Жаңартылған білім берудің маңыздылығы
Автор: Zhansaya2203 • Сентябрь 26, 2021 • Реферат • 444 Слов (2 Страниц) • 408 Просмотры
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдана білу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі – спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарының жүйесін талқылау барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты балдары бойынша өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериалды бағалау, кері байланыс тәсілі ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады.
«Математика» пәнін оқытудың мақсаттары: математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдану дағдыларын дамытуға ықпал ету; әр түрлі мәнмәтіндегі есептерді шығару үшін санды қатынастар мен кеңістіктік пішіндерді оқып білуге бөлісу; шынайы үдерістердің математикалық модельдерін құру және оларға талдау бере алу дағдыларын дамыту; логикалық және сыни тұрғыдан ойлау, шығармашылық қабілеттерді дамыту; коммуникативтік, әр түрлі дерек көздерінен ақпаратты іздеу және пайдалану дағдыларын дамыту; жеке жұмыс жасауға, сондай-ақ топпен жұмыс жасауға қажетті дербестік, жауапкершілік, бастамашылдық, табандылық және толеранттылық сияқты жеке тұлғалық қасиеттерді дамыту; қоғамның ілгерілеуі үшін математиканың маңыздылығын түсінуін қамтамасыз ету; математиканы оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану дағдыларын дамыту.
...