Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фланецті қосылыстарды герметикалығы және оның конструктивті элементерін беріктікке есептеу

Автор:   •  Апрель 1, 2021  •  Реферат  •  3,157 Слов (13 Страниц)  •  791 Просмотры

Страница 1 из 13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

« Технологиялық машиналар мен жабдықтар » кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Фланецті қосылыстарды герметикалығы және оның конструктивті элементерін  беріктікке есептеу. 

Орындаған: Калмахан Д.

Тобы: ММГ-18-3к

Қабылдаған: Пазилова Г. 

Шымкент.

I    Кіріспе

    Фланецтік қосылыстар

II  Негізгі бөлім

   Фланецтердің түрлері

  1. Фланец типтерін таңдау әдісі.
  2. Фланецті қосылыстардың герметикалығы

III Қорытынды

Фланец қосқышын беріктікке есептеу негіздері

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Фланецтік қосылыстар  мұнай және химиялық машина жасауда конструкцияның тығыздығы мен беріктігін , сондай-ақ дайындалуының, бөлшектенуі мен құрастырылуының қарапайымдылығын қамтамасыз ететін кең тараған ажырамалы қосылыс түрін айтады.Фланецтік қосылыс  фланецтен және болттық қосылыстан  және де соңғысының салыстырмалы әлсіз сығылымы кезінде конструкцияның тығыздығын қамтамасыз ете отырып фланецтің орнатылатын төсемінен  тұрады.

        Конструкциясы бойынша фланецтер тұтас және еркін отырғызылған деп түрленеді.  Бірінші түрінде фланец және аппарат бірдей жүктеледі де осы жүктемеде бірге жұмыс істейді. Әдетте фланецтің бұл түрі: жазық пісірілген, түйістіріліп пісірілген болып түрленеді. Ал екінші түрінде аппарат қаңқасы, фланецтерді болттармен сыққандағы пайда болатын шамамен оның  әсерінен толықтай дерлік босатылған. Фланецтердің конструктивті өзгешелігі және де  олардың әрқайсысының қолдану шегіне елеулі дәрежеде аппарат ішіндегі  жұмыс ортасының қысымы, температурасы, сондай-ақ, қосылысты бөлшектеу немесе құрастырудың минимал уақыт шығынының талаптары анықталады.

Фланецтердің түрлері

а) жазық пісірілген, б) түйістіріліп пісірілген, в) еркін.

а) Жазық пісірілген фланецтер қабық шетіне оның периметрі бойынша пісіріліп бекітілген жазық сақина түрінде болып келеді. Және де бұл фланецтерді 0,3 тен  1,6 МПа дейінгі шартты қысымда және   дейінгі температурада қолдануға болады.

б) Түйістіріліп пісірілген фланецтер конустық төлке-мойынды болып келеді. Бұл фланецтің қолданылуы конструкцияның ішкі қысымына байланысты 0,6 дан 6,4 МПа дейінгі шартты қысымда қолданады.

в) Еркін фланецтерде қабықтың ішкі диаметрі қабықтың сыртқы диаметрінен біршама үлкен сақина түрінде болып келеді де қабыққа еркін кигізіледі және де  бұл сақина қабық шетінің қаусырмасына немесе қабық  шетіне пісірілген сақинаға тақалып қосылып пісіріледі. Мұндай фланецтер 1,6 МПа  шартты қысымда және   дейінгі температурада қолданады, сондай-ақ бұл кезде фланецтің жүктелу циклының саны   аспауы тиіс. Әдетте мұндай фланецтерді жұмсақ (мыс, алюминий және т.б.) немесе морт сынғыш материалдардан (керамика, шыны және т.б.) дайындалған аппараттар немесе конструкциялар үшін қолданылады.

        Фланецтердің негізгі жұмысшы элементі, бұл, оның тығыздаушы беті, және де мұның конструкциясы ОСТ 26-426-79 және ОСТ 26-427-79 салалық стандарттарымен регламенттелінеді. Фланецтің төсемдеріне келесі талаптар қойылады:

1.Аз сығым шамасында тығыздауыш бетінің барлық микротегіссіздігін толтыра алуы тиіс;

2.фланецтік қосылыстың серпімді жылжуы барысында қосылыстың тығыздығын сақтап қалуы тиіс;

3.жоғары және төмен температуралардағы коррозия әсеріне пайдалану мерзімінде  қосылыстың герметикалығын сақтай отырып төзе алуы тиіс;

4.төсем материалы тапшы болмауы тиіс.

1.1 Фланец қосқышы және оның түрлері мен типтері

Фланецтерді қолдану саласы өте кең, фланецтер құбырлардың қосқыш

компоненті ретінде қолданылады, сондай-ақ фланец айналмалы бөлшектердің қосылымы бола алады. Сыртқы түрі бойынша фланец сақиналы немесе дискілі формадағы тегіс қиманың бу конструкциясын білдіреді.

Фланец-құбыр арматурасының ажырамас бөлігі. Фланецтерді бекіту бұрандалы жалғау жолымен бір және басқа фланецтің диаметрлі орналасқан

тесіктері арқылы жүзеге асырылады. Бұл екі фланецті тартатын болттар немесе түйреуіштер. Фланецтер өлшемдері бойынша, фланецтерді өзара жалғау нұсқалары бойынша, беткі пішіні бойынша және фланецтің екі жапсарлас беті арасындағы тығыздағыштардың нұсқалары бойынша ажыратылады. 10-13мбар-дағы вакуумнан құбыржолдар қосылыстарындағы фланецтің сенімділігі,фланецтер құбыржолдарды 200 бар-дағы қысыммен жалғайтын нұсқаларғадейін фланецтерді жалғау конструкцияларының қажетті элементімен жасайды.

...

Скачать:   txt (40.9 Kb)   pdf (348.2 Kb)   docx (712.3 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club