Аналитикалық химияның негіздері, жіктелуі. Гравиметриялық талдау, түсініктері
Автор: KamilaD • Сентябрь 21, 2021 • Реферат • 2,170 Слов (9 Страниц) • 786 Просмотры
- 2 Дәріс - Аналитикалық химияның негіздері, жіктелуі. Гравиметриялық талдау, түсініктері. Тағам өндірісінде қолданылуы.
Жоспар:
- Аналитикалық химияның негіздері, жіктелуі
- Гравиметриялық талдау:
- Гравиметриялық талдау әдісінің негізі
- Тұндыру әдісі: орындау техникасы, тұнбаларға қойылатын талаптар
- Гравиметрия әдісінің қолданылуы.
- Құрғақ заттар және ылғалдық
- Судың белсенділігі
Аналитикалық химия – заттың құрамдас бөліктерін және олардың мөлшерін анықтау әдістері жөніндегі ғылым. Аналитикалық химия ғылым ретінде анализдің теориялық негіздерін қалыптастырумен қатар анализдің жаңа әдістерін ұсыну және жетілдіру мәселерімен де айналысады.
Аналитикалық химияның негізгі мақсаты – химиялық қосылыстардың сапалық және сандық құрамын анықтау, сондықтан оны екі үлкен бөлімге бөлуге болады: сапалық және сандық талдау.
Сапалық талдау заттардың қандай элементтерден, иондардан, атом топтарынан немесе молекулалардан тұратынын анықтайды.
Сандық талдау заттар құрамындағы элементтердің, иондардың сандық мөлшерін анықтайды.
Біріншіден сапалық, содан кейін сандық талдау жасалады, өйткені сандық анализ әдісін дұрыс таңдау зерттелетін заттардың құрамына тікелей байланысты.
Аналитикалық химия зертханасында әртүрлі нысандардың талдауы жүргізіледі, зерттелетін қоспалардың сапалық және сандық құрамы анықталады.Талдау бірнеше сатыдан тұрады: сынама алу, компоненттерді бір-бірінен бөлу, концентрлеу, анықтау, анализ нәтижесін есептеу. Аналитикалық химия әдістеріне қойылатын негізгі талап - нәтиженің дұрыс болуы және қайталанғыштығы.
Химиялық реактивтер
Аналитикалық химия зертханасында реактивтердің сұйылтылған келесі концентрациялы ертінділері қолданылады:
- қышқылдар: 2н НСІ, 2н HNO3, 2н Н2SО4, 2н СН3СООН
- негіздер: 2н NаОН, 2н КОН, 2н NН4ОН
- тұздар: 0,5н К2Сr2О7, 0,5н СаСІ2, 0,5н ВаСІ2, 0,5н КNО3, т.б.
Ертінділер “ч.д.а.”, “х.ч.” маркалы реактивтерден дайындалады. Тазалық деңгейi бойынша химиялық реактивтер бірнеше маркаларға (квалификацияларға) сұрыпталады
Химиялық реактивтердің квалификациялары
Реттiк нөмiрi | Реактивтiң квалификациясы (маркасы)
| Қоспалар мөлшерi | |||
қазақша | орысша | қысқаша жазылуы (орысша) | қысқаша жазылуы (қазақша) | ||
1 | Техникалық | Технический | техн. | тех. | > 5% |
2 | Таза | Чистый | ч. | т. | < 2% |
3 | Анализ үшiн таза | Чистый для анализа | ч.д.а. | т.ү.т | < 1% |
4 | Химиялық таза | Химически чистый | х.ч. | х.т | < 0,1% |
5 | Ерекше таза зат | Особо чистое вещество | ос.ч | ерекше | < 10-5 % |
Гравиметрия сандық анализдің химиялық әдістеріне жатады, қарапайым және дәл анализ әдісі болып табылады, бірақ анализді орындау ұзаққа созылады. Гравиметрияда мөлшері анықталатын компонентті таза күйінде немесе құрамы белгілі қосылыс түрінде бөліп алып массасын анықтайды. Гравиметриялық анализ әдістері екі түрге бөлінеді:
...