Есеп Өндірістік сараман бойынша
Автор: Murat Maratov • Июль 25, 2022 • Отчет по практике • 3,005 Слов (13 Страниц) • 585 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Факультет: Физика-математика
Кафедра:Информатика
Білім беру бағдарламасы 6В06102-«Ақпараттық жүйелер»
Өндірістік сараман бойынша
ЕСЕП
Орындаған ИС-21 топ студенті
Бағыт Қайсар Дулатұлы
27.05.2022_________
Тексерді:
Кажыгалиева Сулико Кожабаевна
________ __________________
(баға) (қолы)
М.О 27.05.2022
Мещеряков Никита Олегович
________ __________________
(баға) (қолы)
_____________
(күні)
Орал, 2022ж.
Мазмұны
1.Мақсаты мен міндеттері....................................................................................
2. Негізгі бөлім.......................................................................................................
2.1. Өндірістік практика өтетін мекенің сипаттамасы....................................
2.2 Теориялық материалдарды меңгеру...........................................................
2.3 Тапсырманы орындау туралы есеп.............................................................
3.Сараман бойынша студенттің ұсыныстары мен қорытындысы...................
4.Әдебиеттер тізімі................................................................................................
1.Мақсаты мен міндеттері
Сараман мақсаты-алынған теориялық білімді тексеру мекемелердің қызметіне практикалық қатысу негізінде кәсіби дағдыларды дамыту. Жеке жұмыс тәжірибесін жинақтау, талдау
Қойылған мақсаттарға сәйкес тізімдегі жұмыстар атқарылуы қажет:
• кәсіби сараман өтетін орынымен танысу,ұжыммен жұмыс жасауға дағдылану;
• жұмыс орының техникалық,цифрлық жақтарының жұмысын қадағалау,жұмысқа жарамды күйін қамтамасыз ету,қателіктер болған жағдайда түзету;
• ақпараттық,технологиялық қауіпсіздікті сақтау(вирустар,қателіктер);
• сараман орынының желілерімен,ғаламтормен жұмыс;
Сараман міндеттері:
Практика негізгі білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді кәсіби даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, ол болашақ бағдарламашыларда ЖОО-да білім беру процесін жобалауға, оқу сабақтарын талдау мен құрастыруға, еңбек мәдениетінің маңызды элементтерін қалыптастыруға бағытталған.
2.1 Өндірістік практика өтетін мекеменің сипаттамасы
Толық атауы: Атырау облысы білім беру басқармасының Қызылқоға ауданы білім бөлімінің "Ығылман Шөреков атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мекен-жайы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Абай Құнанбаев көшесі 49.
Индекс: 060500.
Телефон: 8-712-38-21355.
Мектеп директоры: Кажыгалиева Сулико Кожабаевна.
Миссиясы: Өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға қабілетті, ақпараттық қоғамдағы өмірдің әртүрлі түрлеріне толыққанды және тиімді қатысуға дайын бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Мекеме мақсаты: Оқушы тұлғасының зияткерлік дамуына, сауаттылығының жоғары деңгейіне, танымдық қызметінің тұрақты уәждемесіне және қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруіне ықпал ететін білім беру кеңістігін қалыптастыру.
• Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін бағдарламаларын және білім берудің әлемдік үрдістерін және лицейдің Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің оқу орындарымен өзара іс-қимылын ескере отырып, білім беру процесін ұйымдастыру;
• Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту негізінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бейінді оқытуды іске асыру;
...