Сорғыштардың негізгі параметрлері: өнімділігі, қысымы, энергия шығыны
Автор: A Umurzakova • Май 3, 2023 • Реферат • 2,040 Слов (9 Страниц) • 177 Просмотры
Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министірлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Химия факультеті Органика және полимерлер кафедрасы
Реферат
Пәні: “Химия фармацевтикалық өндірісінің процестері мен аппараттары”
Тақырыбы: “Сорғыштардың негізгі параметрлері: өнімділігі, қысымы,
энергия шығыны.”
Орындаған: 3 курс ТФП-313 тобының студенті
Исмайлова Кумуш Нодирқызы
Қабылдаған: Органика және полимерлер
кафедрасының оқытушысы
Насихатұлы Ермауыт
Қарағанды қаласы 2023
Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................3 |
Негізгі бөлім.................................................................................................................4 |
2.1 Сұйықтарды алмастыру........................................................................................4 |
2.2 Сорғыштардың түрлері.........................................................................................4 |
2.3 Көлемдік насостар.................................................................................................5 |
2.4 Центрден тепкіш насостар....................................................................................5 |
2.5 Құйынды насостар.................................................................................................6 |
2.6 Монтежю................................................................................................................7 |
2.7 Ағынды насостар...................................................................................................8 |
Қорытынды...................................................................................................................9 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................10 |
Кіріспе
Қазіргі таңда əлемнің барлық елдері өз энергетикасы барынша тұрақты əрі қауіпсіз болып, климаттың өзгеру тəуекелдері жəне салдарларын еңсере алуы үшін ортақ жауапкершілікте екенін түсіне бастады. Əлемдік энергетиканы дамытуда маңызды шарттардың бірі қазіргі күні өндірісте, сондай-ақ энергияны тұтыну кезінде энергия тиімділігі концепциясы болып табылады. Осы концепцияны қалайша неғұрлым жақсы əрі тиімді етіп іске асыруға болады? Бұл жерде озық технологиялар мен инновациялар, қоғамның əрбір мүшесінің энергиялық жəне ресурстық тиімділікке үлес қосу қажеттілігін түсінуі маңызды. Жақын болашақта энергия тиімділігі шараларын, жаңғыртылатын энергия көздерінің көптеген түрлерін, энергияны сақтау технологияларын, атом энергетикасын, жаңа көлік технологияларын жəне қазып алынатын отынды барынша тиімді пайдалану технологияларын кең ауқымда ендіру қажет етіледі. Сонымен қатар ұлттық ауқымда энергетикалық инфрақұрылымды түбегейлі өзгерту жəне энергияны соңғы тұтыну жабдығын ауыстыру күрделі əрі қымбат тұратын іс-шара болып табылады. Шектелген ресурстардың қысқа мерзімде үлкен ықпал ететін жəне ұзақ мерзімді жақсартуларға негіз болатын едəуір басым салаларға бөлінуі үшін, мұқият жоспарлау жəне технологияны таңдау кезінде дұрыс бағалау қажет етіледі.
Түпкі мақсат – энергия тиімділігін арттыруды концепцияға ғана емес, шындыққа айналдыру. Энергия тиімділігі бағыты бойынша білікті кадрлар дайындау энергетикалық сектордағы қауіп-қатерлерді еңсеруде ерекше маңызға ие болып келеді.
Қазіргі таңда энергетик-мамандар əлемдік энергетиканың даму трендтерінің саны жағынан келісе алмай отыр, бірақ үш негізгі үрдіс жақсы байқалады:
- дəстүрлі, жаңартылмайтын энергия көздерінен алшақтау жəне жаңаратылатын энергияны қарқынды дамыту – күн, жел, гидро- , биоэнергетика жəне басқа түрлері;
...