Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биогенді S-,P- ,D- элементтер және олардың биологиялық маңызы

Автор:   •  Январь 18, 2021  •  Реферат  •  7,383 Слов (30 Страниц)  •  936 Просмотры

Страница 1 из 30

Қазақстан Ресей медицина университеті

Реферат

Тақырыбы: Биогенді S-,P- ,D- элементтер және олардың биологиялық маңызы

Орындаған: Құрманбек Жалғас

Алматы 2020 жыл

1.Кіріспе

Биогенді элементтер

2. Негізгі бөлім
2. S.элементтері
2.1. ІА тобының элементтері
2.2 ІІА тобының элементтері
1. Р.элементтері
1.1. ІІІА тобының элементтері
1.2. ІVА тобының элементтері
1.3. VА тобының элементтері
1.4. VІА тобының элементтері
1.5. VІІА тобының элементтері
2. D.элементтері
2.1. ІВ тобының элементтері
2.2. ІІВ тобының элементтері
2.3. VІВ және VІІВ тобының элементтері
2.4. VІІІ топтың элементтері

3. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

S.элементтері

ІА элементтерінің жалпы сипаттамалары. Элементтердің физикалық және химиялық қасиеттері. Оксидтері, гидроксидтері, алынуы, қасиеттері

I топтағы IA және IВ топша элементтерінің бір-бірінен химиялық қасиеттерінде айырмашылықтар үлкен. IA топшадағы Li элементі қалған сілтілік металдардан бөлектeу. Ол Mg-мен диагоналдық ұқсастықта (Диагоналдық ұқсастық Na мен Ca арасында да бар).

Э−1е-→Э+

J (иондану энергиясы), эВ:

5,39Li; 5,14Na; 4,34 K; 4,18 Rb; 3,89Cs.

3Li )2 )1 1s22s12p, p-орбиталда электрондар жоқ, соңдықтан басқа IA топша элементтерінен айырмашылықта. Бұл элементтердің тотығу дәрежелері +1. Тек Li ғана комплекс түзгіш қасиет көрсетеді. Осы қасиеті бойынша оның электродтық потенциалы -3,02в екендігі түсіндіріледі, яғни литийдің аква қосылысы [Li(H2O)4]өте берік. Li+ − литий катионы гидратациясының энтальпиясы жоғары (ΔН0298= −468,6кДж/моль). Оттегімен тотыққанда тек литий Li2О түзеді, ал қалған I A топша металдары пероксидтер, супероксидтер түзеді. Ауада тотыққанда тек литий оксидімен қатар, нитридін де (Li3N) түзеді. Тек литийдің ғана фториді, карбонаты, фосфаты суда нашар ериді. Тек Li магний сияқты литийорганикалық қосылыс түзеді.

Кездесуі, алынуы. Жер қыртысында литий мөлшері 3,4х 10-3%, көптеген минералдарда, көмірде, теңіз суында, тірі ағзалар мен өсімдік құрамында кездеседі. Өңдірістік минералы LiAl[Si2O6]- полисиликат, сподумен.

Аса таза литийді балқымасының электролизінен алады:

LiCl балқыма эл-з Li+СІ2. Сонымен бірге оны сподуменнен немесе оксидінен АІ (Si) тотықсыздандырғыштарын қолданып алады.

Физикалық және химиялық қасиеттері: ақ жылтыр металл, ауада Li2О мен Li3N қабаттарымен жабылып тұрады, сұр түсті болады. Ең жеңіл металл, жұмсақ, иілгіш, 00С температурада ρ=0, 54 г/см3. I A металдары ішіндегі қайнау және балқу температурасы ең жоғары: 13270С және 180,50С. Химиялық активтігі IA металлдар ішіндегі ең төмені, себебі 2s1 электроны ядроға жақын, соңдықтан берік байланысқан. Литийдің суда еру реакциясы

2Li + 2H2O→2LiOH+Hбаяу жүреді. Литий ауада жанғанда

Li + O2(N2)→бөлмеt0 Li2O,Li3N оксидпен қатар нитрид түзіледі.Температура 2000C – ден жоғары болса, жанады. Галогендермен, сутегімен, күкіртпен бөлме температурасында әрекеттесіп, стехиометриялық қосылыстар түзеді:

Li +Г2→ LiГ; Li + H2,S → LiH2, Li2S.

Қосылыстары: Li2O оксидте ионды байланыс, ол негіздік оксид. Литий оксиді суда жақсы ериді, қышқылдармен әрекеттеседі:

Li2O+қышқыл→ тұз +су; Li2O+ H2O→ 2LiOH; Li2O + қышқылдық оксидтер → тұз түзіледі, мысалы Li2O+СО→ Li2СО3;

...

Скачать:   txt (96.1 Kb)   pdf (297.3 Kb)   docx (603.1 Kb)  
Продолжить читать еще 29 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club