Кеңістіктегі екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуы
Автор: gulmiratoigulova • Ноябрь 16, 2021 • Реферат • 1,496 Слов (6 Страниц) • 733 Просмотры
Пән мұғалімі: Т.Эшметов
Пәні: Геометрия
Сыныбы: 9-Б
Сабақ мерзімі: 14.04.2014 Сабақтың тақырыбы: Кеңістіктегі екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуы.
Сабақтың мақсаты: Кеңістіктегі түзулер және жазықтықтардың өзара орналасуын және олардың параллелдік шарттарын білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Елші» әдісі, сұрақтар қою, диалогтық оқыту, сәйкестендіру тесті.
Оқып үйренудің нәтижесі: Топта жұмыс істеуді,түзулер және жазықтықтардың өзара орналасуын, олардың параллелдік шарттарын біледі, түсінеді, қолданады, талдайды, жинақтайды, бағалайды.
Уақы- ты. |
Мұғалімнің іс-әрекеті. |
Оқушының іс-әрекеті. | Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер. | Ресурстар. |
3 | Сәлемдесу, топқа бөлу,бағалау кестесін түсіндіру,сабақтың тақырыбын айту. | Сәлемдеседі, топқа бөлінеді, бағалау кестесін түсінеді, тақырыпты жазады. | Интерактив тақта. | |
2 | Үй жұмысын тексеру. | Шығарылған есепті интерактив тақта арқылы тексереді. | Интерактив тақта. | |
15 | Жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында әр топқа тақырыпты бөліп беру. | Жаңа тақырыпты оқып үйренеді, топпен жұмыс істейді. | «Елші» әдісі. | Оқулық, қол-дан жасалған жазықтықтар, түзулер. |
6 | Сұрақтар қояды. | Берілген сұрақтарға жауап береді. | Сұрақ қою. | Интерактив тақта. |
8 | Оқушылардың алған білімдерін пысықтау мақсатында есептер береді. | 1-топ 652 есеп 2-топ 653 есеп 3-топ 654 есеп 4-топ 655 есепті шығарады, тақтаға жазады. | Оқулық, дәп-тер, тақта, интерактив тақта. | |
7 | Сәйкестендіру тестін береді | Тесттің жауаптарын табады, тексереді,өзін-өзі бағалайды. | Сәйкестендіру тесті | Интерактив тақта |
2 | Оқушылардың алған білімдерін жиынтық бағалау. | Топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды. | ОҮБжәнеОБ. | Бағалау картасы. |
1 | Үйге тапсырма:№656есеп және келесі тақырыпты оқып келу. | Үйге тапсырманы күнделікке жазады | Интерактив тақта | |
1 | Бүгінгі сабаққа рефлексия. | Рефлексия жазып, «тірі тақта» ға іліп кетеді. | Кері байланыс. | Алма ағашы салынған плакат, Стикерлер. |
Пән мұғалімі: Т.Эшметов
Пәні: Геометрия
Сыныбы: 9-Б
Сабақ мерзімі: 16.04.2014ж
Сабақтың тақырыбы: Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш. Түзулердің, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы.
Сабақтың мақсаты: Кеңістіктегі түзулер және жазықтықтардың арасындағы бұрыштарды және олардың перпендикулярлық шарттарын білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.
...