Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жүзімдерді жайғастыру үшін қоймаларды және жүзімді сақтау әдістері

Автор:   •  Ноябрь 17, 2020  •  Реферат  •  1,681 Слов (7 Страниц)  •  674 Просмотры

Страница 1 из 7

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Жүзімнің құрылысы мен химиялық құрамы.
  2. Жүзімнен шарап өндіру үшін оған шикізат ретінде қойылатын талаптар.
  3. Жүзімдерді жайғастыру үшін қоймаларды және жүзімді сақтау әдістері.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер


Кіріспе

Жүзім (лат. Vitis) – жүзім тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі. Жүзім – шырмалып өсетін жүзімділер тұқымдасы, 70-ке жуық түрі бар. Зерттеушілер тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі кезде 4000-нан аса мәдени түрі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Сабақтарынан өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5 салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін сүйекшелері болады. Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер болмайды. Сұрыпына қарай жемісінің пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады. Жемісінің түсі жасыл, сары, қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері шоғырланып өседі. Бір шоқта 100 данаға дейін жүзім болады. Дұрыс күтім жасалса, жүзім 50 жылға дейін жеміс береді. Жүзімді тұқымы, қалемшесі және ұластыру арқылы көбейтеді. Жүзім отырғызылғаннан кейін 2-3 жылда жеміс бере бастайды. Жүзімнің түбін ашу мерзімін дұрыс білгеннің маңызы зор. Егер жүзім түбі ерте ашылса, үсіп кетуі ықтимал, ал кеш ашылса, шіріп кетуі мүмкін. Дұрысы, жүзім түптерін ашуға сөл жүре бастаған кезде кірісіп, бүршік бөрте бастағанға дейін аяқтау қажет. Мол және тұрақты өнім алу үшін жүзімді уақтылы тыңайтып отыру қажет. Жүзімнің гүл шоғырлары өсіп келе жатқанда азотпен, жеміс өсе бастағанда фосфор және калий тыңайтқышымен қоректендіреді. Жүзім сабағын аспаларға өнімнің салмағын көтере алатындай берік жіппен байлау қажет. Өсу кезеңі ішінде жүзім сабағы жуандайтын болғандықтан, байлаған жіп сабақты қиып кетпуі үшін, кеңірек етіп байлау керек. Синтетика жіпті және сымды пайдалануға болмайды. Көктемде қырқу-кесу жұмыстары жүргізілмесе, онда күзде міндетті түрде жасау қажет, өйткені бұтақтары жиі болып кеткен жағдайда, жеміс беру сапасы нашарлайды.


Жүзімнің құрылысы мен химиялық құрамы.

Жүзім- көне заманнан бері өсіріліп келе жатқан дақыл. Жүзім- көпжылдық өсімдік, оның бұталары 50-60 жыл және одан да көп тіршілік етіп, өнім береді. Жүзімнің толық өнім сала бастаған кезінен бастап есептегенде, ең көп өнім беретін кезең 20-25 жылға дейін жалғасады.

Жүзімнің мүшелерін атқаратын қызметіне қарай вегетативті (тамырлар, өркендер және жапырақтар) және генеративті мүшелерге (гүл шоғырлары, жеміс шоқтары,жидектер мен тұқымдар) бөледі.

Тамыр жүйесі тұқым арқылы көбейтілген өсімдікте кіндік тамырлы,ал вегетативті жолмен көбейтілгенде біркелкі дамыған бірнеше шашақты тамырлы болады.

Жүзімнің тамыр жүйесінің таралу аумағы оның жер бетіндегі бөлігімен салыстырғанда анағұрлым көлемді болады. Тамыр жүйесінің таралу радиусы 4-5 м және одан да көп болады. Жүзімнің тамырлары топырақтың температурасы+10С болғанда өсе бастайды, ал температура-6С болғанда үсиді.

Жабайы жүзімнің сабағы тармақталмаған иілгіш дің(лиана) болып табылады, ол өте ұзын болып өседі. Мәдени жүзімнің сабағының өсуі шектеледі.

Мәдени жүзімнің сабағытік немесе еңкіш дің- сидам болып табылады, ол жүзімнің көпжылдық бөлігі және оның бірнеше тармақтары болады. Жүзім діңінің тармақтары ашалар деп аталады және олар негізгі салалық бұтақтарға жатады. Жүзімнің сабағының жас бөлігіне бір жылдық өркендер кіреді, олардың бойында бүршіктер орналасады.

Жүзімнің өсуі мен дамуының жылдық циклінде өніп-өсу және тынығу кезеңдері болады. Өніп-өсу кезеңін 6 фазаға бөледі.

1-ші фаза -сөл жүру. Оның белгісі-жүзім бұтасының кесілген бұтағынан нәршырының бөлінуі. Бұл фазаның ұзақтығы-сөл жүруден бастап бүршіктердің жарылып ашылуына дейін созылады.

2-ші фаза-бүршіктердің ашылуынан гүлдегенге дейін (бүршіктердің ашылуы және өркендердің өсуі) созылады, оның ұзақтығы -40-45күн.

3-ші фаза-гүлдеу, оның ұзақтығы-8-15күн. Бұл кезең ауаның температурасы +150С-тан кем болмағанда басталады.

...

Скачать:   txt (24.2 Kb)   pdf (152.6 Kb)   docx (14.8 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club