Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жазыкпараллель орналастыру әдісі

Автор:   •  Ноябрь 12, 2021  •  Лекция  •  624 Слов (3 Страниц)  •  383 Просмотры

Страница 1 из 3

№7 Дәріс

ЖАЗЫҚПАРАЛЛЕЛЬ ОРНАЛАСТЫРУ ӘДІСІ

Проекцияланушы объектпен проекциялар жазықтықтарының өзара орналасуы жазық параллель орын ауыстыру әдісі арқылы жүзеге асыратын болсақ онда объектінің нүктелерінің қозғалас траекториялары параллель жазықтықтарда болуы қажет (4.3. -  сурет). Геометриялық объект проекциялар жазықтықтарына қарағанда параллель ауыстыру кезінде, фигура проекциясы өзінің орналасу жағдайын өзгерткенімен, фигураның бастапқы жағдайдағысымен конгурентті проекция болып қала береді.

[pic 1]

[pic 2]

4.3. - Сурет. Жазық параллель орын ауыстыру әдісі арқылы кесіндінің шынайы өлшемін анықтау

Жазық параллель орналастырудың қасиеттері:

1. П1, жазықтығына параллель жазықтықта нүктелерді барлық орын ауыстыруларда, оның фронталь проекциясы х өсіне параллель түзу сызық бойымен орналасады.

2. П2 жазықтығына параллель жазықтықта нүктелерді кез-келген орын ауыстыруда, оның горизонталь проекциясы х өсіне параллель түзу бойында орналасады.

Осы параллель жазықтықтардың проекциялар жазықтықтарына және нүктелердің орын ауыстыру траекториясын анықтайтын қисық сызық түрінне қатысты, жазық параллель проекциялаушы әдісі келесі жеке жағдайларды қарастырады:

1. Проекциялар жазықтығына перпендикуляр өс бойынша айналдыру әдісі;

2. Проекциялар жазықтығына параллель өс бойынша айналдыру әдісі;

3. Проекциялар жазықтығында жататын өс бойынша айналдыру әдісі (жазықтық ізі айналасында айналдыру) – үйлестіру әдісі.

Осы әдістердің кейбірін қарастырайық.

ПРОЕКЦИЯЛАР ЖАЗЫҚТЫҒЫНА ПРЕПЕНДИКУЛЯР ӨС БОЙЫНША АЙНАЛДЫРУ ӘДІСІ

Нүктелерді орын ауыстыру траекториясы проекциялар жазықтығына параллель. Траектория – шеңбердің доғасы, центрі проекциялар жазықтығына перпендикуляр өсте орналасқан. АВ (4.4. - сурет) жалпы жағдайдағы түзу кесіндісінің шынайы өлшемін анықтау үшін, В1 нүктесі арқылы өтетін горизонталь жазықтығына перпендикуляр айналдыру өсін аламыз. Кесіндіні фронталь проекциялар жазықтығына параллель болатындай етіп бұрамыз (кесіндінің гоизонталь проекциясы x өсіне параллель). Осыған байланысты А1 нүктесі А1*, m2 нүктесіне орналасады, ал В  нүктесі өз күйін өзгертпейді. А2* нүктесі А нүктесі траекториясының фронталь проекцияларының қиылысында орналасқан (түзу сызық x өсіне параллель). В2 А2* алынған проекциясы кесіндінің өлшемін анықтайды.

[pic 3]

[pic 4]

4.4. - Сурет. Горизонталь проекциялар жазықтығына препендикуляр өс бойынша айналдыру әдісімен кесіндінің шынайы өлшемін анықтау

ПРОЕКЦИЯЛАР ЖАЗЫҚТЫҒЫНА ПАРАЛЛЕЛЬ ӨС БОЙЫНША

АЙНАЛДЫРУ ӘДІСІ

Бұл әдісті өзара қиылысушы түзулердің бұрышын анықтайтын мысалда қарастырайық (4.5. - сурет). К нүктесінде қиылысатын а мен в қиылысушы түзулерінің екі проекциясын қарастырамыз. Осы түзулердің арасындағы бұрыштың шынайы өлшемін анықтау үшін, түзулерді проекциялар жазықтығына параллель болатындай етіп түрлендіру қажет. Горизонталь деңгейлік түзу бойымен айналдыру әдісін қолданамыз. Кез-келген a және b түзулерін қиып өтетін Ох өсіне параллель h2 горизонталін фронталь проекциясына жүргіземіз.

...

Скачать:   txt (9.3 Kb)   pdf (277 Kb)   docx (130.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club