Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау
Автор: dtony • Сентябрь 17, 2018 • Дипломная работа • 7,781 Слов (32 Страниц) • 1,302 Просмотры
Нархоз университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Экономика» кафедрасының
меңгерушісі, э.ғ.д., профессор
__________________Сейтказиева А.М.
«__» _________2017 ж., №___хаттама
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
тақырыбы «Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау»
«5В050600-Экономика» мамандығы бойынша
Орындағандар:
«5В050600-Экономика»
мамандығының
IV курс студенттері _________________ Н.Б. Мұқаранова
Студенттің қолы
_________________ Ә.Ө. Бекежан
Студенттің қолы
_________________ Д.Е. Бердимуратова
Студенттің қолы
Ғылыми жетекші:
э.ғ.к., доцент __________________ Г.Е. Жунисбекова
Жетекшінің қолы
Алматы, 2018
ҚЫСҚАША ТҮЙІНДЕМЕ
«Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау» тақырыбындағы дипломдық жобада кәсіпорын қызметінің тиімділігін көтерудің теориялық негіздері, зерттеу нысаны «Нұрасыл-строй» ЖШС даму тарихы, қызмет ету сипаттамасы, шығаратын өнім түрлері қарастырылған. Сонымен қатар кәсіпорынның қызметінің тиімділігін көтеру жолдары бойынша ұсыныстар әзірленген.
Талдау нәтижелері бойынша «Нұрасыл-строй » ЖШС экономикалық қызметі тиімді екенін байқауға болады, себебі кәсіпорын шығаратын құрылыс материалдарына сұраныс көп, табысты кәсіпорындардың қатарына жатады, өндірістік қызметінің пайда көрсеткіштерінің деңгейі жоғары. Дипломдық жоба авторлары кәсіпорынға қызметінің тиімділігін көтеру жолдары ұсынылған және оның экономикалық тиімділігі анықталған.
МАЗМҰНЫ | ||
КІРІСПЕ | 4 | |
1 | КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ | 6 |
1.1 | Кәсіпорын қызметінің тиімділігі түсінігі және оған әсер ететін факторлар | 6 |
1.2 | Кәсіпорынның қызмет ету тиімділігін бағалау әдістемесі | 12 |
2 | «НҰРАСЫЛ-СТРОЙ» ЖШС ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІ МЕН ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ | 15 |
2.1 | Кәсіпорынның даму тарихы және өндірістік қызметін талдау | 15 |
2.2 | «Нұрасыл-строй» ЖШС экономикалық тиімділігін талдау | 17 |
3 | «НҰРАСЫЛ-СТРОЙ» ЖШС ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ | 26 |
ҚОРЫТЫНДЫ | 30 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ | 32 | |
ҚОСЫМШАЛАР | 33 | |
КІРІСПЕ
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында келтірілгендей, қазіргі таңда әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, әлеуметтік-экономикалық және технологиялық салалардағы белсенді өзгерістерге қарқынды дамып келе жатыр. Қазақстан да жаһандық өзгерістерден тыс қалмауы тиіс, және әлемдік нарықтағы қатерлерге де дайын болуы тиіс[1]. ҚР алдағы уақытта дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатын қойып, оны жүзеге асыруда бірнеше қадамдар жасап жатқаны белгілі. Бұл озық инновациялық технологияларды енгізу, еліміздің бәсекелік қабілеттілігін көтеру, экономикалық өсім мен даму арқылы қол жеткізлетіні белгілі. Сондай-ақ импортты алмастыру, экспортқа бағытталған отандық өңдеуші саланы дамыту, ғылыми сыйымды технологияларды қолдану арқылы отандық өнім өндірушілерді қолдау арқылы іске асады. Осы құралдар арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізуге болады.
...