Ұсақтаудың физико механикалық негіздері
Автор: Altyn10 • Апрель 21, 2023 • Реферат • 463 Слов (2 Страниц) • 328 Просмотры
Ұсақтаудың физико механикалық негіздері
Азық-түлік өнеркәсібі процестерінің барлық алуан түрлілігін төрт негізгі классқа бөлуге болады: Механикалық, Гидромеханикалық, Жылу процесі, Масса алмасу.
Материалдарды ұсақтау, жіктеу және престеу механикалық процестерге жатады. Олардың нәтижесінде материалдың физико-химиялық қасиеттері емес, тек қана пішіні өзгереді.
Механикалық күштердің әсері мен қатты денелерді бөлу процесі ұсақтау деп аталады. Ұсақтау процесінде материалдың көлемі сақталады да, оның бөліктер саны және қоршаған орта мен жанасу беті көбейеді. Ұсақтау процесі өте көп өндірістерде кеңінен қолданылады.
Ұсақталған материал экстракциялау, жылумен өңдеу және т.б. процестердің өтуін тездетеді және заттардың, жылудың шығындарын азайтады.
Егер ұсақтау кезінде бөлшектерге белгілі бір пішін беру қажет болмаса, онда бұл процесс ұсақтау, ал егер ұсақтау мен бірге бөлшектерге белгілі бірпішін берілсе, оңда мұндай процесс кесу деп аталады.
Іс жүзіңде әртүрлі күштер бірмезгілде қолднылады. Мысалы, қысу және соққылау, соққылау және үйкеу және т.б. Бөлшектердің өлшеміне (размеріне) және материалдың механикалық қасиетіне байланысты ұсақтау тәсілін таңдалады.
Барлық ұсақтау машиналары 2 ге бөлінеді: ірі, орташа, майда ұсақтайтын машиналарды шартты түрде ұсақтағыштар, ал жұқа және аса майда ұнтақтайтын машиналарды диірмендер деп бөледі.
Жақты ұсақтағыш. Жақты ұсақтағышта (6.3-сурет) материал жылжымайтын (1) және жылжымалы (2) жақтар арасында қысу арқылы ұсақталады. Эксцентриклі біліктің (3) айналуы арқылы жылжымалы жақ (2) жылжымайтын жаққа (1) жақындайды (жұмысшы жүріс) немесе одан алыстайды (бос жүріс). Жұмыс жүрісі кезінде материал ұсақталады, ал бос жүріс кезінде ұсақталған материал төмен қарай ауырлық күштің әсерінен шығарылады. Қозғалатын жаққа (2) қозғалыс эксцентриклі білікпен (3) жалғанған шатунмен (4) беріледі. Шатун (4) алдыңгы (5) және артқы (6) плиталармен бекітіледі. Жетек (7) және серіппе (8) қозғалыс жүрісінде керіліп, бос жүріске жәрдем береді.
Сыналардың (9) өзара орнын ауыстыру арқылы ұсақтау дәрежесін яғни ұсақталған материал шығатын тесіктерінен реттеуге болады.
6.4-суретте жақты ұсақтағыштың жалпы көрінісі келтірілген. Ұсақтағыштың корпусының алдыңғы қабырғасы болат құймасынан жасалған қозғалмайтын жақ. Жақтардың беті бұдыр бетті болат плиталарымен қапталады. Бұл болат плиталар тез тозатын болғандықтан, оларды тозуға
Төзімді материалдардан (марганецтінемесехромдықұймаболаттан) алмалы-салмалы етіп жасайды.
Конусты ұсақтағыштар. Конустыұсақтағыштарда материал қысу және үйкеу тәсілдері мен ұсақталады. Ұсақталатын материал сыртқы қозғалмайтын және ішкі айналатын конустардың аралығына беріледі. Ішкі айналатын конус сыртқы конусқа эксцентрикалы болып орналасады. Конусты ұсақтағыштар тамақ өнеркәсібінде өте кем қолданылады.
...