Контрольная работа по "Кинематике"
Автор: Kamal2002 • Апрель 20, 2024 • Контрольная работа • 1,362 Слов (6 Страниц) • 78 Просмотры
Зертханалық жұмыс №13
СБЕ «Поиск решения» пакеті көмегімен шешу
Есепті қою. Кәсіпорын өнімнің үш түрін шығару үшін екі тұрпаттағы технологиялық жабдықты және шикізаттың екі түрін пайдаланады. Бір бұйымның екі түрін шығаруға жұмсалатын шикізат пен уақыт шығынының нормалары 1-кестеде келтірілген. Онда технологиялық жабдықтың әр тобының жұмыс уақытының жалпы қоры, қолда бар шикізаттың әрбір түрінің мөлшерлері, сондай-ақ бұйымның осы түрінің біреуінің бағасы мен бұйымның әрқайсысын шығаруға қойылған шектеулер көрсетілген.
1 - кесте
Шектеу | Бір бұйымға жұмсалатын шығындардың нормасы 1 2 3 | Ресурстардың жалпы мөлшері | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Шикізат (кг), R1 түрлі R2 түрлі | 4 | 3 | 5 | 601 |
15 | 13,5 | 11,7 | 1501 | |
Жабдықтың өнімділігі (станок) (норма-сағат), N1 тұрпат N2 тұрпат | 2,4 | 3,8 | 9,7 | 350 |
5,9 | 8,4 | 8,2 | 780 | |
Шығару (дана): min max | 6 35 | 8 45 | 7 56 | |
1 бұйымның бағасы (а.б.) | 5 | 3 | 8 |
Есептің мақсаты: Қолда бар ресурстарды негізге ала отырып, төрт түрлі бұйым шығару мөлшерін білу, сонымен бірге кәсіпорыннның жоспарын орындап, осы бұйымдарға рыноктың сұранысын ескере отырып, барынша көп пайда алу қажет.
Шешімге мына кезеңдер кіреді:
- Экономикалық-математикалық модель құру
- Есепті ЕХСЕЛ-де шешу
- Есептің оңтайлы шешімін талдау
- Есептің көпнұсқалығы
Шешу.
1. Экономикалық-математикалық модель құру
Математикалық модель құру үшін мына белгілерді енгіземіз:
х1-бұйымның бірінші түрінің мөлшері, х2-бұйымның екінші түрінің мөлшері, х3- бұйымның үшінші түрінің мөлшері,
Мәселе қойылғанда шикізаттың екі түрі, жабдықтың екі түрі және бұйымды шығаруға берілген жоспар мен оларға сұраныс шектеу болып табылады. Сөйтіп, шектеулер жүйесіне ресурстарға, жоспарды орындау және нарық сұранысы шектеулері кіреді.
Бірінші блок ресурстарға шектеу.
Бұйымның бірінші түрінің бірлігін шығару үшін шикізаттың бірінші түрінің 4 бірлігі, ал х1 бүкіл бұйымды шығару үшін шикізаттың 4х1 бірлігі, екінші түрі үшін - 3х2, үшінші түрі үшін - 5х3 қажет. Сонда
- 4х1+ 3х2+ 5х3 <=601,
сол бөлік шикізаттың бірінші түріне қажеттілікті білдіреді, ал оң жақ қолда бар ресурстардың мөлшерін көрсетеді.
Қалған ресурстар үшін шектеулерді төмендегідей құрастыруға болады.
2) 15х1+13.5х2+11.7х3 <=1501
3) 2.4х1+3.8х2+9.7х3 <=350
4) 5.9х1+8.4х2+8.2х3 <=780
Келесі блокта шығарылатын өнімнің мөлшері оларға сұранысқа байланысты жоғарыдан шектеледі. Сондықтан [pic 1] белгісі пайдаланылады
5) х1 <= 35
6) х2 <= 45
7) х3 <= 56
Келесі блок жоспардың орындалуын қамтамасыз етеді. Жоспар орындалады немесе асыра орындалады, сондықтан [pic 2] белгісін пайдаланамыз
8) х1 >= 6
9) х2 >= 8
10)х3 >= 7
Мақсатты функция бұйымдарды сатудан түсетін жалпы түсімді білдіреді
...