Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Информатика

Автор:   •  Сентябрь 16, 2021  •  Практическая работа  •  916 Слов (4 Страниц)  •  215 Просмотры

Страница 1 из 4

[pic 1]

«№ 51 Гимназия»

Математика-Информатика мамандығының 2 курс

Студенттерінің практикасы

Информатика пәнінен сыныптан тыс іс-шара

«ҮЗДІК ИНФОРМАТИКТЕР»

5Д сынып оқушыларына арналған ойын

[pic 2]

Дайындаған: Студент практиканттар

Қаңтар, 2021 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Информатика»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.

Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, информатика пәні туралы білімін толықтыру.

Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс

Жабдықталуы: Тапсырмалар, викториналық сұрақтар.

Көрнекілігі: Слайд презентация.

Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру.

1. Сайыс жоспарын таныстыру.

Жарыс кезеңдері:

І. “Білімді мыңды жығады...” (Әр топқа 8 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі).

ІІ. “Өзге тілдің бәрін біл...” (Сиқырлы ұяшық түрінде өтеді, 6 ұяшық болады. Әр ұяшықта сұрақ болады. Сол сұрақтың жауабын тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан топқа 3 ұпай, ал екі тілде айтса 2 ұпай, бір тілде айтса 1 ұпай).

ІІІ. “Тапқыр болсаң тауып көр...” (Белгілі бір сұрақтар қойылады. Және бұл кезең жылдамдыққа байланысты, дұрыс жауабын тапқанға 1 ұпай).

ІV. Әр оқушы өз ойын немесе алған әсерін ru.padlet.com онлайн тақта сайтында жазады.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «ҮЗДІК ИНФОРМАТИКТЕР» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Компьютер – сенің көмекшің

Қаламың, әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрін де –

Ақпараттық заманың! – дей келе «ҮЗДІК ИНФОРМАТИКТЕР» атты ойынымызға қатысушы оқушыларды көрейік.

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар,

   Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Білімді мыңды жығады...» деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл кезеңде оқушылар топқа бөлінеді. Топтарға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

I топ.

  1. Аты бар байттар тізбегі? (Файл)
  2. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)
  3. Информатиканың негізгі ұғымы (Ақпарат)
  4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)
  5. Дүниежүзілік желі? (интернет)
  6. Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе)
  7. Зиянкес программа? (вирус)
  8. Келесі жолға өту пернесі (enter)

II топ.

  1. Телефонды қай жылы ойлап тапты? (1876)
  2. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
  3. Телефонды ойлап тапқан адам (Александр Белл)
  4. Латынның “information”сөзі нені білдіреді? (ақпарат)
  5. Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек? (60-70см)
  6. Жақтаулармен   шектелген экрандағы тіктөртбұрышты аймақ? (терезе)
  7. Радионы алғаш ойлап тапқан км?(А.С.Попов)
  8. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне? (BackSpace)

Жүргізуші: Топтардың жауап бергендеріне байланысты ұпайларын береміз.

Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,

Информатиканы құрметтеу менің есімде.

Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,

3 ұпай, шәкіртім саған несібе, - дей келе

...

Скачать:   txt (12.9 Kb)   pdf (388.7 Kb)   docx (197.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club