Саны көп бақылаулары бар тура өлшеулер нәтижелерін стандартты өңдеу
Автор: Yeldos2004 • Март 3, 2023 • Лабораторная работа • 1,186 Слов (5 Страниц) • 168 Просмотры
ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1]
№1 Зертханалық жұмыс
Мамандығы: Автоматтандыру және басқару
Орындаған:Бектемір Елдос
Группа:АУк 21-1
Тізім бойынша: №4 нұсқа
Тексерген:Тлеубаева Ж.С.
______________________«_______»____________2023 жыл
(бағасы) (қолы)
Алматы 2023
Зертханалық жұмыс №1. Саны көп бақылаулары бар тура өлшеулер нәтижелерін стандартты өңдеу
Жұмыс мақсаты: саны көп бақылаулары бар тура өлшеулер нәтижелерін стандартты өңдеудің, өлшеу құралдар қателіктерінің таралу заңдарын анықтаудың, қателіктерді бағалау мен өлшеулер нәтижелерін көрсетудің дағдыларын алу.
1.2 Зертханалық жұмысқа тапсырма
Келесідей тапсырмаларды орындаңыз:
- виртуалды зертханалық жұмыстың экранында көрсетілген екі әртүрлі өлшеу құралдарының құрылымдық сұлбалары мен техникалық сипатамаларын оқыңыз;
- берілген кірудегі шаманы аталған өлшеу құралдарымен өлшеудің имитациялық тәжірибелерді өткізіңіз;
- имитациялық тәжірибелердің нәтижелерін статистикалық өңдеңіз;
- аталған өлшеу құралдар қателіктерінің таралу заңдарын бағалаңыз;
- бақылаулар нәтижелерінің қалыпты таралу заңына сәйкестігі туралы
гипотезасын Пирсонның 2 -критерийі көмегімен тексеріңіз.
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі
- Metlab.exe файлын қосып, бас мәзірден орындалатын зерханалық жұмыстың нөмірін таңдап: студенттің тіркелу терезесін толтырдым(1.1 сурет);
[pic 2]
1.1 cурет - Студенттің тіркелу терезесі
- Пайда болған виртуалды зертханалық стендтің терезесінде (1.2 сурет) кірудегі температураның қайта қосқышының астында орнатылған енгізу терезеcіне кірудегі температураның мәнін (тапсырма бойынша) енгізіп, «Enter» батырмасын бастым. Содан кейін зертханалық жұмысты орындауға аспаптардың таңдауын жасадым.[pic 3]
- сурет – Виртуалды зертханалық жұмыстың терезесі
1.2.3«Первичные преобразователи» бетінде термопаралар мен термокедергілердің ұсынылған тізімінен таспырмаға сәйкес бірінші ретті түрлендіргіштің типін таңдадым.
1.2.4 «Проверить правильность выбора прибора» батырмасын басып тексердім.
1.2.5 Егер де бірінші ретті түрлендіргіш дұрыс таңдалынған болса, сол жақта төменде «Первичный преобразователь выбран верно» жасыл лампасы жанады.
1.2.6 Келесі «Екінші ретті аспапты таңдау»(1.3 сурет),ол үшін «Вторичные приборы» бетіне көштім.
[pic 4]
1.3 сурет –Жұмыс кезеңдерін таңдау терезесі
- Жұмыстың келесі кезеңі «Имитациялық тәжірибе» болып табылады. Ол үшін «Статистическая обработка результатов» (1.3 сурет) бетіне көшіңіз. Пайда болған «Имитационный эксперимент и статистическая обработка результатов» (1.4 сурет) терезеcінде кірудегі температураны өлшеуге имитациялық тәжірибелерді екі өлшеу құралымен өткізуге мүмкіншілік бар: сол жақта таңдалынған бірінші ретті түрлендіргішпен, оң жақта таңдалынған екінші ретті аспабымен.
[pic 5]
1.4 сурет – Имитациялық тәжірибелер мен нәтижелерді статистикалық өңдеудің терезесі
1.2.8 Жұмыстың келесі кезеңі «Нәтижелерді статистикалық өңдеу».Бірінші ретті түрлендіргішпен өткізілген имитациялық тәжірибелерді статистикалық өңдедім. Ол үшін «Excel» батырмасын басып, сонда өлшенетін шаманың 50 мәнінің сұрыптауы автоматты түрде «.xls» кеңейтілуі бар файлда орнатылады.«Excel» файлын ашып, бақылау нәтижелері мен өлшеу нәтижелерінің математикалық күтімінің, дисперсиясының, орта квадратты ауытқуының бағаларын есептедім. Өлшенетін шаманың кездейсоқ қателіктері бар бақылау нәтижелерінің таралу заңының диаграммасын құрдым.
...