Электрлік машина магнит өткізгіштерін жөндеу технологиясы
Автор: Nurs123 • Август 19, 2019 • Реферат • 4,930 Слов (20 Страниц) • 875 Просмотры
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР МЕН ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРДЫ МОНТАЖДАУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Электротехникалық құрылғыларды монтаждау, баптау және жөндеу бойынша жұмыстарды орындайтын персоналдарға қойылатын талаптар
2. ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР МЕН ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРДЫ СЫНАУ ЖӘНЕ БАПТАУ
3. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРДА ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН БЕРУ ЖЕЛІЛЕРІНДЕГІ ҚОРҒАЛАТЫН АЙМАҚТАРДА ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУ
4. ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТАРАТАТЫН ӘУЕ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
5. Реалстрой ЖШС туралы ақпарат
6. Қолданылған әдебиеттер
7. Қорытынды
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының «Электротехникалық құрылғылар» атты осы ережелер жинағы мынадай техникалық регламенттер ережелерінің негізінде әзірленген: - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 17 қарашасындағы № 1202 Қаулысымен бекітілген, «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті; - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 16 қаңтарындағы № 14 Қаулысымен бекітілген, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті: - Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттары. Ережелер жинағында Қазақстан Республикасының «Электротехникалық құрылғылар» атты құрылыс нормалары талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін, қолайлы шешімдер мен параметрлер келтірілген.
1 ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР МЕН ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРДЫ МОНТАЖДАУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі жалпы ережелер
1.1.1 Электротехникалық құрылғылар мен электр жабдықтарды, электр тарату құрылыстарын монтаждау бойынша жұмыстарды жүргізуді, арнайы электрлік монтаждау және баптау жұмыстарын ҚР ҚН 1.03-05 және ҚР ЕЖ 1.03-106 талаптарын есепке ала отырып және электрлік монтаждау (баптау) ұйымының бас инженерімен бекітілген ЖЖЖ немесе ТК міндетті түрде болған ғана жүзеге асыруға рұқсат етіледі. Аталған ЖЖЖ және ТК әр жасалатын жұмыстардың түрі үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нақты шаралар қарастырылуы тиіс
1.1.2 Электр-монтаж жұмыстарының тікелей басшылары мен орындаушылары оларды жұмыстарды орындауға жіберер алдында жұмыстар жүргізілетін жердегі қауіпсіздік талаптарымен, нақты еңбек жағдайларымен танысу болуы, тапсырылған жұмыстар көлеміндегі қауіпсіздік нормаларын білуі және орындауы тиіс.
1.1.3 Электрлік монтаждау (баптау) жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлерге тапсырыс берушінің немесе бас мердігердің электрлік шаруашылығын пайдалануға қатысты жұмыстарды орындауына тыйым салынады.
1.1.4 Жүк көтеру крандары мен көтергіштерді (мұнараларды) орнату, тіркеу, куәландыру, қолданыстағы қабылдау және олармен жұмыс жасау «Жүк көтеру крандарын орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары» талаптарына, ал осы ережелер таратылмайтын жүк көтеру машиналарына өндіруші зауыт нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
1.1.5 Электрлік монтаждау (баптау) жұмыстарын орындау процесінде қолданылатын қызметкерлерді жеке қорғау құралдары (арнайы қорғайтын киім, аяқ киім, жуу құралдары және басқа да қауіпсіздік құралдары) мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс. Аталған құралдармен қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі», ҚР ҚН 1.03-05, ҚР ЕЖ 1.03-106 талаптарына және «Қызметкерлерге сүт, емдікпрофилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану ҚР ЕЖ 4.04-107-2013 5 құралдарын беру, қызметкерлерді ұжымдық қорғау құралдарымен, санитарлықтұрмыстық бөлмелермен және құрылғылармен жұмыс беруші есебінен қамтамасыз ету ережелері; қызметкерлерге жұмыс беруші есебінен емдік-профилактикалық тағам беру нормалары» сәйкес жүргізілуі тиіс.
...