Мультимедиалык шығармаларды сандык су танбамен қорғау
Автор: tema_from_kz • Сентябрь 13, 2018 • Статья • 1,173 Слов (5 Страниц) • 845 Просмотры
УДК 004.932 Сағындыков Ж. М.
Магистр
Университет Туран
МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ САНДЫҚ СУ ТАҢБАМЕН ҚОРҒАУ
Аңдатпа: Бұл мақалада сандық контент (бейне, сурет, аудио) және авторлық құқықты сандық су таңбалармен қорғау қаралады. Сандық су таңбалар ғаламтор дамыған сайын әр түрлі электронды ақпараттарды, құжаттарды қорғауға және бейне материалдарды шығарған компанияның логотипін (автордың аты-жөнін) авторлық құқықты қорғау үшін қоюға тура келеді.
Кілттік сөздер: сандық су таңба, авторлық құқық, заңсыз көшіру, мультимедиа шығармаларын қорғау
Кіріспе. Ақпараттық технологиялардың дамуы сандық суреттер, DVD фильмдер, mp3 форматындағы әуендерді кең қолдануға әкелді. Өкінішке орай, көбінесе мультимедиалық шығармалар және оған кіретін сандық желілерде интелектуалдық нәтижелері қолданыстағы заңнамада дөрекі бұзулармен қолданылады.
Мультимедиа шығармаларында ерекше құқық режимі бар. Олар өзімен бірнеше объект біріккенің интеллектуалды қызмет нәтижесін білдіреді (интеллектаулды қызметінде қорғалмайтын нәтиже кіре алуы мүмкін) және тәуелсіз интелектуалды қызметінің нәтижесі болып келеді. Демек мультимедиалық шығармалары одан да басқа тікелей құқығы жасаушының, сол мультимеда құрамына кіреді. Олар сондай-ақ өз атын шығармаға қоюға құқылы.
Ұйымдастырушының қызметі шығармашылыққа есептелмей және күрделі объектілерге құқығы болмайды, бірақ шығармаға айрықша құқықтан басқа, өз есімін немесе атауын қоюға құқылы.
Ғаламторда шығармаларын тарататын және жаңғырту жағдайында техникалық қорғау құралдарына ерекше мән беріледі. Автор өзінің шығармаларық қызмет нәтижелерін ғаламторға шығарған кезде, шығарма жалпыға бірдей жеткізілген деп есептелінеді. Сонымен бірге қазірден бастап кез келген тұлға кез келген жерде және уақытта шығармаларға қол жеткізе алады. Дегенмен ғаламторға объектілер жиі авторлық құқықты автордың келісімсіз және рұқсатысыз орнатылады. Осындай жағдайларды болдырмау үшін мультимедиа шығармаларын ғаламторға жіберер алдында техникалық қорғаныс құралдармен немесе басқа телекоммуникациялық деректерді жіберу желілерін қамтамасыз ету керек. Бүгінгі күнде тез дамып келе жатқан мультимедиалық шығармаларды қорғайтын – сандық су таңбалар (digital watermark).
Сандық су таңбалар – бұл технология, мультимедиалық файлдарды авторлық құқықты қорғауға арналған [1]. Сандық су таңба – бұл арнайы белгі, сандық контентке құқық қорғау мақсатымен ендіріледі және құжаттың тұтасытығын растау үшін. Сандық су таңбаны кез келген электронды құжаттар түрлерінің ішіне орнатуға болады. Түрлі суреттермен қатар (фотосурет, сызбалар, сканерленген қағаз құжаттар және т.б.) тағы да аудио жазбалар және бейне материалдар ішінде сандық су таңбалар кездеседі. Сандық су таңба ғаламторға бірегей фотосурет, бейне, аудиотректерді электронды түрде орналастырғанда белсенді қолданады.
Автордың рұқсатысыз мультимедиалық шығарманы таныстыратын компьютерлік файлды өзгертуге мүмкіндігі болмауы үшін, бүкіл қажетті ақпаратты қамтып әділ пайдалану үшін, сандық су таңба қолданылады. Егер шығарма қандай да бір өзгеріске ұшыраса, онда онымен бірге сандық су таңба өзгереді [2]. Сандық су таңба өзі біршама ақпаратты көрсетеді, сандық контентке қосылатын және кейіннен табылуы мүмкін немесе сандық контентен құқық ұсынудан алып тастайды.
Сандық су таңбалар өзінің атын су таңбаға ұқсастығынан алды, су таңбалар банкноттарда және басқа бағалы қағаздарда қолданылады. Сандық су таңбалар көрінетін және көрінбейтін болып екі түрге бөлінеді.
Көрінетін саңдық су таңбалар - олар суретте немесе бейнелерде қолданылады. Бұл бұл ақпарат өзімен мәтін немесе логотипті көрсетіп авторды анықтайды. Осындай су таңбалар бейне материалды нақты авторды немесе компанияны кімге жататынын көрсетеді [3]. Негізгі өзгешілігі сандық су таңбалардың қарапайым (кағаздан) сандық су таңбалар көрінбейді (көрінетін сандық су таңбалар бірнеше жағдайларда ғана қолданылады). Сандық су таңба арқасында бұл құқықты жүзеге асыра алады.Бірақ көрінетін сандық су таңбаларды оңай жойып немесе ауыстыруға болады. Автордың рұқсатысыз осындай ақпаратты өшіру немесе өзгерту тыйым салынады. Егер бұл ережелерді бұзған жағдайда автор немесе басқа құқық иегері өз таңдауы бойынша шығындарды өтеу немесе өтемақыны төлеуді талап етуге құқылы. Сонымен қатар сандық су таңбалы бейне материалды авторлық болуын зерттеу – минуттық жұмыс. Ол үшін арнайы бағдарламаны ашу жеткілікті, және нақты сәйкестендіру нөмірін бар болуын туралы анықтайды. Бағдарлама іс жүзінде бірден бейне материалды тексеріп авторды анықталмайтын болса онда нақты авторға жатпайтынын хабарлайды
...