Электр өрісі – электрстатикалық өріс. Кулон заңы
Автор: Мадина Хасенова • Январь 21, 2025 • Лекция • 386 Слов (2 Страниц) • 168 Просмотры
№1. Кіріспе. Электр өрісі – электрстатикалық өріс. Кулон заңы
Сұрақтар:
- Кіріспе
- Электр өрісі – электрстатикалық өріс
- Кулон заңы
Пайдаланылған әдебиет:
- А.Медетбекова, А.Салькова, А.Ананьев, Е.Мағазов «Электротехниканың теориялық негіздері», 4-6 бет
- Кіріспе
Энергетика - энергияньң барлық турлерін жене энергетикалық ресурстарды өндіру, өңдеу, сақтау, тарату және пайдалану.
Электрлендіру деп электрлiк энергиянын барлық салаларда, ауыл шаруашылығында, транспортта, т.б. кеңінен колданылуын айтады.
Электрлендіру еңбек гигиенасының және пәтер- үйдің жақсаруы, адамның өмір сүруі мен еңбек ету деңгейінің артуы сияқты әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ең көп дәрежеде ықпал етеді.
Электрлік энергияның құнды касиеттері де баршылық: ол салыстырмалы түрде қарапайым және тиімді жолдармен энергияның басқа түрлерін (механикалық, жылу, атомдық, химиялық, т.б.) турлендіру арқылы алынады, алыс қашықтықтарға аз ғана шығынмен беріледі, карапайым бөлшектенеді жене қажетті энергия туріне айнала алады. Демек, электр энергиясы ең әмбебап энергия түрi болып табылады.
2. Электр өрісі – электрстатикалық өріс
Материяның түрi ретiнде электрмагниттiк өрiс зарядталган бөлшектерге, дәрежесi бөлшектердiң қозғалыс жылдамдығына және олардың электр зарядына байланысты күштік әсер көрсетумен сипатталады.
Электрмагниттiк өрiс бутiндей немесе электр не магнит өрiсi турiнде байқалады.
Электр тогы жоқ болған кездегi қозғалмайтын зарядталған денелердiң электр өрiсiн электрстатикалық өрiс деп атайды.
Кернеулiк электр өрiсiнiң куштiк сипаттамасы болып табылады. Кернеулiктiң шамасы электр өрісінің қарқындылығын бағалап, электр өрiсi тарапынан зарядталан бөлшекке әсер ететiн күштi аньқтайды. Электр өрiсiнiң кернеулiгi уақыт өтуiне қарай өзгермейдi.
3. Кулон заңы
Кулон күшінің бағыты: Екі зарядтың таңбалары әртүрлі болса, зарядтар бір-біріне тартылады. Зарядтардың таңбалары бірдей болса, зарядтар бір-бірінен итеріледі (1-сурет).[pic 1]
Вакуумде ораналасқан екi нүктелiк дененiң әрқайсысына олардың ортақ электр өрiсi әсер ететiн күштiц шамасы осы денелердiң зарядтарының көбейтiндiсiне тура пропорционал және олардың арасындағы қашықтыққа кері пропорционал болады.
Екі зарядтың өзара әсерлесу күші Кулон заңымен есептелінеді.
[pic 2]
мұндағы – электр өрісіне әсер ететін күш, Н, (Ньютон)[pic 3]
мен – денелердің зарядтары, Кл (Кулон)[pic 4][pic 5]
r – олардың центрлерінің арасындағы қашықтық,м (метр)
— ортаның абсолют диэлектрлік өтімділігі[pic 6]
...