Тізбектелген сабақтар топтамасы жайлы рефлексифтік есеп
Автор: mikosh03 • Октябрь 25, 2018 • Реферат • 2,177 Слов (9 Страниц) • 644 Просмотры
Тізбектелген сабақтар топтамасы жайлы рефлексифтік есеп
Мектептегі пәндердің ішіндегі оқушыларға қиындық туғызатын пәндердің бірі – өзге жат ағылшын тілі. Бірақ қазір ағылшын тілін меңгеру –заман талабы болғандықтан бар күшімді салып, осы бағдарламаға сүйене отырып, балаға білім алуда дұрыс бағыт бағдар беру әрбір заманауи мұғалімнің міндеті деп ойлаймын. Тәжірибемде зерттеу жұмысын жүргізу үшін алтыншы сынып оқушыларын алдым . Оның өзіндік себебі бар еді, бұл сынып биылғы жаңа оқу жылының басында алынған білімді тексеру мониторингісінің нәтижесі бойынша білім сапасын төмен көрсеткен. Бұл сыныпты таңдаған себебім, сынып аса белсенді, алғыр еместіктен жақсы оқитын оқушылар аз болғандықтан, осы бағдарламаның жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану барысында бұл сынып мүмкін өзгеріп бұрынғыдан қарағанда жақсы қорытынды береді деген үмітпен алған болатынмын.
Кәсіби пән ретінде өзгеруімді айтатын болсам, егер біз бұрын күнтүзбелік жоспарда тек қана тақырып және мерзімі сияқты т.б. жазылса ал орта мерзімді жоспарда мақсаты, міндеттері, және күтілетін нәтиже, 7 модульді кіріктіру, және сабақта қолданатын әдіс-тәсілдердің барлығы нақты жазылады. Қысқа мерзімді жоспарда да міндеттері, күтілетін нәтижесі тағы сондай сияқты барлығы нақты жазылады.
Ендігі жасайтын іс- әрекет орта мерзімді жоспарды құру, жоспарды құруда баланы сыни тұрғыдан ойландыру үшін, топтық жұмыс жасауға үйрету үшін , есте сақтау қабілетін дамыту үшін қандай әдіс-тәсілдер қолдансам деген оймен орта мерзімді жоспарды құруға кірістім, әрине әріптестеріммен ақылдастым. Ақылдасу барысында әріптсстер тарапынан көптеген ұсыныстар айтылды, соның бәрін ескере отырып жоспарымды құрдым. Сол жоспар бойынша сабақтарымды өттім. Тізбектелген сабақ топтамасын өту барысында оқушылардың кішкене болса да сабаққа деген зейіндерінің өзгергенін байқадым, өзімнің бұрынғы сабақ беруімдегі ұйымдастыру кезеңім, жаңа сабақты түсіндіруім, жаңа сабақты бекітуім және бағалауыма көз қарасым өзгерді. Өйткені бұрын сабақта көбіне мен өзім сөйлеп түсінбегендерін түсінгенше аяғына дейін түсіндіріп 45 минут болмаса да көп уақытты түсіндірумен кетіретінмін. Сонда балаға сол тақырып туралы өздері ойлауға ешбір мүмкіншілік бермейді екенмін ал мына осы бағдарлама бойынша сындарлы оқытуда өтілген сабақтарымда оқушыларға еркіндік бердім. Оқушыларға өз ойын еркін жеткізуге, әркімнің ойы өзіне құнды екенін түсіндіріп сол үшін еркін сөйлеуге, өздерін және өзара бағалауларына, бірігіп жұмыс жүргізулеріне толық мүмкіншілік беруге тырыстым.
Жоғарыда айтылған курс бағдарламасының мақсаты орындалу үшін өзіне сенімді жеке тұлға, үнемі ізденімпаз, жан-жақты, нақты сұрақ қоя алатын, сонымен бірге сұраққа еркін жауап бере алатын, алған білімін өмірмен байланыстыратын және өмірде қолдана алатын болуы керек. Оқыту - аса күрделі іс-әрекет, сондықтан оған дайын болуға осы курс барысында оқыған теорияны, тәжірибе кезіндегі жасаған топтық іс-әрекеттер, оқыту әдістері көп проблеманың түйінің шешуге көмектеседі деп сенемін.
Осы біз оқып жатқан курстың тиімді жақтарының бірі – оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына көп көңілдің бөлінуі. .
Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру кәзіргі таңда әр ұстаздың мақсаты. Іс-тәжірибеме алғаш енгізген өзгерісім «оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру» болып табылды. Бұл мен үшін үлкен өзгеріс. Егер курсқа дейін мен тек қана оқушыларға калайсыздар, көңіл күйлеріңіз қалай деп қана сұрап ары қарай сабақты жалғастырсам, ал тәжірибемдегі сабақтарымда алдымен сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырмай тұрып сабақ бастамайтын болдым. Өйткені, жақсы көңіл-күй қалыптаспаған сыныпта, бірігіп топтық жұмыс жүргізу оңайға соқпайды. Осындай жағдайларды орын алдырмас үшін оқушылардың арасындағы ынтымақтастық атмосфераның қалыптастырылғаны, олардың үндерінен күлкі естіліп, жақсы көңіл-күймен сабақ басталып отырғаны қатты ұнады. Бұрын оқушылар сабаққа келгенде қазір менен сабақ сұрайды деген үрей, қорқыныш, өзіне сенімсіздік тудырса, ал осы әр түрлі сергіту сәттерінен кейін сабақта көңіл күйлерінің көтеріңкі болуы, сабаққа деген қызығушылығының артуы, өздерін еркін ұстауы т.б. байқадым. Иә, бұл да мен үшін үлкен өзгеріс емес пе? Сабағымда оқушылармен сенімділік атмосфераның жақсы қалыптасқанын байқадым. Оқушылармен бірге сабақ барысындағы тәртіптік жұмысты ұйымдастыру үшін «Алтын Ереже» тізбегін жасадық. Бұл оқушыларды өзін өзі реттеуге итермеледі. Осы алтын ережеге сүйеніп отырған оқушыларымның өзгергенін байқадым.
...