Пиролиз қондырғысының техника-экономикалық есептеулері
Автор: ursau • Май 4, 2023 • Курсовая работа • 3,805 Слов (16 Страниц) • 209 Просмотры
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Факультеті: Жаратылыстану
Кафедра: Химия және химилық технология
Жоба
Тақырыбы: Пиролиз қондырғысының техника-экономикалық есептеулері
Мазмұны
КІРІСПЕ
- ПРОЦЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР
- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР
3.1 Капиталды салымдар және амортизациялық аударымдар есебі
3.2 Өндірісті ұйымдастыру және жұмыс уақытын балансын анықтау
3.3 Жобаланатын өндірістің қызметшілер санын есептеу
3.4 Жұмысшылар жалақысының жылдық қорын есептеу
3.5 Өнімнің өзіндік құнының есептелу калькуляциясы
- Жобаланатын өндірістің рентабелділігі
- ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
- ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстанның мұнай саласы-еліміздің экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады.Қазақ мұнайы елімізде әлемдегі үлкен экспортты елдердің қатарына қосты.Мұнай-байлық,үлкен қазына.Кейінгі жылдары орасан зор қарқынмен дамып келе жатқан мұнай саласы Қазақстанның әлемдік қоғамдастағы рөлін көрсетті.
Қазақстанның табиғи ресурстарын тиімді басқарудағы бағыттардың бірі-шиказатты,соның ішінде көмірсутек шикізатын кешенді өңдеудің инновациялық өндірістерін құру болып табылады.
Энергетикалық ресурстар мүмкіндігін барынша пайдалануды,өзіндік құны жоғары мұнай-химия өнімдерін шығаруды қамтамасыз ететін,өзара байланысты өндірістерді құру-көшбасшы инвестициялық жобаларда көзделген,оларды іске асыру Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілетті болып дамуын қамтамасыз етеді.
Қазақстанның мұнай саласы-Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады.Ғарыштық түсірілімдер мен жерде жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша,Каспий теңізінің солтүстік аймағында мұнай қоры 3-3,5 млрд.тонна,газ қоры 2-2,5трлн.м³ құрайды.Қазіргі уақытта республикада Теңіз,Қаламқас,Қарашығанақ,Өзен,Жаңажол,Кенқияқ және тағы бірқатар ірі мұнай кен орындары іске қосылған.
Республиканың басқа ірі мұнай-газ аудандары Оңтүстік Маңғыстау-Үстірт ойпаңы және көтерілімі.Мұнда сұйық көмірсутегі қорының 56%-на жуығы кездеседі.Атырау-75,6%,одан кейін Ақтөбе 9,1% қорға ие.
Мұнайдың дүниежүзілік барланған қоры-306 млрд.тонна.Оның 95 млрд.тоннасы-өндірістік өндірілетіні.Мұнай кен орындарының әлемдегі елдердеал және аймақтарда орналасуы біркелкі емес.Жер шарында барланған 10 мың мұнай және газ кен орындары бар.Оның ішінде 1500 мұнай және 400-ден астам газ кен орындары біздің елде ашылған.
Республикадағы үлкен мұнай қоры мен техникалық-экономикалық көрсеткіштері мұнайды өндірудің көлемін күрт өсіруге мүмкіншілік береді.Қазіргі уақытта Қазақстан жылына 50 млн.тонна мұнай өндірді.Мұнай өнімдерін қазіргі уақытта сан алуан мақсаттар үшін пайдаланады.Мұнайды ішкі қолдану 20-25 млн.тоннаны құрайды.
ҚР Сараптау агенттігінің мәліметі бойынша ТМД елдерінің мұнай өндірушілерінің ішіндегі Қазақстан Ресейден кейінгі екінші орында тұр,ал 90 мемлекет кіретін әлемдік бірлестіктің алғашқы 30-ына кіреді.Қазақстанда мұнай өңдеу 1945 жылы алғашқы рет басталды.Қазіргі уақытта республикада үш мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істейді.Бұл зауыттарда дайын мұнай өнімдері алынады.Оларға:Атырау,Шымкент,Павлодар мұнай өңдеу зауыттары жатады,олардың жалпы қуаты жылына 19,4 млн.тоннаны құрайды.
Мұнайдан отын алумен қатар,қазіргі кезде мұнайды көптеген тұрмыстық заттар алуда бастапқы зат ретінде қолданады.Онымен өндірістің арнаулы саласы мұнай-химия өнеркәсібі айналысады.Химиялық өнеркәсіпте мұнайды дұрыс қолдану арқылы көптеген заттарды мұнайдан жетілдірілген процестер арқылы бөле отырып,алынған заттарды фармацевтика,бояу,машинажасау,авиация,жеңіл өнеркәсіп және т.б бірқатар салаларда пайдаланылады.
1.ПРОЦЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР
Технологиялық схема сипаттамасы
...