Қос өрісті транзистор және оның құрылымы
Автор: sejdaxmetovaa • Декабрь 5, 2018 • Реферат • 3,985 Слов (16 Страниц) • 1,636 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................................
- Қос өрісті транзистор және оның құрылымы.......................
- Резисторлар, оларды белгілеу жүйесі және оның сипаттамалары...........
- Жарықдиоды, негізгі сипаттамалары...............................................
Қорытынды.......................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................
Кіріспе
Су жайылудың алдын алу үшін жасалған сигнализатор көмегімен пәтер немесе өзге де үй-жайдағы су құбырларларының ақауын уақтылы табуға болады және уақтылы қажетті шараларды қабылдауға болады. Су тасығанда немесе су ағыны кезінде яғни, датчик сумен жанасқанда, жарықдиодты шамдар және дыбыстық сигнал тізбегі іске қосылады.
Сызба 1-суретте көрсетілген. Сызба негізінде қосөрісті транзистор VT1 және Vt2 көрсетілген. Мұндай каскадтың артықшылығы, жоғары күшейту коэффицентінде және үлкен кіріс кедергісінде. Бұл ылғалды датчикпен жұмыс істеудегі аса маңыздысы, судың электрөткізгіштігіне әсері болып табылады.
[pic 1]
1-сурет. Су тасқынының алдын алу сигнализаторының схемасы
Каскадтың салыстырмалы түрде жүктемеге қосылуында эмиттерлі қайталауышы оның кіріс кедергісін одан сайын арттыра түседі. Шығысына, VT2 эмиттерлі байланысында индикаторлы HL1 жарықдиоды, тоқшектеуіш резистор R3 және кіріктірілген генераторлы дыбыстық сигнализатор арқылы қосылады.
Датчиктегі жіңішке және ұзын поролон бөлігі, екі жағынан параллель орналасқан сымдар E1 және E2 диаграммаларында көрсетілген. Резеңкедегі сымдар бір-біріне жақын(1-2см), бірақ бір-біріне жанаспай орналасқан. Датчиктің ұзындығы әр түрлі болуы мүмкін және де ол бірінші кезекте трубаның ұзындығына немесе орналасқан аймақтың ылғалдылығына байланысты.
Датчик құрғақ кезінде Е1 және Е2 арасындағы кедергі көп және Е1 мен Е2 бір-бірінен ажыратылған. Осы жағдайда, VT1 транзистор базасына ток келмейді және транзистор жабық болып қалады. VT2 транзисторы да жабық болады себебі, оның базасына VT1 және R2 арқылы ток келмейді.Сондықтан HL1 индикаторлы жарықдиодына және BF1 дыбыстық сигнализаторына да ток келмейді.
Датчиктегі E1 және E2 аралығы суға жанасқанда, ток ағыны Е1 ден Е2 ге өтеді. Ток VT1 базасына барады, және ол ашылады.Ол ашылғаннан кейін ток ағыны VT2 транзисторы барады және ол да ашылады. Сол арқылы ток ағымы HL1 индикаторы мен BFI дыбыс сигнализаторына барады.
Сигнализаторды іске қосу үшін көптеген энергия түрлерін қолдануға болады: электр энергиясы, күн энергиясы, батарейкалар т.с.с.
Бұл құрылғыны тұрғын үйлерде, су қоймасы жанында орналасқан ғимараттарда, географиялық тұрғыда өзен-көлдерге жақын орналасқан аймақтағы нысандарға кеңінен қолдануға болады.
- Транзистор
Транзистор (ағылш. transfer - тасымалдау және resistor - кедергіш) — электр тербелістерін күшейтуге, оларды тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық құрал. Электрондық шам сияқты қызмет атқаратын транзисторлар одан өлшемінің едәуір кішілігімен, электр энергиясын тұтынудағы аса үнемділігімен, механикалық аса беріктігімен және бүлінбей ұзақ жұмыс істейтіндігімен, бірден әсер етуге әзірлігімен ерекшеленеді.
Радиолампа орнына қолданылатын жартылай өткізгіш аспаптар (транзисторлар) негізінде жасалған өте кішкентай радиоқабылдағыштарды көбінесе транзисторлар деп дұрыс атамайды; оның дұрыс атауы — транзисторлы қабылдағыш немесе транзистор негізінде жасалған қабылдағыш.
...