Дәстүрлі және дәстүрлі емес энергия көздері
Автор: Bagjan478 • Декабрь 13, 2024 • Реферат • 14,424 Слов (58 Страниц) • 11 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МИНИСТІРЛІГІ
«SHAKARIM UNIVERSITY» БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ
ФАКУЛЬТЕТ «ИТФ»
[pic 1]
ЖАҢАРТЫЛАТЫН ҮШІН ЭНЕРГИЯНЫ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
РЕФЕРАТ
ОРЫНДАҒАН : B054
3-КУРСЫ СТУДЕНТІ ТФ-201
СЕРІКҚАН БАҒЫЖАН
____________________________
ТЕКСЕРГЕН : МҰҒАЛІМ
ЗАРЫКБАЕВА КАМШАТ
СЕРИКХАНОВНА
____________________________
АБАЙ ОБЛЫСЫ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ 2024
Кіріспе
Әлемде халық санының артуы, өмір сүру сапасын жақсартуға деген талпыныс, әсіресе, дамыған елдерде энергияны тұтынудың қарқынды түрде артуына себеп болды. Бұл адам мен қоршаған Орта (табиғат) арасында жаһандық қайшылықтар тудырды және Жер мен ғарыш арасындағы жылулық теңдестіктің бұзылуына алып келеді.
Әлемдік қоғамдастық, бірінші жағынан, экономикалық өсу мен халықтың әл-ауқатын жақсартуды (әсіресе, дамушы елдерде), екінші жағынан, қоршаған ортаға адамның іс-әрекетінің теріс әсерін қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуді қамтамасыз ететін тұрақты дамуға көшудің қажеттігін мойындады. Тұрақты дамуға көшуде жаңа энергетикалық технологиялар мен энергия көздері, оның ішінде қайта жаңартылатын энергия көздері, аса маңызды рөл атқарады.
Қайта жаңартылатын ресурстар мен альтернативті энергия көздері – қазақстандық экономиканы дамытудың өте маңызды құралы және келешекте елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін фактор.
«Энергетика туралы», «Энергия үнемдеу туралы», «Мемлекетті 2030 жылға дейін дамыту стратегиясы», «Қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» сияқты заңдар мен бір қатар үкімет қаулыларында Қазақстан Республикасында қайта жаңартылатын энергия көздері негізінде энергетиканы құру және дамыту туралы баса айтылған және жүзеге асыру міндеттері айқындалған.
Қайта жаңартылатын энергия көздерін игеру саласындағы маңызды мәселелердің бірі – дәстүрлі емес және қайта жаңартылатын ресурстарды қолданатын энергетикалық қондырғыларды ойлап құрастыру, жасау және эксплуатациялау үшін мамандар дайындау.
«Электр энергетикасы» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған «Қайта жаңартылатын энергия көздері және энергияны үнемдеу» пәнінің мақсаты – электрмен және жылумен қамтамасыз етудің мемлекеттік және автономдық жүйелерінің энергетикалық үрдістерінде қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың, әртүрлі салаларда энергия үнемдеудің ғылыми-техникалық негіздері бойынша білім жүйесін қалыптастыру.
Бұл оқу құралында дәстүрлі энергия көздерін қолданудың экологиялық аспектлері, дәстүрлі емес және қайта жаңартылатын энергия көздерінің түрлері, жалпы сипаттамалары және оларды қолданудың өзектілігі қарастырылып, күннің, желдің, өзендердің ағын суларының, мұхит пен теңіз суларының, термалды жер асты суларының және биомассаның энергияларын қолдану тәсілдері мен техникалық қондырғылары сипатталған.
1 Дәстүрлі және дәстүрлі емес энергия көздері
1.1 Дәстүрлі энергия көздері және оларды қолданудың экологиялық аспектілері
Энергия екі бөліктен: жұмыс істеуге қабілетті активті бөліктен және сол жағдайда жұмыс істеуге қабілетті емес пассивті бөліктен тұрады. Активті энергияны эксергия, ал пассивті энергияны энтропия деп атайды.
Күн, жел, өзен және мұхит энергиясының қуатты ағындары және жердің бетіне берілетін Жердің ішкі жылуы ең соңында Жердің маңындағы кеңістіктің энтропиясына түрленеді. Ғарышға қатысты алғанда жер бетінің және оның атмосферасының энтропиясы эксергия болып табылады және ол шексіз ғарыштық кеңістікке тарайды. Осының нәтижесінде Жерде жылулық теңдестік (тепе-теңдік) орын алады және тіршіліктің болуына жағдай жасалады.
...