Көбейту кестесін ойындар арқылы үйрену
Автор: merei1984 • Октябрь 30, 2018 • Реферат • 1,747 Слов (7 Страниц) • 3,391 Просмотры
Мазмұны
- Аннотация..........................................................................................2 бет
- Кіріспе................................................................................................3 бет
- Зерттеу бөлімі. Көбейту кестесін ойындар арқылы үйрену..........5 бет
- Көбейту кестесіне арналған қызықты логикалық сұрақтар..........12 бет
- Қортынды..........................................................................................13 бет
- Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................14 бет
Аннотация
Математиканың негізгі мақсаты есептеуде, салыстыруда, өлшеуде. Бұл жобада көбейту кестесінің ережелеріне сүйене отырып, балаларды тез, оңай жаттау тәсілдері көрсетілген. Берілген ойындар мен қызықты логикалық сұрақтар арқылы балаларды көбейту кестесін қатесіз, қызыға жаттауға ынталандыру.
Кіріспе
Математика – барлық ғылымдардың ең алғашқысы әрі оларға пайдалысы да әрі қажеттісі де осы. ((1214-1292) Роджер Бэкон - ағылшын жаратылыстанушысы) Математика әр кезеңде теориялық жаңа мәселелермен толықтырылып, аясы кеңейтіліп келеді. Математика қосу, алу, көбейту, бөлу амалдарынан тұрады.
Көбейту дегеніміз – көбейткіштер деп аталатын екі объектіден көбейтінді деп аталатын үшінші объекті құру. Көбейту «х» белгісін 1613 жылы ағылшын математигі Уильям Оутред (1574-1680) ұсынған. Жалпы алғанда көбейту – әр түрлі бинарлық (латынша – қос, екі деген сөз) амалдардың атауы болып табылады.
Көбейту кестесін бастауыш сыныптарда оқығандықтан, біз оқушылар әр-түрлі қиындықтарға кездесіп жатамыз. Жаттау, оларды оқып үйрену алғашқыда қиын болғандықтан, ұстазымыздың көбейту кестесін үйреткен қызықты амал-тәсілдері арқылы оларды жаттап, оқып үйрендік.
Көбейту кестесін жаттауда мен көптеген қызықты тапсырмалар арқылы өзім қатарлы балалардың көбейту кестесін оңай, жылдам жаттауға болатының түсіндім және ұстазымның арқасында математикаға деген қызығушылым күннен-күнге артты.
Сабақтан тыс уақытта, үйде мұғалімнің берген тапсырмаларын орындау барысында, көбейту кестесін жатқа үйрендім.
Бірнеше амалдар арқылы көбейту есептерін шығардым. Сол себептен осы жобаны жазуда көбейтудің ерекшеліктерін және мен сияқты бастауыш сынып оқушыларына көбейту амалдарының қызықты екенін көрсеткім келеді.
Өмірде кез-келген адам, мен сияқты мектеп оқушылары математика пәнінің айнымас, білуге міндетті бөлімі көбейту кестесін үйрену үдерісін басынан кешеді. Әрқайсысы оны әр түрлі тәсілдермен жаттап үйренді.
Бірақ, әр оқушы - жеке тұлға. Ендеше табиғи қабілетіне сәйкес қабылдауы да түрлі болады.
Қазіргі оқушының көбейту кестесін жаттаудағы қандай қиындықтары бар? Неге қиналады? Нені түсінбейді? Қалай жаттау керек? Неге жаттау, неге жай есте сақтауға болмасқа? Осы мәселелерді жобамда қарастырамын.
Мақсаты: Көбейту кестесінің мәнің ашу. Көбейту – бірдей қосылғыштарды үйренудегі оңай амал-тәсілдерді көрсету.
Міндеттері:
- Көбейту кестесін ойындар арқылы жаттап, үйрену.
- Көбейту кестесін есте сақтаудың әдіс-тәсілдерін көрсету.
- Көбейту кестесін жаттауды жеңілдету.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Ұсынылып отырған жоба оқушының танымдық қабілетін арттырып, білім сапасын көтеру, математика пәніне қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Зерттеу бөлімі
Ең алдымен көбейту кестесін қалай айту керектігіне тоқталайық. Өткен заманның оқушылары «1 жерде 1=1,1 жерде 2= 2» деп «жерде» деген сөзді қолданып жаттаса, қазіргі жаттаудың және айтудың ең дұрыс және түсінікті жолы мынадай:
1х1-ім=1, 1х2-ім =2, 9х3-ім=21 тсс. Осындағы «-ім» қосымшасы жаттауды, айтуды оңайлатады, тездетеді және түсінікті. Мысалы: 9х3-ім=21, яғни 3 саны 9 реттен өз-өзіне қосылған, 3+3+3+3+3+3+3+3+3=21, мұндағы «-ім» қосымшасы 3 санының неше есе қолданылуы керектігін нақтылайды.
...