Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кен орнында пайдаланылатын механикаландырылған кешеннің құрамы мен техникалық сипатамалары

Автор:   •  Май 3, 2019  •  Курсовая работа  •  10,524 Слов (43 Страниц)  •  809 Просмотры

Страница 1 из 43

Кіріспе

Көмір өнеркәсібі Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің маңызды бөлігі болып табылады. Оның қазіргі кезеңдегі дамуы, ең алдымен, көмірдің сапасын арттырумен байланысты. Көмір өнеркәсібінің алдында тұрған басым міндеттердің бірі азаматтарды, қоршаған ортаны және тауар нарығын сапасыз көмір өнімдерінен қорғауға қабілетті сапа менеджменті жүйесін құру болуы керек. Кен өңдіру жұмыстары кен өңдіріснің маңызды ажырамас бөлігі болып табылады. Көмір өнеркәсібі – еліміздегі пайдаланатын отынның 1/2 бөлігі - көмірдің үлесіне тиеді.

Біздің негізгі мақсатымыз өндірістегі курстың және сабақтас пәндердің теориялық білімдерін шоғырландыру, нақты кәсіпорынның басқаруындағы тәжірибелік дағдыларды меңгеру және ақпараттық жүйелерді жобалау мен дамыту тәжірибесін алу.

Негізгі міндеттер екі топқа бөлінеді:

- білім беру және ғылыми:

1. Біздің бұрын оқытылған пәндер бойынша алған теориялық білімдерін, практикалық дағдыларын және дағдыларын шоғырландыру;

2. Өндірістік ұйымдар мен қызметтердің жұмысымен танысу;

3. Кәсіби мамандықты кеңейту, студенттер арасында ойлау мен дағдыларды дамыту;

4. Курстық (дипломдық) жұмысты дайындау үшін нақты материалды жинау.

Тәжірибе жетекшісімен бірге, мен табысты іске асырылған қоғамда тікелей жұмыс жоспары жасадым.

Кен өңдіру жұмыстары кен өңдіріснің маңызды ажырамас бөлігі болып табылады. Менің мақсатым осы дипломдық жұмыста кен өңдіруде үлес қосу. Елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі болғандықтан, ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу (байыту) шараларын да қамтиды. Кен өңдірудегі техникалық құрал жабдықтарға тоқталамын және ең бастысы механикаландырылған тіреуді қарастыру болып табылады.

  1. Жалпы мәліметтер
  1. Кен орның геологиялық тұрғыда қарастыру

Көмір өңеркәсібі отын-энергетикалық кешенінің маңызды бөлігі болып

табылады. Қазақстанда көмір өнеркәсібі шаруашылықтың ең көне саласына жатады және де осы көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады. Көмірден 1833 жылы қойшы Байжанов Аппақ Қарағанды мекенінен “отқа жанатын қара тасты” кездейсоқ тауып алған. Бірақ 23 жыл өткеннен кейін ғана өнеркәсіп иелері кен орнына назар аудара бастады. Қарағанды кенінен алғашқы 30 жылда (1857 – 1887) 303 мың тонна немесе әр жылы орта есеппен 10 мың тонна көмір өндірілді. Ал, кейінгі 21 жылда (1899 – 1920) мұнда 860 мың т көмір қазылды. 1905 жылы  Қарағанды көмір кеніне француздар, сонан соң ағылшындар қожалық етті. Ол кезде көмір қазатын құрал қайла, күрек болды, тасымалдауға сүйретпе шана пайдаланылды. 19 ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында тағы да бірнеше кен орындары, соның ішінде Екібастұз көмір кен орны да ашылды. Бірақ олардың барлығынан алынған көмір небәрі 500 мың тоннадай ғана болды. Қазақстанда кеңестік көмір өнеркәсібі 1930 жылдан құрыла бастады. 1930 жылы Қарағандыда алғашқы 4 шахта ашылды. Қарағанды көмір алабында көмір өндірісін дамытуға үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінді. 1937 жылы Қарағанды көмір тресі 3,5 млн. тоннадан астам көмір өндірді, мұның өзі 1936 жылмен салыстырғанда 10,1% артық еді. 2-дүниежүзілік соғысқа (1941 – 1945) дейінгі кезеңде 23 шахта ашылып, олардан 6635 мың тонна көмір алынды. Осы жылдарда Қазақстан Кеңес Одағында өндірілген көмірдің 4%-ын берді. Көмірді қазу, қопару жұмыстары толық механикаландырылып, жұмыстың 80%-дан астамы көмір қопарғыш машиналармен атқарылды. Жер астынан көмірді тасып шығару жұмыстарын механикаландыру деңгейі артты. Жұмысшылардың еңбек өнімділігі айына 42,6 тоннаға дейін жетті. Соғыс жылдарында Қазақстанда көмір өндіру көлемі шұғыл артып, жылына 12 млн тоннаға дейін (одақ бойынша 8%) өсті. Бұл кезеңде Қарағанды Кеңес Одағының негізгі отын базасына айналды. 1945 жылы 39 шахта мен 3 тілік жұмыс істеді.Соғыстан кейінгі 10 жылда (1946 – 1955) Қарағанды алабында жаңа шахталардың салынуы, Саран, Шерубайнұра тіліктерінің игерілуі, сондай-ақ, шағын шахталарды біріктірудің және көмірді ашық әдіспен алудың дамытыла бастауы нәтижесінде көмір өндіру 2 еседей артып, жылына 28 млн тоннаға дейін жетті. Салада аса өнімді комбайндарды, жер астынан дүркін-дүркін көмір таситын электровоздардың орнына толассыз конвейерлерді, механикаландырылған құралдарды пайдалану нәтижесінде көмір өндіру қарқыны арта түсті. Көмір тіліктерінде алымы аз бір шөмішті экскаваторлардың орнына, сағатына 5 мың тонна көмір өндіретін көп шөмішті роторлы экскаваторлар, паровоздардың орнына электровоздар қолданылды. 1955 жылдан бастап Қазақстанда көмір өнеркәсібінің дамуы елеулі кезеңге аяқ басты. Осы жылы Екібастұз алабында 3 тілік пайдалануға берілді. Солардың бірі – жылына 50 млн тонна көмір өндіретін дүние жүзіндегі ең ірі “Богатырь” тілігі. Екібастұз алабындағы көмір қоры (10 млрд тонна) жер бетіне таяу жатыр әрі көмір қабаты 200 м-ге дейін жетеді. Осыған орай мұнда көмір ең тиімді ашық әдіспен қазылып алынады. Қазақстанда көмір өнеркәсібі орындары 1980 жылы 115 млн тонна, 1985 жылы 131 млн тонна көмір өндірді. Көмір өндіру көлемінің ең жоғары деңгейіне 1988 жылы қол жеткізілді (143 млн тонна). Экономикалық реформалар жағдайында жүргізілген құрылымдық өзгерістерге байланысты көмір өндіру көлемі республикада 1989 жылдан бастап (138 млн тонна көмір өндірілген) азая бастады. 1990 жылы республикада 131 млн тонна көмір өндірілген болса, 1997 жылы өндірілген көмірдің көлемі 72,6 млн тонна болды.

...

Скачать:   txt (165.7 Kb)   pdf (852.2 Kb)   docx (716.2 Kb)  
Продолжить читать еще 42 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club