Акпараттык технологияны сабакта колданудын тиiмдiлiгi
Автор: Akerke2802 • Сентябрь 17, 2021 • Реферат • 2,221 Слов (9 Страниц) • 323 Просмотры
Акерке Сыдыкова
5В Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.м, преподаватель А.М. Жандильдинова
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамыту жолында ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Сол себепті білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.
Тақырыптың өзектілігі:
Оқушылардың білім деңгейін сабақта жаңа технологияларды қолдану арқылы арттыру.
Жұмыстың мақсаты:
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Жұмыстың міндеті:
Оқушылардың қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеру. Оқытудың жаңа технологияларын айқындайтын әдістемелік басылымдармен танысу. Және жаңа технологияларды сабақ оқыта тиімді қолдана білу қажет.
XXI ғасырда адамдардың мәлімет алмасуына ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Жалпы осы компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен техникалық құралдар жиынын ақпараттық технология деп атаймыз.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:
а) телекоммуникациялық технологиялар;
ә) электронды оқулықтар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (интернет).
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда [1,67].
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• аз уақытта ішінде көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• өз бетімен жұмыс жасау;
• оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы зор;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену.
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.
...