Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Автор: Dias Rahymbai • Февраль 12, 2023 • Отчет по практике • 1,691 Слов (7 Страниц) • 260 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасы
«Бекітемін»
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Мурзабекова Г.Е.
11.06.2020ж.
ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІНЕ
ЕСЕП
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
(пәннің атауы)
Студент: Нагашибаева Махаббат Ануарқызы,КСИПО 19-11
(АЖТ,тобы)
11.06.2020ж.
(мерзімі)
Практика жетекшісі: Джумагалиева Айнұр Максимқызы
(АЖТ, қызметі)
_____________________________________________
(мерзімі,қолы)
Мазмұны
Кіріспе....................................................................................................... | 3 |
Оқу-тәжірибесінің мақсаты мен міндет.......................................... | 3 |
Оқу-тәжірибенің өту орны..................................................................... | 4 |
Оқу-тәжірибесін өткізу формалары ...................................................... | 4 |
Программалау бойынша оқу-тәжірибесін өту нәтижесінде қалыптасқан студенттің құзіреттілігі................................................... | 5 |
Студенттің оқу-тәжірибесінің тапсырмалары.................................... | 5 |
Оқу-тәжірибесінің мазмұны.................................................................. | 5 |
Оқу тәжірибені орындау тапсырмаларына мысалдар......................... | 6 |
«Python» бағдарламалау тілінің тапсырма мысалдары...................... | 13 |
Оқу-тәжірибе есебінің қорытындысы .................................................. | 17 |
Оқу-тәжірибенің әдістемелік қамтамасыз етілуі................................. | 18 |
А қосымшасы | |
Б қосымшасы |
Кіріспе
Тәжірибе - жоғары кәсіби білімнің қосалқы бөлігі. Оның көмегімен мамандық бойынша алынған теориялық білім, әріқарай дамиды, тереңдейді. Студенттердің оқу процесінде алған теориялық және практикалық білімдерін бекітуге, «Бизнес-информатика» мамандығы бойынша «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша практикалық дағдыларды игеруге және жетілдіруге бағытталған тәрбие жұмысының түрі.
Тәжірибе оқу жылының академиялық күнтізбесімен белгіленген, мерзімде жүзеге асырылады.
Бағдарлама компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің 6В061-«Бизнес-информатика» мамандығының күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне жоспарға сай құрастырылып, жазылған.
Оқу-тәжірибесінің мақсаты мен міндеті
Оқу-тәжірибенің мақсаты:
- бастапқы кәсіби құзыреттіліктерді игеру;
- бағдарламалауда студенттің теориялық дайындығын бекіту және тереңдету;
- өзіндік және ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын игеру;
- практикалық есептерді шешуде заманауи компьютерлік технологияларды қолдана білу;
- кәсіптік қызмет саласындағы практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеру.
Оқу тәжірибесінің міндеті:
- бағдарламалаудың мазмұнымен және ерекшеліктерімен танысу;
- студенттердің теориялық оқыту процесінде алған теориялық білімдерін, дағдыларын, бекіту, тереңдету және кеңейту;
- кәсіби дағдылар мен дағдыларды игеру;
- кәсіби дайындық деңгейін жоғарылату;
- болашақ мамандарды практикалық іс-әрекеттерді орындауға дайындайды;
- міндеттерді қою дағдыларын дамыту, бағдарламаны құру және тапсырмаларды өңдеу технологиясын игеру;
- бағдарламалау дағдыларын дамыту және тереңдету;
- нақты кәсіптік мәселелерді өз бетінше немесе ғылыми-өндірістік топтың құрамында шешу мүмкіндігі;
...