Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Басқару жүйесін модельдеу мақсаттары

Автор:   •  Октябрь 16, 2018  •  Реферат  •  1,003 Слов (5 Страниц)  •  1,275 Просмотры

Страница 1 из 5

Дәріс  9

  1. Басқару жүйесін модельдеу мақсаттары

Модельдеу жүйесін құрудың маңызды тетіктерінің бірі мақсат қоя білу мәселесі. Кез келген модельді мақсатқа байланысты құрады, оның өзіне зерттеуші қояды, сондықтан да құрастырудың негізгі проблемаларының бірі – бұл мақсатты бағыттың проблемасы. М моделінде өтетін үдерістің нақты үдерістің ұқсастығы мақсат болып табылмайды, модельдің жұмыс жасауына жағдай жасайды, сондықтан да нысанның қызмет жасауының қандай да бір жағын зерттеуге қойылатын міндет мақсат ретінде қойылуы қажет.

        М моделін қарапайымдау үшін мақсаттарды кішігірім мақсаттарға бөледі және Модельдеудің алынған кіші мақсаттарына қарай модельдің неғұрлым тиімді түрлерін құрады. Күрделі жүйелер саласында модельдеу үлгілерінің көптеген мысалдарын келтіруге болады. Мысалы, кәсіпорын үшін өндірісті жедел басқару үдерісін зерттеу, жедел-күнтізбелік жоспарлау, болашақты жоспарлау маңызды және де мұнда құрастыру әдістері нәтижелі қолдануылуы мүмкін.

        Егер модельдеу мақсаты белгілі болса, онда басқа проблема пайда болады, атап айтқанда М моделін құру проблемасы. Модельді құру мүмкін болады, егер де зерттелетін нысанның параметрлері мен алгоритмдері, құрылымына қатысты ақпарат немесе болжамдар келтірілген болса. Оларды зерттеу негізінде нысанды сәйкестендіру іске асырылады. Қазіргі уақытта параметрлерді бағалаудың кең тәсілдері қолданылуда: ең кіші квадраттар әдісімен, ең көп шындыққа жақындығымен, байесов, марков бағалаулары.

        Егер М моделі құрылса, онда келесі мәселені оны іске асыру мәселесі деп есептеуге болады, оның негізгі мақсаттары – алынған соңғы нәтижелер уақытының азайтылуы және олардың дұрыстығын қамтамасыз ету.

  1. Математикалық модельдеу

Кез-келген S жүйесінің жұмыс жасау үдерісінің сипаттамасын машиналықты қоса алғанда математикалық әдістермен зерттеу үшін, бұл үдерісті қалыпқа келтіру қажет, яғни, математикалық модель құрылу қажет.

        Математикалық модельдеу ұғымында берілген нақты нысанның қайбір математикалық нысанға сәйкестігін қалыптастыру үдерісін түсінеміз, ол математикалық модель деп аталады және бұл модельді зерттеу қаралып отырған нысанның сипаттамасын алуға мүмкіндік береді. Математикалық модельдің түрі нақты нысанның табиғатына, сондай-ақ, нысанды зерттеу міндеттеріне және бұл міндетті шешудің дәлдігі мен дұрыстығына тәуелді болады.

Кез келген математикалық моделі, кез келген басқа да сияқты, тек ақиқатқа жақындау белгілі бір дәрежесімен нақты объектіні сипаттайды. Жүйені функционалдау үрдісін сипаттауға арналған математикалық модельдеуді аналитикалық, еліктеу және аралас түрлерге бөлуге болады. Аналитикалық модельдеуге жүйе элементін функционалдау үрдісі кейібр функционалды қатынастар (алгебралық, интегродифференциалды, соңғы-тасымалданатын және т.с.с.) немесе логикалық шарттар түрінде жазу сипаты тән. Аналитикалық модель келесі әдістермен зерттелуі мүмкін: а) аналитикалық, ізделіп отырған сипаттамаларды жалпы түрде айқын тәуелділіктерін алуға тырысатын кезде; б) сандық, теңдеуді жалпы түрде шеше алмай, нақты бастапқы мәндерде сандық нәтижелерді алуға тырысатын кезде; в) сапалы, айқын түрдегі шешімге ие болмай, кейібр шешім қасиеттерін табу (мысалы, шешім тұрақтылығын бағалау). Жүйе зерттеудің дербес жағдайларында математикалық модель анализінің сапалы әдісін қолдану кезінде жасауға болатын қорытындылар  да қанағаттандыра  алады. Бұндай сапалы әдістер, мысалы, автоматты басқару теориясында басқару жүйесінің әртүрлі нұсқаларының әсерлілігін бағалау үшін.  

  1. М моделін құру проблемасы

Егер модельдеу мақсаты белгілі болса, онда басқа проблема пайда болады, атап айтқанда М моделін құру проблемасы. Модельді құру мүмкін болады, егер де зерттелетін нысанның параметрлері мен алгоритмдері, құрылымына қатысты ақпарат немесе болжамдар келтірілген болса. Оларды зерттеу негізінде нысанды сәйкестендіру іске асырылады. Қазіргі уақытта параметрлерді бағалаудың кең тәсілдері қолданылуда: ең кіші квадраттар әдісімен, ең көп шындыққа жақындығымен, байесов, марков бағалаулары.

        Егер М моделі құрылса, онда келесі мәселені оны іске асыру мәселесі деп есептеуге болады, оның негізгі мақсаттары – алынған соңғы нәтижелер уақытының азайтылуы және олардың дұрыстығын қамтамасыз ету.

...

Скачать:   txt (14.5 Kb)   pdf (84.7 Kb)   docx (13.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club