Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Есеп Өндірістік, кәсіби практикалар бойынша

Автор:   •  Ноябрь 7, 2022  •  Отчет по практике  •  921 Слов (4 Страниц)  •  238 Просмотры

Страница 1 из 4

Өндірістік, кәсіби практикалар бойынша

ЕСЕП

мамандығы: «Ұйымдастырушылық психология»

қашықтықтан оқыту нысаны

І. Өндірістік практика бойынша

1. Таныстыру бөлімі

Мақсатты топ: жоғары деңгейдегі басқару саласында біліктілігін арттыру курстарының тыңдаушылары; қызметтері – облыстық полиция департаменттерінің басшы қызметкерлері; жас аралықтары – 38 мен 53 жаста; жынысы – ерлер; адам саны – 19; психологиялық талаптары – басқару саласында қажетті дағдыларды игеру.

Жүргізілу нысаны: жұмыс 95 % орыс тілінде жүрді. Сондықтан, тесттердің мәтіндері мен алынған нәтижелердің түсіндірмелері орыс тілінде қолданылды және дайындалды.

2. Диагностикалық бөлім

Жоспар бойынша сабақ барысында бақылау жүргізу, сабақтан тыс уақытта топпен тест өткізіп, тренинг жүргізу жоспарланды.

Алғашқы кездесу. Топпен кездесу ұйымдастырылды. Танысу өтті.

Топтық сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында қызметкерлер сұранысы анықталды – қажетті білім мен дағдылар бағыты анықталды, олар – басқару, жоспарлау, басымдықтарды анықтау және уақытты дұрыс пайдалана алу дағдыларын игеру, жеке құрамды ұйымдастыру мен мотивациялау дағдылары, көпшілік алдында сөйлеу машықтары және т.б.

Алдын ала дайындалған диагностикалық тест қолданылды. Бұл тесттер жұмыс жүргізілетін санатқа сәйкестендірілді. Тесттер ресейлік авторлардың тесттеріне сүйеніп бейімделді.

  1. Резник С.Д., Игошина И.А., Шестернина О.И. - «Сіз тиімді басшысыз ба?», «Сіз қандай басшысыз?» тесттерінің біріктірілген нұсқасы
  2. Л.Д. Столяренко – «Басқарушылық жағдайлар мен басшының ұстанған бағыты» тестінің бейімделген нұсқасы.
  3. Майерс-Бриггстің типологиялық сауалнамасы (типологический опросник)
  4. Вартегга графикалық тестіне және Л.Д. Столяренконың «Еріксіз салынған сурет» тесттеріне сүйене отырып бейімделген психологиялық тест «12 квадрат»
  5. Бейімделген интеллектуалды тест. Л.Д. Столяренконың, Липпманның ұсынған тесттарынан бейімделген.

Қолданылуы:

1-кезең.

«Сіз тиімді басшысыз ба?», «Сіз қандай басшысыз?» тесттерінің біріктірілген нұсқасы мен Майерс-Бриггстің типологиялық сауалнамасының қорытындысы біріктіріле отырып жасалды.

Мақсаты: басшының биполярлық тиімділігін өзіндік бағалауы; ұйымдастырушылық қабілеттерін; басшының басқарушылық әлеуетін анықтау.

2- кезең.

Л.Д. Столяренко – «Басқарушылық жағдайлар мен басшының ұстанған бағыты» тестінің бейімделген нұсқасы.

Мақсаты: басшылық стилін; басшының белгілі бір жағдайдағы бағытын; көшбасшылық қабілетін анықтау.

3- кезең.

Вартегга графикалық тестіне және Л.Д. Столяренконың «Еріксіз салынған сурет» тесттеріне сүйене отырып бейімделген психологиялық тест «12 квадрат».

Мақсаты: адамның эмоционалды және рационалды реакцияларын анықтау; сезімдік жан-дүниесі мен логикалық бағытын анықтау.

4-кезең.

Бейімделген интеллектуалды тест.

Мақсаты: интеллектуалды даму деңгейін, логикалық ойлау қабілетін, ойлаудың жеделдігі мен жүйке үрдістерінің қозғалғыштығын анықтау.

3. Топтық жұмыс – тренингтер

Тренинг тақырыбы: «Команда құру». Даму деңгейлері өте жақын болғандықтан, ешқандай негізсіз екі топ құрылды.

1-қадам. Команданы эмоционалды тұрғыда құрап алу мақсатында «Energizer» жаттығу – «Айдаһар, самурай, принцесса» ойыны ойналды.

2-қадам. Командада бірін бірі түсіну бойынша ойындар өткізіледі. Ойын көздері жұмулы күйде өтті.

Мақсаты: көшбасшылық қасиетті пайдалана алу, командалық рухты сезіну.

3-қадам. Тренинг-жаттығу – «Лидер және оның командасы». Топпен жұмыс. Топ 3 командаға бөлінеді.

А) Көшбасшылық туралы түсінік.

1. Стикерге осы топтың (әріптестірінің) ішінен нағыз 3 лидер таңдап жазу. Стикерлер жиналып алынады.

2. Өзінің лидерлік қасиетінің көрініс тапқан оқиғаны еске түсіру.

3. «Көшбасшы, Бастық, Харизма» ұғымдарының мағынасы мен ерекшеліктерін флипчартта тыңдаушылардың ойлары арқылы талқылау.

«Авторитарлық, Демократиялық, Либералды стильдер» ұғымдарының мағынасы мен ерекшеліктерін флипчартта тыңдаушылардың ойлары арқылы талқылау.

...

Скачать:   txt (14.7 Kb)   pdf (93.5 Kb)   docx (13.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club