Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Mycobacterium tuberculosis синтетикалық антигендерінің интерферон гамма (IFN-γ) түзілуін ынталандыру тиімділігін бағалау

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Реферат  •  771 Слов (4 Страниц)  •  295 Просмотры

Страница 1 из 4

[pic 1]

«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»

Жалпы иммунология кафедрасы

Ғылыми жоба

Басылымы: 1

 бетттің беті

Жалпы иммунология кафедрасы

      Модуль «Ғылыми зерттеулерге кіріспе»

Пән «Ғылыми жобалар»

Ғылыми жоба

Mycobacterium tuberculosis синтетикалық антигендерінің интерферон гамма (IFN-γ) түзілуін ынталандыру тиімділігін бағалау

Орындаған: Ерболат Дана ЖМ15-001-01

Қабылдаған: Б.Б. Бижигитова

Алматы 2021

I. Зерттеу атауы:  Mycobacterium tuberculosis синтетикалық антигендерінің интерферон гамма (IFN-γ) түзілуін ынталандыру тиімділігін бағалау

  1. Зерттеу мақсаты

Mycobacterium tuberculosis синтетикалық антигендерінің IFN-γ түзілуін ынталандыру тиімділігін бағалау.

  1. Өзектілігі

        Туберкулез ежелден белгілі аурулар қатарына жатады, бірақ осы аурумен күресу бойынша жүргізіліп жатқан жан-жақты жұмыстарға қарамастан, әлемде індет өте шиеленісті болып отыр. 2017 жылы туберкулезбен бірінші рет ауырғандар саны шамамен 10 миллионға жетті [1]. Бұл жағдай туберкулез инфекциясының адамдар арасында кең таралған жұқпа және денсаулыққа қауіпті мәселелердің бірі екендігін көрсетеді.

        Туберкулезді жұқтыру қатері иммунды тапшылық немесе созылмалы аурулары бар адамдарда жоғары болады. Иммунды тапшылық белгілері бар науқастарда туберкулез процессін дер кезінде анықтау бірқатар объективтік қиындықтар туғызады. Себебі, мұндай патологиялары бар адамдар ауруды жұқтарған кезде, кеңінен қолданылатын Манту сынамасың нәтижесі жалған теріс болуы мүмкін. Бірақ, Манту сынамасындағы туберкулинге теріс немесе күмәнді реакция туберкулез микобактериясын жұқтыру мүмкіндігін ғана емес, сондай-ақ аурудың белсенді түрде екендігін айқындай алмайды. Мәселен, АИВ-жұқтырған пациенттердің өліміне әкелетін негізгі инфекциялық себептің бірі – туберкулез [2]. Бұның дәлелі ретінде АИВ-жұқтырған ересек адамдар мен балалардан алынған аутопсиялық материалдардың нәтижелері бола алады [3]. Осы ауру кезінде туберкулез қарқынды дамиды, ал скринг-тесттердің сезімталдығының төмен болуы салдарынан туберкулезді уақытында анықтау мүмкін емес. Сол себептен Манту сынамасы иммунды тапшылығы бар адамдарда туберкулезді анықтау мақсатында қолданбайды.

        Сонымен қатар, ауру жасырын түрде өтуі мүмкін, яғни симптомсыз және клиникасы айқын емес. Туберкулез жұқпасының мұндай жасырын түрі жылдарға созылуы мүмкін.

        Аурудың алдын алу, дәл, әрі жылдам мезгілде дұрыс диагноз қою және тиімді емдеу жұқпаның таратылуы мен туберкулезден өлімді төмендетеді [4]. Сондықтан ерте диагностика мен жедел емдеу туберкулезбен күрестің негізін құрайды [5].

        Туберкулездің диагносткасы күрделі және әдетте бірнеше әдістерге негізделген. Олар: кеуде қуысының рентгенографиясы, қақырықтың микроскопиясы, бактериологиялық әдіс, молекулярлы-генетикалық зерттеу, Манту сынамасы және IFN-γ түзілуін анықтауға негізделген [6]. Алайда, олардың әрқайсысының қиындықтары мен шектеулері бар, сондай-ақ Mycobacterium tuberculosis-ті қақырықта анықтау мүмкін еместігімен байланысты, атап айтқанда, туберкулездің жасырын түрінде [5]. Сондықтан, туберкулездің диагностикасы үшін қолданатын арнайы әрі тиімді, жылдам әрі қарапайым әдісті іздестіру бүкіл әлем үшін медицинадағы маңызды мақсаттардың бірі болып саналады.

...

Скачать:   txt (10.5 Kb)   pdf (218.5 Kb)   docx (763.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club