Телекоммуникациялық жүйелерді модельдеу әдістерін игеру болып табылады
Автор: Zhansaya Zejnullina • Апрель 4, 2024 • Курсовая работа • 1,353 Слов (6 Страниц) • 96 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................3
1-тапсырма........................................................................................................4
2-тапсырма........................................................................................................5
3-тапсырма........................................................................................................7
4-тапсырма........................................................................................................9
5-тапсырма......................................................................................................12
6-тапсырма......................................................................................................13
Қорытынды.....................................................................................................15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................16
Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты телекоммуникациялық жүйелерді модельдеу әдістерін игеру болып табылады.
Телекоммуникациялық жүйелерді аналитикалық модельдеуде жаппай қызмет көрсету жүйелерінің (ЖҚЖ) теориясы қолданылады. Модельдеу нәтижесінде телекоммуникациялық жүйеге келіп түсетін шақыруларға қызмет көрсетудің сапасының көрсеткіштері бағаланады, оларға әсер ететін факторлар зерттеледі.
Имитациялық модельдеу кезінде компьютерде жобаланатын жүйенің жұмысы имитацияланады. Бұл жерде имитациялық модель компьютерге арналған бағдарлама түрінде іске асырылады. Компьютерде жүргізілетін тәжірибелер нәтижесінде статистика жиналады, өнделеді және керекті ақпарат шығарылады.
Курстық жұмыстың алға қойған мәселесі – ол студенттердің телекоммуникация жүйелерін имитациялық модельдеу әдістерін игеруі және GPSS World тәрізді арнайы имитациялық модельдеу жүйелерімен жұмыс істеуге дағдылынауы.
1 – Тапсырма. Бірарналы ЖҚЖ модельдеу.
Бірарналы ЖҚЖ-ны модельдеу бөлімшесіне ағымдық жөндеуді қажет ететін, істен шыққан байланыс құрылғылары келіп түседі. Келіп түсу уақытының аралығы А±В сағат аралығында бір қалыпты үлестірілген. Жөндеу уақыты да M±N сағат аралығында бірқалыпты үлестірілген. Жөндеу түсу реті бойынша жүргізіледі. GPSS World бағдарламасында жөндеу бөлімшесінің K тәулік ішіндегі жұмысының моделін құру керек.
Нұсқа № | A,B | M,N | K |
22 | 8,6 | 6,4 | 1 |
GENERATE 8,6
QUEUE kezek
SEIZE 1
DEPART kezek
ADVANCE 6,4
RELEASE 1
TERMINATE 0
GENERATE 24
TERMINATE 1
START 1
[pic 1]
- сурет – Нұсқа бойынша бағдарлама моделінің терезесі
Модельдеу нәтижесінде келесі көрсеткіштерді анықтау:
а) арнаны пайдалану коэффициенті – 0,400;
ә) байланыс құрылғысының орташа жөндеуде болу уақыты - 4,803сағ.;
б) жөндеуге келіп түскен байланыс құрылғыларының саны- 2;
в) кезекте күткен байланыс құрылғыларының ең көп мәні – 1;
г) кезекте күткен байланыс құрылғыларының орташа саны - 0,000;
ғ) орташа кезекте күту уақыты - 0,000сағ..
Тапсырма 2. Қарапайым ағынмен жұмыс істейтін бірарналы ЖҚЖ-ны модельдеу.
Бірарналық ЖҚЖ-ны бір телефондық жол ретінде қарастырайық. Қызмет көрсету жүйесінің кірісіне екпінділігі λ болатын тапсырыстардың (шақырулардың) қарапайым ағыны келіп түседі. Қызмет көрсету уақыты параметрі μ – ге тең көрсеткіштік заңмен үлестірілген. GPSS ортасында күтумен жұмыс істейтін бірарналы ЖҚЖ моделін құру керек.
Құрылған модель көмегімен келесілерді орындау қажет:
а) арнаны пайдалану коэффициенті мен λ келген ағынның екпінділігі арасында тәуелділік орнату, сонымен қатар, 10 тәжірибе үшін λ шамасын 0,01 қадаммен өзгерте отырып, тәуелділігінің графигін тұрғызу;[pic 2][pic 3]
...