Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қосымшаның құрылымын жобалау

Автор:   •  Июнь 7, 2022  •  Курсовая работа  •  6,061 Слов (25 Страниц)  •  176 Просмотры

Страница 1 из 25

АҢДАТПА

Менің жасаған дипломдық жұмысымды,күнделікті өмірде,барлық салалар аясында қолдануға болады.Себебі:бұл мобильдік қосымшаны кез келген адам,кез келген сəтте жүктеп алып,пайдалана алады.Мобилдік қосымша барлығы білетін Java бағдарламалау тілінде,Android Studio платформасында жасалды.Дипломдық жұмыстың мақсаты- қайталанатын документ, файлдарды, медиа- файлдарды табуға, оларды өшіруге мүмкіндік беретін қосымша құру. Дипломдық жұмыстың əр тарауы тақырыптың қазіргі жағдайын жəне оның өзектілігін көрсетеді.Жоба клиенттерді, оның ішінде медия файлдармен, басқа да форматтағы файлдармен жиі іс жүргізетін жандарға арналған.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ        6

  1. Ақпараттық жүйе туралы жалпы түсінік        7
  1. Ақпараттық жүйе құру өзектілігі        7
  2. Ақпараттық жүйелердің қасиеттері        7
  1. Пəндік аймақты талдау        9
  1. Тақырыптың өзектілігі        9
  2. Есептің қойылымы        9
  1. Қосымшаның құрылымын жобалау        11
  1. Қосымшаның концептуалды моделін құру        11
  2. ER-диаграмма        12
  3. Мəліметтер қорына жалпы шолу        13
  4. Мəліметтер базасының кестелерін талдау        14
  1. Қосымшаны жүзеге асыру        16
  1. Пəндік аймақтың бағдарламалық жасақтамасын құру        16
  2. Қосымша құрылымы        18
  3. Жұмыстың сипаттамасы        20

ҚОРЫТЫНДЫ        24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ        26

А ҚОСЫМШАСЫ        27

В ҚОСЫШАСЫ        32

КІРІСПЕ

Қазіргі кезді электронды ақпарат заманы деп атасақта болады деп ойлаймын, өйткені қазіргі таңда технологиялар қоғам өмірінің барлық салаларына терең еніп, адамдардың уақытты өлшемді қолдана отырып, адам өміріне өте қарқында енуімен куəгерміз.Əсіресе 2020 жылдан басталган пандемия заманында,барлық жер карантинға жабылып,онлайн жұмыс атқаруы,ақпараттық заман болуына жаңа серпім берді.

Бүгінгі күнде еңбектеген баладан, еңкейген кəріге дейін, əр қайсысында гаджеттеріне тəуелді, деп айтуға да болады. Күнделікті өмірде ұялы телефонды, компьютерді немесе планшетті пайдаланбайтын адам жоқ.Тіпті қарапайым сағатымызда электронды болып,тек сағат қарауға емес,басқа да мүмкіншіліктерге толы заман болды.Бұл ақпараттың көбеюіне əкеліп соғып жатқан себепті,гаджеттегі жадыны үнемдеуге тура акеліп соғып жатыр.

Бұл технологиялардың көпшілігі адам өміріндегі қызметтерді оңтайландыруға, білім алуға жəне уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда барлық іс-шара, кездесулер онлайн түрде болып жатқандықтан, ұялы телефонымызда көп файлдар сақтау ыңғайлы. Алайда, ол файлдар жадыда көп орын алып, құрылғының жұмысына кері əсерін тигізуі мүмкін. Сол үшін ұялы телефондарды қайталанатын файлдардан тазалайтын қосымша бүгінгі күні сұранысқа ие.

Күнделікті өмірде смартфон кездейсоқ фотосуреттер мен бейнелерді түсірудің жəне құжаттар жасаудың танымал құралы болып табылады. Бірақ көп ұзамай біздің құрылғылар қажет емес селфилермен, құжаттармен, видеолармен толып, жұмыс істеуі баяулайды. Телефондағы қайталанатын файлдар көп орын алады жəне оларды жою керек. Бұл «Duрlicate master» бағдарламасы сізге қайталанатын файлдарды анықтау үшін телефонды жедел қарап шығуға көмектеседі жəне телефонның жадын, жылдамдығы мен өнімділігін арттыру үшін оларды тексеруге жəне жоюға мүмкіндік береді.

Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға,осы қосымшаны жасауға итермелеген,өзімнің медиа- файлдармен,фотосуреттермен жиі жұмыс жасауым жəне құрығының жадынсын жиі босатып тұру қажеттілігімен көп соқтығысуым себеп болды.

Жұмыстың əр бөлімінде тақырыптың өзектілігі жəне қазіргі уакыттағы қолдану барысы көрсетілген. Нəтижесінде мен өзіме жəне кез келген саладағы жандарға көмектесетін Мобилдік- қосымшанысын жазып шықтым.

І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1.1  Ақпараттық жүйе құру өзектілігі

Ақпараттық жүйе-негізгі ұйымның белгілі бір тұлғаның, компанияның,қысқаша айтканда қандай да бір ұжымның өзіне керекті мəліметті алуға,сақтауға,жіберуге,өңдеуге тағы да басқа іс-əрекеттер жасауға мүмкіндік беретін жүйе. Бұл процестерден басқа, ақпараттық жүйелер ақпаратты тазарту, нақтылау жəне қорғау сияқты процестерді жүзеге асыра алады.

...

Скачать:   txt (70.5 Kb)   pdf (743.5 Kb)   docx (427.5 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club