Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аминқышқылдарын және белоктарды анықтаудың сапалық реакциялары

Автор:   •  Февраль 4, 2022  •  Лабораторная работа  •  367 Слов (2 Страниц)  •  682 Просмотры

Страница 1 из 2

Аминқышқылдарын және белоктарды анықтаудың сапалық реакциялары.

Белоктарды анықтаудың сапалық реакциялары.

1) Денатурация реакциясы (белоктың 2, 3-құрылымдарының бұзылуы, 1-құрылым сақталуы): Жұмыртқа ақуызын саруыздан бөліп алып, ақуызды 100 мл сумен араластырамыз, бірнеше мөлшерін пробиркаға құйып аламыз. Сұйықтық мөлдір, құрамында қатты дене немесе тұнба жоқ. Пробирканы спиртшам жалынында қыздырамыз. Қыздыру барысында сұйықтықтың бұлыңғырланып, ақ түске айналатынын байқаймыз. Бұл – денатурация реакциясы.

2) Биурет реакциясы (пептидті байланыс бар екенін көрсетеді) Пробиркадағы белок ерітіндісіне кезекпен мыс сульфаты және натрий гидроксидін қосамыз. Мыс сульфатын қосқанда алғашында денатурация реакциясы жүреді, кейін оның үстіне натрий гидроксидін қосқанда сұйықтық ашық күлгін түске ие болады, бұл – Биурет реакциясы.

3) Ксантопротеин реакциясы

1. Белок ерітіндісі бар ерітіндіге азот қышқылын қосамыз, ерітінді ағарып,бұлыңғырланады. Кейін оны спиртшам жалынында қыздырамыз, нәтижесінде ерітінді сары түске боялып, тұнба пайда болғанын байқаймыз. Бұл – ксантопротеин реакциясы.

2. Альбумин, глицин, аспарагин, тирозинге тәжірибе жасап көру барысында әрқайсысына азот қышқылы қосылды. Нәтижесінде аминқышқылдардан тек тирозин сары түске боялды. Бұның себебі: тирозин құрамында белоктағыдай бензол сақиналары бар.

Аминқышқылдары мен белоктарға сапалық реакция

5 түрлі пробирка аламыз. Оның біріншісіне көбірек альбумин белогын, екіншісіне азырақ альбумин белогын, үшіншісіне глицин, төртіншіге аспарагин, соңғысына

...

Скачать:   txt (5.4 Kb)   pdf (35.8 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club