Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инфографика сервистерiн сабакта пайдаланудын тиiмдiлiгi

Автор:   •  Декабрь 12, 2023  •  Реферат  •  957 Слов (4 Страниц)  •  101 Просмотры

Страница 1 из 4

ИНФОГРАФИКА СЕРВИСТЕРІН САБАҚТА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Аннотация

Мақалада жаңа дәуірге қолданысқа ие ақпараттық коммуникациялық технологияларды информатика пәнінде қолдану, білім алушыны пәнге мотивациялау, информатика пәнін оқытуда Nearpod платформасында және Genially – интерактивті жұмыс парақтарымен қосымшаларын пайдалану маңызы мен жолдары туралы айтылған.

Түйінді сөздер: цифрлық технология, ақпараттандыру ғасыры, ақпараттық коммуникациялық технологиялар, Nearpod платформасында және Genially– интерактивті жұмыс парақтары.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» тақырыбындағы жолдауында «Цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы»-деп, халқымызды біріктіретін ұлттық құндылықтарды барынша дəріптеп, ой-санаға берік орнықтыруымыз ата-бабаларымыздың сан ғасырлық мұрасының қазіргі заманауи цифрлық өркениет жағдайында сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету жəне төл тарихын білетін, бағалайтын, мақтан ететін халықтың болашағы зор екендігін нақты тұжырымдады.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп   аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

 «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

        Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдіс қарқыны білім беру жүйесінің алдына оқыту технологиясын жетілдіру міндеттерін қойып отыр. Тәуелсіз елдің болашағы білім беру жүйесіне байланысты. Осыған байланысты педагог мамандар оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін зерттеп, тәжірибе жүзінде сынап келеді. Бірнеше оқыту әдістерін салыстыра қарастыру арқылы әр оқытушы оқытудың жаңа технологияларын таңдап, ой елегінен өткізіп, өздерінің сабақтарында қолданады [1].

Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзінен шыққан.

Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым–қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактивтi әдiстiң мақсаты – тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту.

Ресурстар – оқу кабинеті, интернет,  мультимедиялық проектор, электронды оқулықтар.

Оқу парадигмасы өзгеріп отырады, ал оқытушының құралдары оған сәйкес болуы тиіс. Қазіргі заманғы білім берудің мынадай ерекшеліктерін ажыратуға болады:

  • Білім алушылардың санының өсуі және соның салдарынан кейбір дәстүрлі іс-шараларды, сынақ жұмыстарын жүргізудің, олардың шағын топтарға есептелуіне байланысты бақылаудың мүмкін еместігі.
  • Ақпараттың көлемін және ең бастысы оның қолжетімділігін арттыру. Сабақтар бірден-бір білім көзі болуын тоқтатады, сондықтан білім алушыларды тарту және оларды процеске тарту әлдеқайда қиын.
  • Күнделікті, жеке және еңбек өмірінде онлайн-платформаларды қолдану.

Оқытушы жұмысында келесі қызметтер пайдалы болуы мүмкін: Yandex.Disk, Google.Disk, Mentimeter, Trello, Kahoot!, Quizizz және т.б. - олардың әрқайсысы бір немесе бірнеше бірегей функцияларды қамтамасыз етеді, бірақ сабақ үшін коммутацияға уақытты босқа шығармау үшін құралдардың ең көп саны бар бір платформа болғаны жөн. Nearpod - осындай нұсқалардың бірі.

...

Скачать:   txt (15.5 Kb)   pdf (430.5 Kb)   docx (479.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club