Автоматты түрде жобалау жүйелерінің бағдарламалары
Автор: Shinarai96 • Февраль 11, 2018 • Реферат • 2,109 Слов (9 Страниц) • 2,246 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Автоматты түрде жобалау жүйелерінің бағдарламалары 1
Автоматты түрде жобалау жүйелерінің бағдарламалары пайда болу тарихы 2
Автоматты түрде жобалау жүйелерінің бағдарламаларының құру мақсаттары және міндеттері 3
Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығында қолданылатың автоматты түрде жобалау жүйелерінің бағдарламалары: Proteus, SPLan, AVR Studio 4
Қолданылған әдебиеттер 5
[pic 1]
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан атындағы мемлекеттік университеті
Реферат
Автоматты түрде жобалау жүйелерінің бағдарламалары
Тексерген: Касимов И.Р.
Орындаған: Саятов Ұ.С.
Петропавл қ. 2018 жыл[pic 2]
Автоматты түрде жобалау жүйелерінің бағдарламалары
Автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ) – жобалау функцияларын орындайтын ақпараттық технологияны іске асыратын автоматтандырылған жүйе. Персоналдан және автоматтандырудың техникалық, бағдарламалық және басқа құралдарынан тұратын жобалау үрдісін автоматтандыруға қажет ұйымдастырушы-техникалық жүйе болып саналады.
Автоматтандырылған жобалау жүйесіне (орыс тілінде САПР - система автоматизированного проектирования) түрлі түсініктер беріледі. Мысалы:
- «САПР – система автоматизации проектных работ», яғни «жобалау жұмыстарының автоматтандыру жүйесі» деген түсінік дұрыстау, бірақ сирек қолданылады;
- «САПР – система автоматического проектирования», яғни «автоматты жобалау жүйесі». Бұл түсінік дұрыс емес, себебі «автоматты» түсінігі жүйенің адамның қатысуынсыз жеке жұмысын көздейді, ал автоматтандырылған жобалау жүйесінің функцияларының бір бөлігін адам орындайды, қалған жеке операциялар мен процедуралар автоматты түрде атқарылады. Сондықтан «автоматты» сөзімен салыстырғанда «автоматтандырылған» түсінігі жобалау үрдісінде адамның қатынасы бар екендігін білдіреді.
- «САПР – программное средство для автоматизации проектирования», яғни «жобалауды автоматтандырудың бағдарламалық құралы» деген түсінік толық мазмұндама бермейді. Себебі жобалау іс-шараларын тек қана қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен атқару мүмкін емес. Сондықтан әдебиет көздерінде және мемлекеттік стандарттарда «автоматтандырылған жобалау жүйесіне» кең ауқымды түсінік беріледі.
Автоматты түрде жобалаудың пайда болу тарихы
Автоматтандырылған жобалау жүйесін ағылшын тіліне аударғанда CAD аббревиатурасын жиі қолданады.
ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының соңында Массачусетс технологиялық институтында (АҚШ) алғашқы рет CAD түсінігі пайда болды. Сол ғасырдың 70-ші жылдары ол есептеу техникасын қолданып, құрастыру жұмыстары технологиясының халықаралық белгіленуі ретінде таралды. Мұнда CAD ретінде машиналық графика құралдарымен мәліметтерді өңдеу мағынасы түсіндірілді.
CAD аббревиатурасы басым түрде Computer Aided Design деген сөздерден құралған. Оның мағынасын ЭЕМ көмегімен жобалау және құрастыру деп түсінуге болады. Көбінесе CAD Computer Aided Drafting, аудармасы «компьютер көмегімен сызба жұмыстарын орындау» (автоматтандырылған сызба жұмыстары) мағынасын білдіреді.
Автоматтандырылған жобалау түсінігін, автоматтандырылған жобалау жүйелерінің кеңінен қолдануының және солардың мүмкіншіліктерінің дамуының арқасында, көп жағдайларда графика шығару мүмкіншіліктері бар кез келген жүйелерді белгілеу үшін негізсіз пайдаланды. ЭЕМ көмегімен құрастыру және сызу – автоматтандырылған жобалау жүйелері орындайтын аз ғана қызметтер бөлігі. Жүйелердің көбісі едәуір көп қызметтер атқарады.
Мысалы:
CAE (Computer Aided Engineering) – инженерлік есептерді автоматтандыру, физикалық үрдістерді талдау және имитация жасау құралдары;
...