Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Механика

Автор:   •  Сентябрь 7, 2021  •  Реферат  •  367 Слов (2 Страниц)  •  917 Просмотры

Страница 1 из 2

Механика нені зерттейді? Механикалық қозғалыс - денелердің уақыт өтуіне байланысты орын ауыстыруы. Мысалы тастын жерге құлауы, автобустың қалада жүруі, адамның жүгіруі және тағы сол сияқтылары механикалық қозғалысқа жатады.

Механика дегеніміз денелердің механикалық қозғалысын және денелердің өзара әсерлесуін зерттейтін ғылым. Бұл ғылым аспандағы жұлдыздар мен планеталардың да, жердегі заттардың да қозғалысын зерттейді. Механиканың қолдану аясы кең.

Классикалық механика

Механика физиканың іргелі саласы. Мектепте классикалық механика оқылады. Классикалық механика - статитка, кинематика және динамика боп үшке бөлінеді.

Классикалық механиканың қолдану аясы - жылдамдығы жарық жылдамдығынан (шамамен 299 792 458 м/с) едәуір төмен және өлшемдері атомдар мен молекулалардан үлкен объектілерді зерттейді. Бұған планеталарды, жұлдыздарды, жердегі денелерді және тағы сол сияқтыларды жатқызуға болады.

Механика — физиканың материя қозғалысының ең қарапайым түрін — механикалық қозғалысты, яғни денелердің кеңістіктегі уақыт бойынша өтетін қозғалысын зерттейтін бөлімі. Механикалық қозғалыстың кеңістікте және уақыт бойынша өтетіндігін кез келген механика заңынан байқауға болады. Айқын түрде ме, әлде көмескі түрде ме, әйтеуір олардың барлығының құрамына кеңістіктік-уақыттық қатынастар — қашықтықтар мен уақыт аралықтары кіреді.

Механика туралы реферат

Дененің кеңістіктегі орны басқа бір денелерге қатысты ғана анықталады. Дененің қозғалысына, яғни оның кеңістіктегі орнының уақыт бойынша өзгеруіне қатысты да осыны айтуға болады. Қарастырылғалы отырған дененің орнын анықтауға мүмкіндік беретін денені (немесе бір-бірлеріне қатысты тыныштықтағы денелер жүйесін) санақ денесі деп атайды.

Анығына келетін болсақ, дененің қозғалысын сипаттау үшін санақ денесімен қайсыбір координата жүйесін, мәселен, декарт координата жүйесін байланыстырады. Дененің координаталары оның кеңістіктегі орнын анықтауға мүмкіндік береді. Дененің қозғалысы кеңістікте ғана емес, сонымен қатар уақыт бойынша да өтетін болғандықтан, қозғалысты сипаттау үшін уақытқа да санақ жүргізе білуіміз керек. Мұны сағаттың көмегімен іске асырады.

...

Скачать:   txt (5.6 Kb)   pdf (70.2 Kb)   docx (8.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club