ДК орталық процессоры
Автор: Zhuzi03 • Сентябрь 17, 2021 • Практическая работа • 3,363 Слов (14 Страниц) • 294 Просмотры
Практикалық тапсырма
ДК орталық процессоры
Тапсырма 1. Компьютерде орнатылған процессорды тексеру.
- CPU-z бағдарламасын орнату
[pic 1]
[pic 2]
[pic 3]
[pic 4]
[pic 5]
[pic 6]
- Компьютерде орнатылған процессордың мәліметтерін жазу:
- Ядролы адымдау және өңдеу технологиясы
[pic 7]
[pic 8]
- Қаптама
[pic 9]
- Негізгі кернеу
[pic 10]
- Ішкі және сыртқы жиіліктер, процессордың мультипликаторы
[pic 11]
- Қолдау көрсетілетін нұсқаулар жиынтығы
[pic 12]
- Кэш жады туралы ақпарат
[pic 13]
Тапсырма 2.
- Компьютер архитектурасының негізгі элементтерінің тізімін жасаңыз.
ЭЕМ деген - арифметикалық және логикалық амалдар тобын автоматты түрде орындауға, әр түрлі есептеу жұмыстарын орындауға арналған құрылғы.
Жүйелік блок. Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған және қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыштары орнатылған, сонымен қатар жүйені электр тогына қосатын батырма қойылған. Оның ішіндегілерінің түрін бөлу үшін артқы қақпағын ашу керек. Бірақ корпусы әр түрлі болуы мүмкін жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында компьютерді қосу/өшіру батырмасы, дискі жетек, компакті дискден оқитын (CD-ROM) орналастырылған. Кейбір компьютерлердің жүйелік блогынде компьютерді қайта жүктеу батырмасы болады.
Жүйелік блок төмендегідей түрлерде: столға қойатын (горизанталь түрде) «енкейген» немесе тік орналасқан «башня» түрінде жасалуы мүмкін. Башнялық жүйелік блоктың екі түрі болады, олар мини- оны столдың шетіне орналастырады, мини - оны стол үстіне орналастыруға болады.
Монитор. Дисплей – компьютердің экранына информация шығаруға арналған құрылғы. Сыртқы пішіні жағынан дисплей түрлі түсті телевизордың экранынан аумайды, сондықтан оны көп жағдайда монитор деп те атайды. Дисплейді адамға информация беріп отыратын компьютердің тілі деп қарауға болады. Дисплей электонды-сәулелік трубкадан, оны қоректендіруші (питание) блоктан және сәулені бағыттап отыратын электрондық блоктан тұрады. Дисплей символдық болса, онда экранда символдық информация, ал графиктік болса, онда символдық информациялардан өзге мониторда график және сурет орналастыруға болады. Монитор түрлі түсті немесе монохромды болуы мүмкін. Монитор экранында кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелер (егер монитор түрлі түсті болса) тобынан немесе сұр нүктелер тобынан (егер монитор монохромды болса) тұрады. Ол нүктелерді әдетте пикселдер деп атайды. Түрлі түсті мониторда әр пиксел қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялғакн кішкентай үш нүктеден тұрады. Тік және жатық жолға орналасқан пикселдер саны монитордың мүмкіндігін көрсетеді. Монитор экранына орналасқан пикселдер саны қанша көп болса, монитордың шешуші мүмкіндігі жоғары болады.
Пернетақта. Пернетақта – компьюрге информация енгізуге арналған құрылғы. Ондағы әріпті және цифрлі пернелер арқылы компьтерге кез келген информация-ларды енгізуге болады. Қазіргі компьютерлердің тақтасында 101 немесе 102 перне болады.
Пернелер бірнеше блокқа (топқа) бөлінеді:
- Символдық пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Олардың көмегімен кез–келген алфавитті-цифрлық информацияларды компьтерге енгізеді. Бұл бөлікте латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілер және басқа да смволдар роналақан.
- Функционалдық пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолға орналасқан. Олар латынның F (F1, F26 … F12) әріпімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютерде күрделі амалдарды тез орындауға арналған. әр түрлі тілдегі программаларда тез орындауға арналған. Әр түрлі тілдегі программалар олар әр түрлі міндеттер атқарады. Мысалы, Бейсик тілінде F1-F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады.
- Меңзерді (курсорды экран бетінде басқару пернелері. Олар арқылы экранда символ орналасатын орынды анықтайды. Меңзер – экранда жанып-өшіп тұратын символ (сызықша, төртбұрыш, көрсеткіш). Бұл пернелер символдық пернелердің оң жағына орналасады да, стрелкалар арқылы белгіленеді. Олар меңзерді экран бетінде жылжытуға арналған.
- Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады да, символдық пернелердің оң жағына орналасады. Олардың көмегімен цифрлық информацияларды компьютерге енгізеді немесе меңзерді экран бетінде басқару үшін пайдаланады. пернесі пернетақтаның оң жақ бөлігіндегі қосымша пернелердің жұмыс істеу режимін ауыстырады. Егер пернесін басса, онда қосымша пернелер арқалы цифралар енгізіледі, ал оны екінші рет басса, онда ол пернелер меңзердің экрандағы жылжыту бағытын басқарады, яғни пернедегі цифралар стрелкалардың міндетін атқарады.
Тышқан (Мышь). Қазіргі кездегі компьютерлерге информацияларды енгізуге арналған манипулятор Тышқан құрылғысымен жабдықталған. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған, оның өткізгіші компьютерге жалғанған, ол тышқанның құйрығына ұқсайды, ал түрі тышқанға ұқсаған және ол кілемше бетінде еркін жылжи алатын арнайы құрылғы. Тышқанның екі түрі болады: Үш батырмалы, екі батырмалы. Қазіргі кезде екі батырмалы Тышқан жиі пайдаланылады, себебі, ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдалынылмайды. Тышқан қорабының ішінде ауыр резинкемен қапталған металдан жасалған шарик орналасқан Ол қораптың сыртына азғана шығып тұрады да ол кілемше бетіне тиіп тұрады. Тышқанды кілемше бетінде жылжытқанда, шарик айналады. Оның айналуы өзара перпендикуляр екі валикті айналдырады да, ол компьютер экранның бетіне «оңға-солға» және «жоғары-төмен» деген сигналдарды береді. Алынған сигналды компьтер өңдейді, өңдеу нәтижесінде Тышқан көрсеткіші экран бетінде өзгереді, яғни Тышқан көрсеткіші экран бетіне жылжиды. Егер Тышқан жылжитын бет өте тайғанақ болса, онда шарик дөңгеленбей, сырғу мүмкін, сондықтан оған кедергісі бар кілемше қолданады.
...