Газды фракциялау қондырғысын жобалау және қондырғының негізгі аппаратын есептеу
Автор: Zhansaya1998 • Октябрь 28, 2018 • Реферат • 5,184 Слов (21 Страниц) • 1,888 Просмотры
КІРІСПЕ
Мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнеркәсібі ауыр өнеркәсіптердің жетекші салаларының бірі болып табылады. Соңғы жылдары мұнай өңдеу айтарлықтай қысқарды.
Мұнай өңдеу өнеркәсібінің алдына мұнайды тиімді пайдалану және оны арттыру, қамтамасыз ету одан әрі жақсарту, қайта өңдеу міндеттері қойылды.
Мұнайдан көбірек ашық түсті мұнай өнімдерін алу мақсатында, қазіргі уақытта өңдеу тереңдігін ұлғайту мұнай шикізатының көмегімен әртүрлі термиялық және химиялық әдістер ерекше рөл атқарады. Мұнай өңдеудегі кең қолданыс газ. Газ хладагент, отын ретінде қолданылады.
Мұнай өңдеу зауыттары газдарының қоры зауытта мұнайды өңдеу тереңдігіне байланысты; терең өңдеуде газды тиімді пайдаланудың экономикалық маңызы зор. Газ фракцияларын өңдеу бағыты зауыт бағытына байланысты, көбінесе мұнай өңдеу продестері мұнай - химия мономерлері дайындаумен (көп пропиленді, присадкаларды алумен) байланысты.
Мұнай газдарыныың шығу тегіне байланысты оларды табиғи, ілеспе және жасанды деп бөледі.
Табиғи газ жер қойнауынан алынады, ілеспе газ – мұнаймен бірге ілесіп шығады.
Жасанды газдар каталитикалық және термиялық әдістермен мұнайды өңдеуде түзіледі. Газдарды әртүрлі әдістермен алу кезінде олардың құрамы бір-бірінен айрықшаланып тұрады. Термиялық процесс және каталитикалық крекинг газдарда қанықпаған газдар белгілі бір көлемде кездеседі, ал каталитикалық риформинг, гидротазалау, гидрокрекингтерде олар мүлде кездеспейді.
Қазіргі заманауи технологиялық қондырғыларда газдарды біріншілік өңдеу блоктары қарастырылған. Бұл блоктарда газдарды күкіртсутегінен тазалау жүреді, сонымен қатар, сұйық көмірсутекті газдар түрінде С3 және С4 көмірсутек газдары бөлінеді.
Тақырыптың өзектілігі: Газды фракциялау қондырғысының негізгі мақсаты – мұнай зауыттық газдардан индивидуалды жеңіл көмірсутектерін немесе тазалығы жоғары көмірсутекті фракцияларды алу.
Процестердің келешегі жабдықтарды жаңарту, өнімдердің сапасын жақсарту, энергия сыйымдылығын төмендету болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Газды фракциялау қондырғысын жобалау және қондырғының негізгі аппаратын есептеу.
- газды фракциялау қондырғысын әдеби талдау;
- газды фракциялау қондырғысының технологиялық сұлбасын талдау;
- газды фракциялық қондырғысына есеп жүргізу және негізгі аппаратты таңдау және оны графикалық безендіру.
1. Әдеби шолу
1.1 Газдардың сипаттамасы
Мұнай шикізатын құрылымын өзгертіп өңдеудің барлық процестері көмірсутектері газдар түзілумен жүреді. Бұл газдардың шығымы шикізатқа есептегенде орташа 5-25 % - ды құрайды. Қазіргі озық мұнай өңдеу зауыты жылына 12 млн. тонна мұнайды терең өңдегенде шамамен 1 млн. тонна (яғни, 8% (масс.) жоғары) газ көмірсутектерін береді. Құрылымын өзгертіп өңдеу процестерінің арасынан пиролиз процесі ерекше орын алады, онда олефиндерге өте бай газ өнімдері шығады. Мұнда этиленді, пропиленді және бутилен-бутадиен фракциясын бөлгеннен кейін газдың қаныққан бөлігі қалады, оны, негізінен, қайта пиролизге айналымға немесе газ бөлу қондырғысына жібереді.
Мұнай шикізаттарын негізгі каталитикалық процестермен өңдеуде газ шығымы едәуір жоғары: каталитикалық риформинг шикізатқа есептегенде 10-20% (масс.) газ (сонымен бірге, 1-ден 2%-ға дейін сутегіні) береді; каталитикалық крекингте газ шығымы 12-15%-ды (масс.) құрайды. Кесте 1.2-де мұнайды алғашқы және құрылымын өзгертіп өңдеу процестері газдарының құрамы берілген.
Сутегінің қатысуымен қысыммен жүретін процестерде (риформинг, изомерлеу, гидрокрекинг, гидротазалау) газдар құрамында қанықпаған көмірсутектері іс жүзінде болмайды, ал термиялық және каталитикалық крекинг процестерінің газдар құрамында қанықпаған көмірсутектері көп (50% -ға дейін) болады, олардың мөлшері процестің технологиялық режиміне және катализатор табиғатына байланысты.
...