураны термометрмен, пирометрмен, термопара құралдарымен және т.б. өлшейді.
СИ жүйесінде екі температуралық шкаланы қолданады:
- Термодинамикалық, К (Кельвин);
- Халықаралық практикалық, оС (Цельсия)
Термодинамикалық температурамен практикалық температураның айырмашылығы келесі теңдеумен анықталады:
Т – t = 273,16 – 0,01 = 273,15 K
T = t + 273,15 K
- Меншікті көлем деп– 1 кг газды дененің қалыпты жағдайда алатын көлемін айтады. СИ жүйесінде меншікті көлем V = м3/1кг ≈ м3
Меншікті көлемнің кері көрсеткіші газды ағынның тығыздығы деп аталады. ρ = кг/м3
...