Windows ОЖ-нің командалық қабықшасында файлдармен жұмыс
Автор: ertty • Июнь 12, 2023 • Лабораторная работа • 925 Слов (4 Страниц) • 157 Просмотры
№2 зертханалық жұмыс
Windows ОЖ-нің командалық қабықшасында файлдармен жұмыс
Windows ОЖ-нің командалық қабықшасында файлдармен, дискілермен, томдармен жұмыс істеу кезінде қолданылатын негізгі командалар мен қызметтік утилиттерге мыналар жатады:Assoc, Attrib, Cacls, Cd, Chdir, Chkdsk, Chkntfs, Comp, Compact, Convert, Copy, Date, Del, Dir, Diskcomp, Diskcopy, Erase, Fc, Find, Findstr, Format, Label, Md, Mkdir, Move, Print, Rd, Rocover, Ren, Rename, Replace, Rmdir, Suubst, Tree, Type, Vol, Xcopy және басқалары.
Қосымша ақпаратты Windows 7 ОЖ-нің анықтама бөлімінен Пуск – Справка и поддрежка командасын орындау арқылы ала аласыздар.
Windows ОЖ ортасында зертханалық жұмысты орындамас бұрін келесі команданы орындаңыз:
- Windows 7ОЖ- сін жүктеп (Пуск\Справка и поддержка) омандасы арқылы анықтамалық менюді іске қосыңыз;
- Cmd.exe командалық интерптераторының сипатталуы мен синтаксисімен танысыңыз.
- Жоғарыда келтірілген командалар мен қызметтік утилиттерді енгізу мен сипаттауымен танысыңыз.
1.3. зертханалық жұмысты орындау реті
№1 тапсырма.
Windows ОЖ файлдарымен жұмыс істеу арқылы негізгі командалар мен қызметтік утилиттерді меңгеру.
Орындалу реті:
І. Командалық қабықшаны жүктеңіз
- Пуск –все программы – стандартные –командная строка жолын таңдаңыз;
- Пайда болған терезеде Cmd.exe (немесе Cmd) деп жазыңыз;
- Енгізу үшін Enter-ді басыңыз.
ІІ. Көрсетілген орыннан бір бағыт бойынша бір немесе бірнеше файлдарды көшіру командалық қабықша ортасында Copy командасының көмегіме жүзеге асады. Егер бірнеше файлды көшіру қажет болса онда жұлдызша (*) мен (?) сұрақ белгісі қолданылады.
Copy командасының синтаксисі:
Copy [d][/v][/n] [{/y|/-y}] [/z] [{/a|/b}] көшірілетін орны [{/a|/b}]
[+орны [{/a|/b}] [+…}] қойылатын орны [{/a|/b}]]
Мұндағы параметр:
/d – шифрленген файлды жасау мүмкіндігін береді;
/v – файлдардың көшірмесімен салыстыру арқылы көшірудің дұрыстығын тексереді;
/n – кқшірілетін файлдың қысқаша атын қолданады;
/y – сұраныстың шығуын болдырмайды;
/-y – сұранысты шығарады;
/z – желідегі файлдарды көшіреді;
/a – ASCLL форматындағы мәтінді нұсқайды
/b – файлдың бинарды екендігін нұсқайды.
Қойылатын орны – көшірілетін файлдың орнын көрсетеді. Файлдың орны орналасқан дискі атуынан кейін (:) қойылып, бума аты, одан кейін файлдың толық аты көрсетілу арқылы жазылады. Қосу (+) символы орындарды біріктіреді.
№2 Тапсырма.
Нақты мысалдар арқылы Copy көшіру командасын қолданудың негізгі командаларын зерттеу.
- Блакнот бағдарламасын ашып, аты-жөніңізді жазып, файлды өз атыңызбен сақтаңыз. Енді сол файлдың көшірмесін жасап b:\Temp\ жолына орналастырыңыз.
Тапсырманың орындалу кезеңінде қолданылатын нұсқаулықтар:
Командалық қабықшаға сәйкес команданы теріңізде Enter пернесін басыңыз.
ІІІ. Алдыңғы команданы толықтырушы Хcopy командасы тек бір файлды емес, файлдар тобын, буманы да көшіре алады.
Хcopy командасының синтаксисі:
Хcopy орналасқан орны [нәтиже] [/w] [/p] [/c] [/c] [/v] [/q][/f][/l][/g][/d] [:ммдд – гггг]] [/u][/i][/s][/e][/t][/k][/r][/h][{/a|/m}][/n][/o][/x]
[/exclude: файл/[+[ файл2]][+[ файл3]] [{/y|/-y}][/z].
Мұндағы параметр:
Орналасқан орны көшірілетін файл орны
Нәтиже көшірілген файл немесе файлдардың орналасатын орны. Нәтиже көрсетілмесе файл немес файлдар сол дискінің өзіне көшіріледі.
/w –орныдай беруге рұқсат сұрайтын келесі хабарламаны шығарады: «Көшіруді бастау үшін кез-келген батырманы басыңыз» («Нажмите любую клавишу, чтобы начать копирование файлов»).
/p – нәтиже файлын жасауға келісім беруіңізді сұрайды.
/c - көшір кезінде кездесетін қателіктерді жояды.
/v – әрбір көшірілген файлды оның тұпнұсқасымен салыстырады.
/q – экранға көшірілген файл аты мен командаларды шығарады
/f – экранға көшірілетін файлдар мен нәтиже файлдарың атын шығарады.
/l – көшірілген файлдар тізімін береді.
/g – шифрленген файлдарды көшіреді.
/u – орналасқан орны көрсетілген файлдарды ғана емес, орналасатын орындағы файлдарды да көшіреді.
/d [:ммдд – гггг]] – осы күні көрсетілген күнге дейінгі файлдарды көрсетеді.
...