Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жалпы орта бiлiм беретiн мектептiн жоfарfы сыныптарында ыктималдык теориясымен статистика элементтерiн окыту әдiстемесiн әзiрлеу

Автор:   •  Апрель 6, 2023  •  Магистерская работа  •  4,993 Слов (20 Страниц)  •  170 Просмотры

Страница 1 из 20

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің

7М01547-Математика мамандығының ІІ курс магистранты ЕЛЕУСІЗ АЙКЕН АСАНҚЫЗЫНЫҢ зерттеу практикасы ІІ

ЕСЕБІ

Мен, Казакбаева Гульжазира Камардиновна, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жаратылыстану факультеті, Математика кафедрасының  7М01547-Математика (М010-математика педагогтарын дайындау) мамандығының 2-курс магистранты  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  23.01.2023ж. №СБ-309 бұйрық бойынша 20.02.2023-25.03.2023 ж.  аралығында аталған университеттің Жаратылыстану факультеті, Математика кафедрасында  зерттеу практикасынан өттім. Зерттеу практикасы кезінде ф.-м.ғ.к., доцент Назарова Кулзина апай жетекшілік жасады. Практиканың алғашқы күндері зерттеу практикасының бағдарламасымен танысып шықтым. Практиканың  басталуына байланысты өзім жасау керек міндеттемелерімді жоспарлап алдым. Зерттеу практикасы барысында Назарова Кулзина апайдың жетекшілігімен ғылыми зерттеу жұмысымның мақсат-міндеттері, ғылыми жаңалығы, зерттеу тақырыбымның көкейкестілігі, зерттеу әдістері, жалпы зерттеу жұмысының материалдары толық дерлік айқындалды.

Диссертация тақырыбы: ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ЖОҒАРҒЫ СЫНЫПТАРЫНДА ЫҚТИМАЛДЫҚ ТЕОРИЯСЫМЕН СТАТИСТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ӘЗІРЛЕУ.

Осы тақырып бойынша соңғы жылдарда жазылған әдебиеттерге шолу жасадым және зерттеу жүргізуге қажетті әдістерді талдадым.

Математикалық статистиканы білу өте маңызды, өйткені бұл деректерді жинаудың дұрыс әдістерін талдауға, сондай-ақ дұрыс талдау әдісін қолдануға көмектеседі, статистика нәтижелерді тиімді көрсетуге де көмектеседі. Математиканың бұл саласы өте маңызды, өйткені ол ғылымдағы жаңалықтардың қалай жасалатынына немесе қол жетімді және жиналған мәліметтер негізінде шешім қабылдауға және әртүрлі болжамдар жасауға жауап беретін процестерді қамтиды. Ықтималдық математиканың бөлігі болып табылатын және негізінен қолданбалы математикада, сондай-ақ математикалық модельдеуде қолданылатын маңызды құрал деп айтылады.

Тақырыптың өзектілігі.   Жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сыныптарында өтілетін ықтималдық теориясы мен статистика элементтерінің жаңа оқыту әдістемесін әзірлеу –   математика мұғалімдері үшін маңызды   болып табылады, өйткені оны үйрену кезінде білім алушылардың математикалық ойлауы және болашақ кәсіби іс-әрекетінде білімге, шығармашылыққа деген құштарлығы қалыптасады.

Ықтималдық теориясымен статистика элементтеріне қатысты есептерді шешу жолдары  зерттеушілерді ерекше қызықтырады, себебі:

1. Ықтималдықтар теориясы  мектепте жоғары сыныптарда да  оқытылады.

2. Ықтималдық теориясымен статистика элементтеріне қатысты есептерді шешу жолдарын оқу әрі қарай ғылыми зерттеулерде өнімді қолданбалы бағытқа ие.

3. Ықтималдық теориясымен статистика элементтеріне қатысты есептерді шешу жолдарын  мықты білу жоғары көрсеткішке  жетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде білікті мамандар ғылым негіздерін меңгеріп қана қоймай, алған білімін іс жүзінде қолдана білуі, білімді кез келген деңгейде – жалпы білім беретін мектептерден бастап математиканы тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектептерге дейінгі білім алушыларға педагогикалық сауатты жеткізе білуі керек.

Мектепте және педагогикалық университетте математикалық талдау элементтеріне қатысты олимпиадалық және стандартты емес есептерді шешу жолдарын  оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру әлі де өзекті екенін айта кеткен жөн. Оқушылардың, кей жағдайда ұстаздардың өздері де математикалық анализ элементтеріне байланысты стандартты емес және олимпиадалық есептерді шешуде қиналады.   Осыған байланысты мектепте және педагогикалық университетте математикалық талдау курсын оқытудың әдістемелік тәсілдерін және математикалық талдау элементтеріне қатысты олимпиадалық және стандартты емес есептерді шешу жолдарын  қайта қарау қажеттілігі туындады, бұл осы зерттеудің проблемасы мен оның өзектілігін анықтады.

...

Скачать:   txt (80 Kb)   pdf (539.1 Kb)   docx (413.5 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club