Астықты қайта өңдеу ғылыми-зерттеу орталығы туралы мәлімет
Автор: Zhandos.99 • Май 30, 2018 • Отчет по практике • 2,840 Слов (12 Страниц) • 1,129 Просмотры
[Введите название документа] |
[Введите подзаголовок документа] |
[Введите аннотацию документа. Аннотация обычно представляет собой краткий обзор содержимого документа. Введите аннотацию документа. Аннотация обычно представляет собой краткий обзор содержимого документа.] |
[pic 1][pic 2][pic 3][pic 4][pic 5]
1. Кіріспе
- АТУ тарихы
- Факультет тарихы
- Кафедра жайлы мәлімет
2. Өсімдік майы және биологиялық белсенді қоспалар алу орталығы туралы мәлімет.
3. АТУ-дың ет орталығы туралы мәлімет
- Ет орталығындағы технологиялық жабдықтардың сипаттамасы.
4. АТУ-дың оқу-ғылыми нан орталығы туралы мәлімет
- Оқу-ғылыми нан орталығындағы технологиялық жабдықтардың сипаттамасы.
5. Астықты қайта өңдеу ғылыми-зерттеу орталығы туралы мәлімет
- Астықты қайта өңдеу ғылыми-зерттеу орталығындағы жабдықтардың сипаттамасы.
6. АТУ-дың сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу оқу-ғылыми орталығы туралы мәлімет.
- Сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу оқу-ғылыми орталығындағы жабдықтардың сипаттамасы.
7. Жеке тапсырма ( берілген технологиялық жабдықтың құрлысы, жұмыс принципі, артықшылықтары мен кемшіліктері ).
АТУ-дың қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдер
Алматы технологиялық университетінің он үш қабатты әкімшілік ғимараты Алматы қаласының орталығында, Төле би және Ахмет Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан. 2017 жылы оқу ордасына 60 жыл толады. Қызмет еткен жылдары АТУ баға жетпес кадрлық және ғылыми әлеуетін жинақтап, қуатты материалдық-техникалық базасын қалыптастырды, тағам және жеңіл өнеркәсіп салалары үшін жоғары білімі бар 50000-нан астам мамандар даярлап шығарды. АТУ түлектері бүгінде Қазақстан Республикасының түпкір-түпкірінде және көптеген шет елдерінде жұмыс істеп жатыр. Олар Қазақстанның және еңбек етіп жатқан елдердің экономикасы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлестерін қосуда.
Ал университетіміздің тарихы былайша басталған еді...
1957 жыл, 10 мамыр. КСРО азық-түлік тауарлары өнеркәсібі министрлігінің және КСРО Жоғары білім министрлігінің № 155/548 бірлескен бұйрығымен Инженерлік-техникалық қызметкерлері мен басшыларын жетілдіру институтының Алматы филиалы КСРО Жоғары білім Министрлігінің қарауына беріліп, Бүкілодақтық тағам өнеркәсібі сырттай институтының Алматы филиалы болып құрылды.
1966 жыл, 4 маусым. РКФСР Министрлер Кеңесінің №1501 Өкімімен Жалпыодақтық тағам өнеркәсібі сырттай институтының Алматы филиалы Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының қарауына берілді.
1966 жыл, 11 тамыз. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №1365-р Өкімімен Бүкілодақтық тағам өнеркәсібі сырттай институтының Алматы филиалы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалы болып өзгертілді (ЖЖТӨТИ АФ).
16 желтоксан 1976 жыл Технологиялық университет ғимаратының іргетасын алғашқы бетонмен құю сәті
[pic 6]
1996 жыл, 7 мамыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №573 Қаулысымен Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалы Алматы технологиялық институты (АТИ) болып қайта құрылды.
1999 жыл, 18 тамыз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1192 Қаулысымен Алматы технологиялық институты коммерциялық емес ұйым ретінде «Алматы технологиялық университеті Жабық акционерлік қоғамы (АТУ ЖАҚ) болып қайта құрылды.
2003 жыл, 15 желтоқсан. Қазақстан Республикасының № 415 ІІ 2003 жылғы 12 мамырдағы Акционерлік қоғамдар туралы Заңы негізінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен (хаттама №14) Алматы технологиялық университеті жабық акционерлік қоғамы Алматы технологиялық университеті акционерлік қоғамы (АТУ АҚ) болып қайта құрылды.
...